Қалиев Ғани Әлімұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қалиев Ғани Әлімұлы 1938 жылдың 19-шілдесінде Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылында туған. Ұлты қазақ.

Қырғыз Мемлекеттік университетін (1962), «ауыл шаруашылығы экономикасы» мамандығы бойынша, экономист; М.В. Ломоносов атындағы Москва Мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1967) бітірген.

Қазақстан социал-демографиялық «Ауыл» партиясының төрағасы (қаңтар, 2000).

1990 ж. бастап Экономика ғылымдарының кандидаты (1988), докторы (1980). ВАСХНИЛ-дің толық мүшесі (академик), Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының академигі (1991 ж. бастап), Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының академигі (1991 ж. бастап), Украина аграрлық ғылымдары Академиясының академигі (1992 ж. бастап), ҚР Ұлттық ғылымдары Академиясының академигі (1996 ж. бастап).

300-ден аса ғылыми еңбектері жарияланған (10 монографиялар мен 4 оқулық), соның ішінде  «Аграрная реформа в  Казахстане,  история, современность, перспективы» (1998); «Нормативы прямых производственных затрат на гектар посева, одно животное, единицу продукции» (2000, соавтор); «Стратегия развития национального продовольственного рынка» (2001, соавтор); «Организационно-экономический механизм взаимодействия региональных агропродовольственных рынков» (предложения) (2003, соавтор); «Аграрные проблемы на рубеже веков» (2003); «Предложения по взаимодействию АПК с внешним рынком в условиях вхождения в ВТО» (2004, соавтор); «Нормативы обеспечения сельских переселенцев сельхозугодьями и оценка возможностей выделения земель запаса при регулируемом перемещении населения» (2005, соавтор); «Предложения по регулированию земельных отношений на землях сельскохозяйственного назначения» (2005, соавтор), «Экономические основы устойчивого развития АПК Казахстана» (2006, соавтор), «Предложения по государственному регулированию продовольственными рынками Казахстана» (2007, соавтор), «Механизм формирования и функционирования территориально-отраслевых кластеров в АПК Казахстана» - (рекомендации), (2007, соавтор), «Рекомендации по совершенствованию инвестиционного механизма в сельскохозяйственном производстве Казахстана» (2007, соавтор), Рекомендации по совершенствованию государственной финансовой поддержки сельских товаропроизводителей с учетом требований ВТО» (2007, соавтор), избранные труды в 3-х томах (2008).

Қазақстан аграрлық секторын дамытудың саяси-экономикалық өзекті проблемалары бойынша жетекші газеттер басылымдарында 20-дан астам мақалалары жарық көрген. Көптеген Халықаралық конференциялар мен семинарлар жұмысында АҚШ, Бельгия, Германия, КХР, Мексика және т.б. елдерде қатынасты. 13 ғылым докторларын және 31 ғылым кандидаттарын дайындады.

1962 ж. бастап – Жамбыл облысы Талас ауданы «Майтөбе» кеңшарының аға экономисі, Алматы халық шаруашылығы институты халық шаруашылығын жоспарлау кафедрасының оқытушысы, Қазақ АӨК-нің экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары. 1984 ж. бастап Қазақ АӨК-экономикасы ҒЗИ-ның директоры. 1991-1996 жалдыр аралығында Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының Президенті.

ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімі атынан Қазақ ССР халық депутаты (1990-1993), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1999-2004).

Нарықтық реформаның негізін қалаушы көптеген алғашқы буын заң жобаларының бастамашысы және авторы. Ғылыми негізделген «2000 ж. дейінгі кезеңге агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Тұжырымдамалық бағдарламасы» дайындамасының, теориялық және қолданбалы сипаттағы іргелі зерттеулердің жетекшісі. Олар ауыл шаруашылығы өндірісін жаңа сорттармен және гибридтермен, мал және құс тұқымдарымен, еңбек және ресурс сақтау технологияларымен, көп укладты нарықтық экономикаға өтудің экономикалық механзмдерімен толықтырды.

ҚР Президенті жанындағы демократизация және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық Комиссия жұмыс тобының жетекшісі, «ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясы» РҚБ Президенті, Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтындағы докторлық диссертациялар қорғау бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы.

ҚазССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1993). «Парасат» орденімен (2002), «Астана» медалімен (1998) марапатталған.

Хобби - шахмат, бильярд.

Әдебиетке құмарлығы – көркем әдебиет, детективтер, фантастика. Үйленген. Жұбайы – Әмірбекова Дина Оңалбекқызы, дәрігер. Қыздары – Зурахан (1961 ж.т.), экономист; Жанар (1970 ж.т.), экономист, ұлы – Асқар (1972 ж.т.), социолог.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту