Шерубай Құрманбайұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Шерубай Құрманбайұлы 1964 жылы 27 қарашада Алматы облысының Райымбек ауданында (бұрынғы Нарынқол) дүниеге келген. Отбасылы (жұбайы - Әлімбек Гауһар Рысбекқызы), Әлішер (1992 ж.т.) есімді бір ұлы және Әсел (1994 ж.т.), Әнел (1999 ж.т.) есімді екі қызы бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін филология мамандығы бойынша (1991 ж.) үздік бітірген. Филология ғылымдарының докторы (1999 ж.), диссертациясының тақырыбы: «Қазақ лексикасының терминденуі», профессор (2001 ж.).

Қаз ССР ҰҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері (1991-1993); Қаз ССР ҰҒА Тіл білімі институтының ғалым хатшысы (1993-1996); Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті  қазіргі шығыс тілдері кафедрасының  меңгерушісі (1996-1999); ҚазҰУ-дың филология факультеті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі (1999- 2001); ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің                          басқарма бастығы (2001.11-2003.12.); ҚР Мәдениет министрлігі  Тіл департаменті директорының орынбасары (2003.12- 2004.12); ҚР Мәдениет,  ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары (2005.02 - 2006.05); Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі (2006.06 – 2007. 02); ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі (2007.02 – 2008. 02); ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының кеңесшісі (2008. 03 - 2008.10); «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Тіл құрылымының бастығы (2008.11 - 16.08.2009); Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры (17.08. 2009 – қазірге дейін).

ҚР ҰҒА-ның Аса көрнекті зерттеушілер мен талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері (1994, 1996); ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі (1998 жылдан қазірге дейін); «10 жыл Астана» медалімен марапатталған (2008); ҚР БҒМ-нің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған (2008); ҚР БҒМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытқаны үшін» төсбелгісімен марапатталған (2010).

Терминология мәселелеріне арналған 4 монографияның, 10 оқу құралы мен сөздіктің, бірнеше әдістемелік құралдардың, Заңгерлерге және халықаралық қатынастар факультетінің студенттеріне арналған «Қазақ тілі» оқу құралының және 150-ге тарта ғылыми мақаланың авторы: «Терминологизация казахской лексики» (1998 г.), «Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты» (монография) (2002 ж.), «Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары» (монография) (2004 ж.), «Терминтану» (2006 ж.), «Терминтанушы құралы» (2007 ж.), «Алаш және терминтану» (ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясы. 1910-1930 жылдар (монография) (2008 ж.), «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқарған сөздер» (2009 ж.), «Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші» (2008 ж.), «Терминтану» (2009 ж.), «Терминтану сөздігі» (2009 ж.), «Ағылшынша-қазақша тақырыптық сөздік» (2008 ж.), «Қоғамдық – саяси лексика. Ағылшынша-орысша-қазақша сөздік-анықтамалық» (2009ж.).

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шығаратын «Тілтаным» ғылыми журналы (2009 жылдан), ҚР Мәдениет министрлігі шығаратын ҚР Үкіметі жанындағы Терминология комиссиясының бюллетені «Терминологиялық хабаршы» журналдарының (2002 жылдан) бас редакторы.

Шерубай Құрманбайұлының жетекшілігімен 1 докторлық, 8 кандидаттық диссертация қорғалды.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Узакпаева Салтанат 2016-01-28 12:32
саламатсыз ба!!«Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты» (монография) (2002 ж.)Шерубай Құрманбайұлы монографиясын кайдан жазып алуыма болады,интернетте бар ма екен
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Нурфайзова Гаухар Утягалиевна 2016-01-28 12:32
Саламатсызба, Шерубай Құрманбайұлы! Мен, Гаухар Ақтөбе қаласынанмын, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 1 курс магистрантымын. Ғылыми диссертациямның тақырыбы “Қазақ тіліндегі қысқарған сөздердің қолданысы”. Ғаламтор бетінен сіздің осы тақырыпта диссертация жазғаныңызды көрдім.Сіздің кітабыңыз да шығыпты. Мен сіздің қысқарған сөздерге байланысты шыққан кітабыңызды өз диссертацияма сілтеме ретінде қолданғым келеді. Және сізден диссертацияма диссетацияма бағыт-бағдар беруіңізді сұраймын.
Сізден жауап күтемін. РАХМЕТ!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту