20-01

САҢЛАҚ ҒАЛЫМ, ҚАДІРЛІ ТҰЛҒА (Естеліктер)

Бұл кітап қазақ әдебиеттану ғылымының іргелі саласының бірі фольклорды зерттеуші бірегей тұлға - Болатжан Абылқасымов туралы естеліктер жинағы. Ғылым мен мәдениет саласындағы белгілі ғалымдардан бастап шәкірттері мен ауылдастары, қарындасы мен бауырлары, жары мен жегжаттары, немерелері сағына еске алған естеліктер, мақала, өлеңдер топтастырылған.
Еңбек әйгілі әдебиет танушы ғалымның адамгершілік парасат-пайымын білгісі келетін, оның өмірі мен шығармашылық қырын тани түскісі келетін оқырманға арналады.

Болатжан ғалым еді

Болатжан Әбілқасымов – өткен ғасырдың 70-жылдары ғылымға келген әдебиеттанушылардың жаңа ұрпағының  көрнекті өкілдерінің бірі еді. Қазақ  мемлекеттік университетінің филология факультеті (1973) мен оның аспирантурасын (1977) бітірген ол екі жылдай (1977-1979) Мәскеуде Шығыстану институтында тәжірибеден өтті. Бұл оның орталық қаладағы әдебиет зерттеу тәжірибесімен танысуына, орысша тілін жетілдіруіне жол ашты. Біраз еңбектерін орысша жазып жариялауға да мүмкіндік алды. 1981 жылы қорғалған «Қазақтың толғау сөздері» атты кандидаттық диссертациясын ол осы тілде жазды. Оған бір жағы ғылыми жетекшілерінің бірі Мәскеу ғалымы И.В.Стеблева (екіншісі – қазақтардан М.Т.Дүйсенов болатын)  болғаны да әсер етті. Бұл еңбегі кейін «Жанр  толғау в казахской устной поэзии» (1984) деген атпен жеке кітап болып басылды.

Қазақ поэзиясының  көне жанрларының бірі – толғау ауызша шығарылған халық  әдебиетінде де, жыраулар поэзиясында да, жеке ақындық поэзия тұсында да, кейінгі әдебиет тарихында да кең қолданылған, мазмұнға бай, формалық ерекшеліктері де мол  жанр үлгісі болатын. Болатжан осы жанрдың даму жолы мен ерекшеліктерін қазақ әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет кең талдап көрсетті. Оның монографиясы да татымды бағаланды.

Болатжанның осыдан кейінгі өмірінің негізгі бөлігі Қазақстан Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтымен байланыста өтті. Онда ол еңбек жолын аға лаборанттықтан, кіші ғылыми  қызметкерліктен бастап, институттың ғылыми хатшысы, жетекші ғылыми қызметкері дәрежесіне дейін өсті. 1988 жылы мен осы институтқа директор болып келгенде, Болатжан ғылыми хатшы болып істеп жүр екен. Содан біраз уақыт бірге жұмыс істегеніміз бар. Ол жұмысын таза,  адал атқаратын, іскерлік қабілеті мен жауапкершілігі мол, елмен қарым-қатынастың сыпайы жолын жақсы білетін жігіт екен. Біз де онымен тез тіл табыстық. Ғылым саласында ол фольклортанушылар тобында жемісті еңбек етті. Бұрын көп  уақыт назардан тыс қалып келген қазақ фольклорының архаикалық жанрларын зерттеумен шұғылданды. Әсіресе көне наным-сеніммен байланысты ғұрыптық фольклорды ден қоя зерттеді. Көне фольклордың жанрлық ерекшеліктері, типологиясы, генезисі, қазақтың ауызша сақталған мұрасындағы олардың орны жайында біраз еңбектер жариялады.

1979 жылы жоғарғы мамандықтағы жас кадрларды тәрбиелеуге көңіл бөлініп, Академия жүйесінде докторантура ашылды. Өз өтінішімен біз Болатжанды докторантураға ауыстырдық. Осында ол бұрынғы жазғандарын жинақтап, өзі шұғылданып жүрген тақырыбын тереңдете зерттеп, аз уақыттың ішінде докторлық диссертация («Қазақтың  көне наным-сенімдерге қатысты ғұрыптық фольклоры» – 1992) қорғады. Монографиясы «Телқоңыр» деген атпен жарық  көрді.

90-жылдарда басталған бұрынғы қоғамдық жүйенің ыдырауы мен еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қайта құрылуы Қазақстандағы тіршілік ауырлығы жағдайында өткені белгілі. Қаржы тапшылығы барлық салада ұлғайды. Ғылыми зерттеу институттарында штат қысқарту, еңбек ақыны азайту шаралары жүрді. Осы кезде докторлық қорғап үлгерген Болатжан Академияның аз жалақысынан  кетіп, жоғарғы мектепке ауысуды қалады. Ол Қыздар педагогикалық институтына филология факультетінің деканы болып барды. Одан кейін Астанаға, Гумилев атындағы мемлекеттік  университетке профессор болып кетті. Осында үлкен абыроймен жемісті жұмыс істеп жүрген ол кенет науқасқа тап болып, өмірден озды (2009).

Болатжан  тек фольклортанушы есебінде ғана емес, жалпы әдебиет  тарихын, әдеби дерек көздерін жақсы білетін ғалым еді. Оның жинауымен Әсет  Найманбайұлының, Көкбай ақынның жинақтары, Қаракерей Қабанбай батыр туралы жырлар жарық көрді. Олардың өмірі мен шығармашылығы жайлы мақалалар жариялады.

Болатжан көп сөзі жоқ, үндемей, ылғи да жымиып күліп тұратын, тартымды, кішіпейіл жігіт еді. Менің аз  күн онымен бірге Алакөл жағасында дем алып, оның аулына, еліне барғаным бар еді. Оның туған  жері – Алакөлдің жағасы, бұрынғы Мақаншы ауданына қарасты «Жарбұлақ» атты совхоз болатын. Біз барған кезде бұрын 60 мыңдай қойы болған бай совхоз тарап, ауылдың  қайта құрылып жатқан кезі екен. Әкесі Шайзадамен, анасымен, бауырларымен, жары Үмітпен танысқаным есімде. Қонақжай, көпшіл отбасы сол ауылдағы кісі түсетін үйдің бірі екен. Балаларының үлкені Болатжанды әке-шешесіне қоса,  бауырлары да қоршап, оның демалысқа келгенін қызықтағанының куәсі болып едім. Оған да 17 жыл болып қапты. Өткінші өмір-ай!

Халықта «Ғалымның хаты өлмейді» деген сөз бар. Болатжан бүгін ортамызда жоқ болғанымен, оның еңбегі, кітаптары ғылым сүйгіш жас ұрпақтың қолында.  Болатжан өмірін арнаған қазақтың фольклорлық мұрасы, оның көне нұсқалары қайта басылып, тәуелсіз елдің игілігіне айналуда. Сол бай мұраны сақтаушылар мен зерттеушілер ортасында Болатжанның да аты жарқырап тұратын болады. Ал, оның көрген, білген, араласқан бауырлары мен достары, замандастары мен аға-інілері оны еш уақыт  есінен шығармақ  емес.

 Серік Қирабаев

Ұлттық Ғылым Академиясының академигі    

   

Аяулы бауырым-ай!

 

1986-1987-жылдары менің бастамаммен Қытайда  “Қабанбай батыр” “Қазақ емшілігі мен дәрігерлігі” атты екі кітап жарық көрді. осы екі кітап Қытай Қазақтары арасында ғана емес, Қазақстан зыйалылары арасында ұлкен қызығушылық тудырғаны мәлім.1988-жылы Мүслім Базарбаевтің “Алматы ақшамы” газетінде жарялаған “Қабанбай батыр” кітабы жөніндегі ыстық ықыласты лебізі бұкіл Қазақ қауымы арасында ұлкен ықпал тудырды.Cол қатарда “Шалқар” газеті бастаған Қазақстан басылымдары бүл кітаптан ұзінді жарялап түрды. бүл кездері Қытайда заман оңалып,Совет одағы мен Қытай арасында кұрең қабақтық жағдайдың бүлты сейіліп,екі ел қатынасы жақсара бастаған болатын. сол аралықта жоғарыда аталған екі кітаптың ықпалымен маған арнайы шақырту қағазы бара қалды .бүл шақыртуды Академик Балмүқанов пен Рахыманқүл Бердібаев жіберген екен.Атажүртты аңсаған арман,туыстарға деген сарылған сағыныш бізді 1989-жылы тамыз айының басында Қазақстан жеріне қадам тастауға мүмкіндік туғызды.

 Oл кезде Семей өңірі шектелген район болғандықтан біз Алматыда бірер ай түрып қалдық.бір Қазақ баласы болғанымызбен егесіп барып татуласа бастаған екі елде туып өскен жайымыз бар,сондықтан Қазақстандықтар бізге тосырқай қарайтын шығар деп ойлаған едік алғашында ,бірақ кейін келе олай болмады. бізге ең әуелі Қазақстан Жазушылар Одағы кең қүшағын ашты ,бүл 1989-жылы тамыздың 9-кұні болатын. біз ұш адам едік-жүбайым Шамшабану ,кенже қызымыз -Жанат және мен ұшеумізді ең әуелі сол кезжегі Қазақстан Жазушылар Одағының екінші бастығы Әкім Тарази мырза ыстық ықыласпен қабылдап,еркін әңгіме өткізді.сосын сол кезде Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы Әйел Жазушылар Советі дастархан жайып,ұлкен қошамет көрсетті әрі өздерінің бауырмалдығын білдіретін тамаша лебіздерін айтып жатты. олардың арасында Түрсынхан Әбдірахманова,Фариза Оңғарсынова, Кұләш Ахметова,Алтыншаш Жағанова,Зейнеп Ахметова,Жадыра Карыбаева,Рыйза Қонақова бастаған Қазақ қыздарынан шыққан әйгілі түлғалар бар еді.Қарсы алу дастарқанында Шамшабану Қамза қызы өзінің “Арманның шуыртпағы” деген өлеңін оқыды. сол өлеңдегі:

                                                  Жақын түрып аралық алыстаған,

                Туыс түрып өзара барыспаған.

                Әудем жерге жетудің мүң болғаны-ай,

                Шығып жатқан кездерде ғарышқа адам…..       деген жыр жолдарын естігенде сезімшіл ақын қыздар “қайтсын-ай,шіркін сағыныш!”- деп келіп,көздеріне жас алып түрып Шамшабануды қүщақтап, кенжемізжің маңдайын иіскегені сол бетінде көңіліміздің төрінен өшпес орын алған болатын….

            Ертеңінде-тамыздың 10-кұні сағат 3 де бізді Қазақстан Ғылым Академиясы тіл-әдебиет Иниституты қабылдады.Ғылми кеңеске Қазақ елінің мұйізі қарағайдай ғалымдарынан Академик Мүхаметқан Қаратаев, Мекемтас Мырзахметов,Шеризадан Елеукенов,Сарсенбі Дауытов,      А. Нарымбетов,М.Жармүхаметов,Бүркіт Ысқақов бастаған  30 ға тарта адам қатынасқан еді .Жиынды Нағима Жалел қызы басқарды. мен ол елге Қытайда Қазақ тілінде шығатын “Мүра” жорналының “Ғылым Бүлағы” жорналының түптемесін ала барған едім.соларды көрсете отырып,Қытай Қазақтарының Ахбарат, Баспа, Ғылмизерттеу, Мәдениет, Әдебиет саласындағы жетістіктерін таныстырдым. Ғылми кеңес кезінде Қазақстан ғалымдары да ағынан ақтарыла сөйледі.Қытай Қазақтарының тарихи тегі, ежелгі Сақ-Ұйсін жүрттарының зерттелуі, мүндығы Қазақ елінің салт- дәстұрі, т.б. туралы көптеген сүраулар ортаға түсті.мен де оларға өз лайығында жауап бердім .жиын соңында Академик Мүхаметжан Қаратаев: “Синцзянда Қазақ тілі қалмаған болар деп жүрсек,Қазақ тілінің ең түнығы, Қазақ салт-дәстұрінің ең таза,ең ежелгі тұрлері Қытай Қазақтарында сақталған екен-ау!” деп қорытынды шығарды.кейін үқтым менің Қазақстан ғалымдарын тұсініп білуіме әрі олармен жұздесуіме мүмкіндік тудырған,сондай-ақ Қазақстан ғалымдарының Қытай Қазақтарын үғып біліуіне алғаш рет дәнекер болған азамат--сол кездегі Тіл Әдебиет Иниститутының ғылми хатшылық міндетін атқаратын Болатжан Шайзада үлы Абілқасымов екен.

            Міне,осылайша Қазақ ғылымының қарашаңырағында алғашқы қауышу кезінде аман-сәлем сүрасқаннан кейін барып танысқан аяулы бауырымыз Болатжанның маған жақын туыс-екеумізде Қабанбай батырдың тіке үрпақтары екендігімізді кейін мен Жарбүлақ ауылына барғанда онан әрі тереңдей тұсініп,Қабанбай аулетінен осындай бір үрпақтың қазақ елінің ғылми ортлығында істеп жұргендігін мақтаныш түттық.кейін ол бүл орыннан Педагогикалық оқу орындарына ауысып, қасиетті кәсіп- үстаздық жүмыспен айналысты.сонда да ол  өзінің ғылми зерттеу жүмыстарын табандылықпен жалғастырып,Қазақ фолклоры, Қазақтың батырлық жырлары ,Қазақтың көне наным сенімдеріне қатысты ғүрыптық фолклоры және сондай ақ ХХ-ғасырдың басындағы Қазақ әдебиеті,т.б. тақырыпта көптеген ғылми еңбектер жариялап, “Қазақ Энциклопедиясы”, “Қазақ үлттық Энциклопедиясы”, “Қазақ Әдебиетінің он томдығы” сияқиы ірі-ірі қүрылыстарға Қазақстандағы айтулы ғалымдармен бірге ат салысып,айанбай  тер төккенін академик Сейт Қасқабасовтың өз аузынан естіп,айрықша қуанғаным бар-ды. сондай ақ табанды ғылми еңбектері кейін оны Доктор,Профессорлық түғырға көтеріп,қыруар шәкірт тәрбиелеп халқының ұлкен құрметіене және қошаметіне бөленгені мәлім.

Oның 1991-жылы Қабанбай батырдың дүниеге келгенінің 300 жылдығы қарсаңында жарялаған “Хан Батыр-Қабанбай” атты көлемді ғылми еңбегі Қытай Қазақтары арасында үлкен аңыс тудырды. дәл осы орайда 1940-жылдары Мүхтар Әуезовтың үйымдастырумен жазылып,сол беті жаряланбай мүрағатта жатқан академик Қайым Мүхаметқановтың Қазақ әдебиеті тарихына арнап дайындаған “Қабанбай Батыр” атты көлемді ғылми еңбегі жарты ғасырдан кейін ашық жарялау мүмкіндігіне ие боды.Cол қатарда менің Қытайда шығарған “Қабанбай Батыр” атты кітабым батыр бабаның 300 жылдығын еске алу тойына орай Қазақстан “Жазушы” баспасы жағынан “Қаракерей Қабанбай Батыр” деген атпен көшіріліп басылып 40 мың тиражбен таратылады.Бүл кітапқа Қазақстандық екі ғалымның жоғары өреде жазылған ғылми мақаласы және қоғамдағы әйгілі түлғалармен ақын жазушылардың арнаулары қосылып,сол реткі үлы тойдың мартебесін асырып,даңқын аспанадатып әкетті. бүл той Қазақстандағы батырлар тойының бастамасы ретінде қалыптасып халқымыздың үлттық рухын көтеруде көрнекті рол атқарды. осыдан кейін кезінде Қабанбай батырмен өзеңгілес өткен Бөгенбай батыр, Райымбек батыр,Наурызбай батыр,Дәулетбай батыр,Қасабай батыр, Шынқожа батыр бастатқан ірі түлғаларды еске түсірген және оларға арнап ескерткіш кесене орнатып туған халқының батыр бабаларға арнаған қошаметін көрсететін халықтық науқан көтерілді .Қазақ жерін жаудан қорғап елінің бұтіндіге мен бірлігін сақтап қалған солбір айтулы сардарлар тобына арналған әдеби шығармалар-романдар, жыр-дастандар сахналық шығармалар дұниеге келіп ,солбір айтулы дәстұр әзірге дейін жалғасып келеді. Демек, Болатжан Абілкасымов Қазақтың айтулы түлғаларын еліміздің ержұрек батырларын алғаш рет аспандата көтерген Қазақ ғалымдарының алғашқы қарлығаштарының бірі, Қазақ батырларын алғаш рет зерттеуге кұш-қайратын аямай, сол туралы алғаш рет оқулық дайындаған табанды Қаламгер, талғампаз сынгер деп атауға оның тамаша еңбектері куә бола алады. әсіресе  2005-жылы Алматыда көмекші оқулық ретінде дайындалған оның “Қабанбай батыр” атты кітабы Қабанбай батыр жөнінде жарық көрген бірқыдыру кітаптардың ішінде орны бөлек ,өзіндік өзгешелігі бар, нағыз оқулық болатындай өресі жоғары, зерттеу жұйесі басқалардан парықты, сондай-ақ Болатжанның әрі Педагог әрі Ғалым екендігін анық аңғартқан кітап деуге болады. оның негізгі ерекшеліктері мынандай:

 1)Бүл кітапта халықтың Қабанбай батыр жөніндегі ауызекі жырлары, жүрт арасына тараған батыр баба жөніндегі аңыз әңгімелер және жазба деректер өзара үштастырыла зерттеліп ,батыр жасаған дәуір, оның ерлік жорықтары, сол кездегі жыраулар жыры, халық аңыз әңгімелері және жазба деректер қатар қойылып ,батырдың өмірде болған болмысын нақты қимыл әрекетін бірден талдап ,оны туған халқына жақындата тұскен. осылайша батыр баба аңыздық кейіпкерден нақты кейіпкерге айналып, жүрттың батыр бабасына деген нанымдылығы мен сенімділігін арттыруға мұмкіндік тудырған

 2) Қазақстан ғылым академиясының архивинде “Қабанбай батыр” атты жыр-дастанның  13 тұрлі варианты бар екен.мүның алды 1933-жылы жазылып алынған Көкшетаулық Мәули Сағымбаевтің аузынан алынған нүсқа болса соңы 1974-жылы жазылып алынған кәдімгі біздің аталарымыз есептелетін Қыдырмолла Әділбековтың жырлаған нүсқасы екен. бүлардың арасында Ленинград музейінде сақталған нүсқалармен орыс ғалымдары жазып алған нүсқаларда бар көрінеді. Жыр-дастанның ең үзағы Алматы түрғыны Тұсіпхан Мағызевтің  1977-жылы тапсырған нүсқа болыпты, оның көлемі 1150 жолдан түрады екен. ал ең қысқасы орыс ғалымы Потанинның нүсқасы- ол небәрі 58 жол екен .

 Б Абілқасымов архивте жатқан осы жырларды бірден оқып шығып, сосын олардың қашан,қайдан,кімнен жазылып алынғанын,жыр- дастандардың жол санын өзара үқсайтын және үқсамайтын жақтарын, өзіндік ерекшеліктерін нақты мысал-деректерді келтіре отырып зерттеу жасап ,бабамызға арналған батырлық жырлардың осыншалық мол болуын әрі Қазақстанның барлық өңірлеріне таралуын Қабанбай батырдың Қазақ арасында ықпалының кұшті,атақ абыройының өте жоғары екендігін дәлелдейді деп көрсеткен.

            3) Ғалым Болатжан Абілқасымовтың Қытайда жарық көрген “Қаракерей Қабанбай батыр” атты кітаптың ғылыми қүны ,ондағы жыр- дастандардың көлемі, мазмүны, т.б. жақтарға да ұңіледі. бүл кітапқа енгізілген жыр-дастан, аңыз-әңгімелердің өзі жиырмадан асады.оның қамтыған мазмүны негізінен Жүңғарларға қарсы кұрестің түтас түлғасын өз ішіне алады. ондағы “Қиса Ерқабанбай” атты жыр  1000 жолға тайайды,ал, “Қубас” ат туралы жырда 400 жолдан тартады. мүның өзі Қазақстанда тараған жыр-дастан, аңыз-әңгімелерге қарағанда Қытайда әлде қайда мол екендігін аңғартады .оның ұстінде Абылай заманының тарихи оқиғалары ,Қабанбай батыр және оның баласы Едіге батыр мен інісі Туматай батырдың Қазақ-Мәнциң қатынасын қалпына келтіру және оны дамыту жағындағы жазба деректерде молшылық екендігі мәлім. ғалым бауырымыз Қазақстан газет журналдарында осы деректер көшіріліп басылғанда Қабанбай батырдың жасаған дәуірін  1691-1769 екендігін сілтемесіз қабылдағандығын да тілге тиек етіп,өзінің ғылыми түжырымдарын көрсеткен

            4) Ғалым Болатжан Абілқасымов Қазақстан Ғылым Академясының архивінде жатқан он неше жыр-дастанға талдау жасап зерттеу жұргізгеннен кейін солардың ішінен екеуін іріктеп алып ,өзі дайындаған көмекші оқулыққа енгізген .оның бірі –“Қаракерей Қабанбай” деп аталатын жыр-дастан. бүл дастан мөлшері Көкшетаулық адам жырлаған дастан тәрізді.

                                               Болғанда Арғын-Найман абыз сынды,

             Бұлдірген көп Қырғыз кеп арысыңды.

             Кеткенде Қырғыз шауып арысыңды,

             Әперген ер Қабанбай намысыңды,-    деп басталатын бүл жыр-дастан көлем жағынан  600 жол мөлшерінде көрінеді.мүндағы Қабанбай батырдың қарсыласы Қырғыздың Аманалы деген батыры болып келеді. “Қабанбайдың байлығы Есіл мен Нүраның арасына сыймаған” деген жыр жолдары кезігетін бүл дастан бойынша айтқанда Қазақ елінің шеткі ауылдары шабындыға үшырағандықтан Қазақтың Абылай хан бастаған қалың қолы Алатауға дейін жорық жасап келіп, жауын жеңіп қайтады. ал екінші жыр-дастан “Қабанбай батыр” атты жыр көлемі жағынан  1000 жол шамасында. жыр басы:

                                     --Бір қиса сөз бастайын Қабанбайдан,

                                               Шын батыр болмаса сөз шығар қайдан.

             Соғысқа Қазақ Қалмақ заманында,

            Ерлігі жүртқа мәлім жарық айдан,-      деп басталатын бүл дастанды біздің Қытай жақта кезікпеген, Қабанбайға қатысты жыр- дастанның басқа бір варианты деуге болады. қызық жері--мүндағы Қабанбай батырдың қарсыласы Атеке жырық Қалмак батыры ретінде жырланады. мүнда да Қазақ батырларының ең соңғы жеңісі---Абылай бастаған Қазақ қолының ақырғы рет кұш біріңтіруі арқылы Қүбақалмақ шабуылын тойтарып жеңіске жеткендігі сөз болады .Ғалым Болатжан Абілқасымовтың бүл жыр-дастандарға жасаған талдау-зерттеулері бізді үшан теңіз мол мүрағатпен қамдады. бүл арқылы біз Қазақстан ғылым академясы архив қорында Қабанбай батырға қатысты нендей жыр- аңыздардың жатқандығын,олардың қашан,қалай жыйналғандығын, көлемінің,мазмүнының нелерді қамтып жатқандығын үғып біліуімізге мүмкіндік туғызды..

            5) Қазақстанда Қабанбай туралы қалам тербеп жұрген кейбір азаматтар “Қабанбай батырдың сұйегі Жоңғар Алатауында жатыр,тіпті Қытай жерінде жатыр” деп ойжота жорамал жасап,бірбөлім бүхараны адастырып жұрген жайы бар еді. Б.Абілкасымов Ресей және Қырғыз елінің жазба деректеріне және халық жырларында айтылған деректерге негізделіп,Қабанбай батырдың қазіргі Астана қаласының іргесінде бүрынғы “Қабанбай төбесі” атанған жерде жатқанын да дәлелдеп көрсеткен .мүның өзі біздің көзқарасымызбен және біз көрсеткен дәлел факіттермен бір жерден шығып отыр.

            Демек, бүдан  20 жыл бүрын ғылымның қарашаңыарағында табысқан,танысқан аяулы бауырым Болатжанның ғылымға деген ыстық ықыласы,ағайын-достарына деген адалдығы мен бауырмалдығы біз сиақты шетте жұрген Қазақтарға да бір тұрлі жылылық бағыштап, атажүртқа деген сұйіспеншілігімізді арттыра тұсті.Әсіресе оның ғылыми зерттеудегі табандылығы,шөгелдігі мені айрықша қызықтырады.Қабанбай батыр жөніндегі ғылыми зерттеулері екеумізді онан ары жақындастыра тұскен еді.Біз талай рет ғылыми кеңестер өткізіп,екі елдегі Қазақ Этнографиасының зерттелуі жайында пікір алысқан едік. “Қазақ Әдебиеті Тарихына” арнап дайындаған “Арбау Бадік Бақсы сарындары” атты ежелгі ғүрыптық жырлары (“Қазақ Әдебиет Тарихы” 1-том,18-бет) Қытайдағы зерттеушілер ұшін де жаңалық сезінген еді .Біз Болатжанның жылы жан үясында отырып,Ұміт келіннің қолынан да дәм татқамыз.Болатжандағы солбір табандылық,ғылыми зерттеуге деген қүштарлық оны биіктетіп,ғылымның жоғары шоқысына шығарған еді.

Амал,нешік,мейірімсіз ажал оны өткен жылы наурызда біздің арамыздан келместің кемесіне отырғызып алып кетті.бәрімізде қайғы жүтып қала бердік. Шіркін, деген  толысқан, кемелденген, “Aлпыстағы албөрідей шағым-ай!” дейтіндей шағы еді ғой оның.

Жатқан жерің торқа болсын!Рухыңның алауы мәңгі лаулай берсін! аяулы бауырым асыл текті інім ---Болатжан!

              Болатжанның болмысы,

              Көз алдымда әлі түр.

              Асыл жарын аялап,

              Ұміт атты жары түр.

Зейнолла Мүбарак ұлы Сәнік

Қытай Мемлекеттік Жазушылар Одағының Мүшесі

Қытай Мемлекеттік Сыйлығының Иегері 

«Адам өмірі өзгенікі, өлімі өзінікі....»

деген халық даналығына кейде мән беріп, ойланып та жатпаймыз. Тіпті ойлануға мүмкіндік те бола бермейтін сияқты ма, қалай? Қазіргі уақыттың өзі қым-қуыт тіршілік, алды-артыңа ой жіберетін де кезің сирек болатын сияқты. Жаныңда жүрген жақсы жандар аяқ астынан жырақтап, бөгде жұртқа бағыт алғанда бір сәтке болса да осы өмірдің мән-мағынасы не екен, шіркін?!. Өмір мен өлімнің аралығындағы азапты өлермендіктен қандай өміршеңдік, қандай құндылық танылады деген жауапсыз сауалдар жаныңды жегідей жері хақ. Алайда, уақыт өте алдамшы өмірдің де адамзатқа ұғындырар өз ұлағаты бар екенін ұға бастайсыз. Сонда ғана адам өмірінің өзгенікі, өлім ғана өзінікі екенін еске тағы бір аласың.

Ұлы Абайдың: «...Мені» мен «менікінің» айырылғанын

      «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес...», –

дегеніндей, адамның тәні («менікі») өлсе де, жаны («мені») рухы өлмейді деген дана ойының өміршеңдігіне көз жеткізе түсесіз.

Белгілі фольклорист ғалым, ұлағатты ұстаз Болатжан Әбілқасымовтың арамыздан кеткеніне жылдың жүзі болғанымен өлімі ғана өзінікі болып, өмірі өзгенікі болып өз өміршеңдігін таныта бастағанына куә болып келеміз. Біріншіден, «орнында бар оңалар» дегендей өз отанының отын өшірмей, ұрпағын ұйытып ұстап отырған өмірлік жары Үміт жеңгейдің жарына деген үлкен адамгершілік, ізгі махаббатының мәңгілігі болса, екіншіден Болатжан ағаның рухын өлтірмей отырған кезінде тақырыптар беріп, өз айналасына топтастырған пікірлес шәкірттерінің еңбегі.

Адамның әсіресе, ұстаз-ғалымның жанын, рухын өлтірмейтін,өмірін өміршеңдікке ұластыратын рухани ізбасарларының болуы қандай бақыт дерсіз мұндайда!.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты (қазіргі университетінің) филология факультетінде бірнеше жылдар бойы ұстазы академик Зәки Ахметовтің орнын басып, декан болып басшы әрі ұстаз ретінде жақсы танылған Болатжан Әбілқасымов ұлттық фольклористика ғылымында да қыруар үлес қосқан ғалым болатын. Толғау жанрының қыр-сыры мен көркемдік табиғатын ұзақ жылдар бойы зерттеген Болатжан Әбілқасымов «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» (1979), (XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1988), «Телқоңыр. Қазақтың наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклор» (1993), «Қазақ фольклорының тарихилығы» (1993), «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (1994), «Әдебиет терминдерінің сөздігі» (1996, 1998), «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» (1999), «Қазақ әдебиеті. Энциклопедия» (2000), «Қазақ ханымы» (2002), «12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны» (2005), «Қазақ әдебиетінің тарихы» I-том, «Фольклорлық кезең» (2008) атты ұжымдық еңбек авторларының бірі. Б.Абылқасымовтың жетекшілігімен 1 докторлық, 4 кандидаттық диссертация қорғалған.

Қазақ әдебиетіндегі ең ірі жанр-толғаудың туу, қалыптасу, даму заңдылықтарын теориялық тұрғыдан талдауға оның Мәскеуде ірі әлемдік әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар зерттеуші-ғалымдарынан дәріс алып, дүниежүзілік білімді біршама меңгергені себеп болғаны белгілі.

Осындай ойлы да мазмұны терең монографиялық зерттеулер жазған ғалым өз жанына шәкірттер шоғырын жинап, өз ұлтының төл әдебиетін, оның ең құнарлы тамыры-фольклор саласында әлі де  жазылмай жатқан тың тақырыптарды зерделеуге баулыды. Көңілі ояу, көкірегінде сәулесі бар деген жастарды, тіпті әлі диплом алмаған студенттерге де тақырып беріп, ізденуге мүмкіндік бергені кімге болса да үлгі-өнеге болса керек. Және бір қуанарлығы олардың өз ұстаздарын ұятқа қалдырмай жоғары оқу орындарын бітірісімен-ақ кандидаттық жұмыстарын жазып, қорғауы дер едік. Айталық, Ұзақова Рашида деген студент кезінде дипломдық жұмыс ретінде жазған тақырыбын кейін “Қазақ фольклорындағы қару-жарақ мәселесі” деп дамытып, кандидаттық еңбек жазса Болатжан ағаның өзі бірнеше жылдар бойы басшылық еткен қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы Айнұр Көшекова “Қазақ эпосындағы ат образы” деген тақырыпта т.б кандидаттық жұмыстарын жазып, қорғап шықты.

Міне, мұның бәрі жоғарыда айтылған өлім ғана өзінікі, өмір өзгенікі” деген халық даналығының шындығын дәлелдесе керек. Болатжан Әбілқасымовтың тәні жоғалғанымен жаны-рухы осы шәкірттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы мәңгілік өмірге, үлкен ғылыми мектепке айналып келеді.         

Орайы келгенде айта кетер бір жәйт менің де педагогикалық қызметке алғаш келуіме себеп болған Болатжан ағай еді. 2000 жылдары ма, екен, қыс кезі болатын Болатжан Әбілқасымов телефон шалып, “Сессияға келіп жатқан сырттай бөлім студенттеріне сабақ беруге қалайсың?” – деп сұрады. Мен күтпеген ұсыныс болғандықтан тосылып: “Қолымнан келе қоймас, көп сөйлеуге жоқпын. 45 минут қалай тоқтамай сөйлеймін?”, – деп әзілдеп едім: «Ой, қорықпа, Гүлзия, менде өзің сияқты көп сөйлемейтін адаммын ғой. Білгеніңді баяндап айтып берсең болды емес пе?”, – деген соң өтінішті қабыл алып, бір сессия сабақ бергенім бар еді.

Алланың жазуы шығар, Болатжан ағай денсаулығына байланысты Астанаға қызметке ауысқанда (2006 жылы 04 қыркүйекте) институт ректоры

Қазақтың көрнекті қайраткер қызы Шамша Көпбайқызы Беркімбаеваның шақыруымен қазақ әдебиеті кафедрасына меңгеруші болып келдім. Болатжан ағай бастаған кафедраның «Қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары» деген жобалық ғылыми зерттеу жұмысын жалғастырдық. Кафедраның оқытушы – профессорлар құрамымен бірге студент-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруге тырыстық.

2007-2008 оқу жылында филология факультетінің деканы қызметіне ауысып, тағы да Болатжан ағай еңбек еткен ұжымға жетекшілік жасауға тура келді. Өзім тікелей бірге қызметтес болмасам да сырттай сыйласып, рухани түсіністікке ие болған Болатжан Әбілқасымов ағаның ұстаздық әрі ғалымдық, басшылық қызметтерімен осылай етене танысып, ол кісінің жан дүниесін жақсы танығандай болдым.

Әріптестері мен өзімнің бақылауымдағы Болатжан ағай өмірде өте қарапайым, мінезі бір қалыпты, ешкімнен көмегін аямайтын кейпейілді азамат екендігі.

Зерделі зерттеуші ретінде өзінің алған тақырыбына адал, толғау жанрын өмірінің соңына дейін бірнеше рет қарап, жаңғыртып, толықтырып, күрделендіріп отыратын табанды еңбекқор екендігі.

Ұлағатты ұстаз ретінде ғылымға бейімі бар жастарды танып, өзіне үлкен мектеп ашып, ғылыми орта жасай білгендігі.

Ардақты азамат ретінде ата-анасының атағын шығарып, перзенттік парызын өтеген және өзі де бала сүйіп, ата атанып, Үміттей асыл жан таңдай білуі дер едік.

Көрнекті ғалым Болатжан Әбілқасымовтың өлмес өмірі міне осы аталған ұғымдар негізінде жалғасын табары сөзсіз.

ГҮЛЗИЯ ПІРӘЛИЕВА

Қазақ Мемлекеттік қыздар

педагогикалық университеті

филология факультетінің деканы,

филология ғылымдарының докторы

профессор

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту