Ғазиза Жұбанова (1927–1993) — сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін (1949), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (1954), оның аспирантурасын (1957), профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген. 1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық етті; 1975 – 1987 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор),