Траисов Балуаш Бақышұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Траисов Балуаш Бақышұлы 1950 жылы 25 желтоқсанда Орынбор облысы, Первомай ауданы, Каменное ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ .

Ғылыми дәрежесі, атағы: ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі.

Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік марапаттары бар: Қазақстан Ауыл шаруашылық Министрлігі, Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің Құрмет грамотасы, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» белгісі.

Ерекше еңбектері көрсетілген мінездеме:

Еңбек жолын 1968 жылы Орынбор облысы, Первомай ауданындағы астық қабылдау пунктінде жұмысшы болып бастады.

1969 жылдан бастап 1971 жылға дейін Совет армиясы қарулы күштері қатарындағы Германия совет әскері тобында борышын өтеді. 1971 жылдың маусымында аға сержант әскери атағымен запасқа шықты.

1971 жылы запасқа шыққаннан кейін Орынбор облысы, Первомай поселкесінде тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында жұмысшы болып қызмет атқарды.

1971 жылдың желтоқсан айынан 1972 жылдың маусым айына дейін Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтындағы дайындық бөлімінің тыңдаушысы.

1972 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының студенттер қатарына қосылып, оны 1977 жылы аяқтады.

1977-1992 жыл - Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтында аға ғылыми қызметкер.

1992 жылдың 1 қаңтарынан 1996 жылдың 1 қаңтарына дейін Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты жанандағы «Зерде» ғылыми-өндірістік орталығының директоры.

1996 жылдың 1 қаңтарынан 2000 жылдың 23 ақпанына дейін Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры.

2000 жылдың 1 наурызынан 2002 жылдың 5 қарашасына дейін Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры.

2002 жылдың 7 қарашасынан 2009 жылдың 31 тамызына дейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми жұмыстар және  халықаралық байланыс  жөніндегі проректоры.

2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы күнге дейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми жұмыстар  жөніндегі проректоры.

1977 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының зооинженерия факультетін бітіргеннен кейін, өзін толықтай ғылымға арнап, аянбай еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ғалым аға қызметкерден ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорға дейін көтерілді.

1984 жылы Қазақстан қой шаруашылығы жөніндегі ғылыми  зерттеу институтының аспирантурасын сырттай бітіріп, ВНИИОК-та (Ставрополь қ.) 1985 жылы ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу жолындағы диссертациясын  қорғады.

1994 жылы ақпанда НИПТИЖ-де (Новосибирск қ.) Батыс Қазақстан облысындағы кроссбредті қой шаруашылығына арналған докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғап, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды.

Профессор Б.Б.Траисов Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық ғылымының дамуына өзіндік үлес қосты.

Б.Б.Траисов қой шаруашылығы саласындағы В.А.Бальмонт, К.У.Медеубеков сияқты ғұлама ғалымдар бастаған кроссбредті қой шаруашлығын шығару жұмыстарын жалғастырды. Көп жылғы еңбек кроссбредті жүнді қойдың етті-жүнді ақжайық тұқымын дүниеге келтірді. Қойдың етті-жүнді ақжайық тұқымы 1996 жылы саралаудан өткізілді (ҚР Ауыл Шаруашылық Министрлігі 1996 жыл 26 тамыз №124 бұйрығы). Қойдың бұл тұқымы бүгінде Қазақстанның ауылшаруашылық ғылымы үшін зор жетістік деп есептелінеді. Профессор Б.Б.Траисов осы шығарылған жаңа тұқымның авторы болып табылады.

Профессор Б.Б.Траисов ғылыми-педагогикалық қызметімен қатар қойдың етті-жүнді ақжайық тұқымының зауыттық екі түрін шығарды: «БАЛИ - 1395» тірі салмағы үлкен және  «БАК – 4087» ұзын жүнді. Мал шараушылығындағы бұл жаңа жетістіктерге Жәңгір хан атындағы университет патент иеленуші болып, профессор Б.Б.Траисов 2010 жылы зауыттық екі түрдің авторы атанды. 2011 жылы ақжайық етті – жүнді қой тұқымы бойынша зауыттық етті типіне және қою қалың жүнді ата іздеріне мал шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент алуға ұсынылды.

Б.Б.Траисовтың жетекшілігімен 220-дан аса ғылыми еңбектер мен 5 монография, оқу құралдары, ұсыныстар, қой шаруашылығын асылдандыру, кроссбредті қойлардың өнімділік сапасын арттыру  мәселелеріне арналған бірнеше оқулықтар жарыққа шықты. Қой шаруашылығы практикумы, жартылай биязы жүнді қойларды бонитировкалау жөніндегі нұсқаулық, Батыс Қазақстан облысы жүйесін ауыл шаруашылыққа енгізу, «Ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастырудың негіздері» оқу құралы, «Ерлікке тағзым», «Сельскохозяйственное производство степного приуралья: возрождение и интенсификация» кітаптары.

Б.Б.Траисов үлкен ғылыми, педагогикалық жұмыстарды жүргізуде,  «Қой шаруашылығы» ҒТБ жетекшісі, студенттердің дипломдық жұмыстарына, магистранттар, докторанттар мен ізденушілердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді.

Оның жетекшілігімен 2 докторлық, 6 кандидаттық және  5 магистрлік диссертациялар қорғалды.

Балуаш Бақышұлы әр түрлі қызметтерді атқара отырып, өзін білікті, ынталы жетекші ретінде көрсете білді. Ұйымдастырушылық қабілеті, ғылыми – педагогикалық белсенді қызметі университеттің ғылыми және халықаралық серіктестік қызметінің  дамуына  мүмкіндік берді.

.

. Ғылыми дәрежесі, атағы:

         1985 жылы ВНИИОК-та (Ставрополь қ.) ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу жолындағы диссертациясын  қорғады, ал 1994 жылы ақпанда Сібір ғылыми-зерттеу және мал шаруашылығын технологиялық – жобалау институтында (Новосибирск қ.) ауылшаруашылық ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған докторлық диссертациясын қорғады. 1996 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімі бойынша «Зоотехния» мамандығы бойынша профессор атағы берілді. Оның жетекшілігімен 2 докторлық, 6 кандидаттық және 5 магистрлік диссертациялар қорғалды. Ол ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене араласып келеді,  Батыс Қазақстандағы малдардың өндірістік қабілетін толық жетілдіру  ғылыми тақырыбының жетекшісі болып табылады.

Профессор Траисов Б.Б.  042 «Прикладные научные исследования в области агропромышленного комплекса» мемлекетті бағдарламасы бойынша «Совершенствование племенных и продуктивных показателей акжаикской мясо-шерстной породы овец» тақырыбының жетекшісі.

Профессор Траисов Б.Б. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігіндегі ғылыми-техникалық кеңесінің  мүшесі.

Университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысып, қойларды бонитировкалау бойынша шаруашылықтарда жыл сайын семинарлар өткізеді.

           Профессор Траисов Б.Б.  1997 жылдан 2007 жылдың желтоқсанына дейін  университет жанындағы 06.02.01-Ауыл шаруашылығы малын өсіру, олардың селекциясы, генетикасы және көбеюі; 06.02.04 – Дербес зоотехния, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы; 06.01.09 - Өсімдік шаруашылығы мамандықтарынан қорғалатын докторлық (кандидаттық) диссертациялар бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы.

         2001 – «Қазақстан жоғары мектебінің таңдаулылары» кітабына қосылды. Алматы: ЖШС «РОНД», 2001. 663 б.

         2002 – «Батыс Қазақстан облысы» энциоклопедиясына қосылды. Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. 494 б.

         2004 – «Жоғары мектептегі жетекші ғылымдар мен педагогтар» кітабына қосылды. Алматы: «СаГа», 2004. 481-484 б.

         2005 – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары тізіміне  қосылды.

         2006 - Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық энциклопедиясына қосылды. – Орал. 2006

Ол ғылыми білімі, жан-жақтылығы, туралығы, адалдығы мен басқа да жағымды қасиеттерінің арқасында университет ұжымының арасында, Қазақстан және шет ел ғалымдарының арасында жоғары беделге ие болды.

Б.Б.Траисовтың Батыс Қазақстандағы қой шаруашылығын, ауыл шаруашылық ғылымдарын дамытудағы жемісті қызметі, ғылыми интеграциялары мен жоғары білімде, Қазақстан, Ресей, Израиль, Германия, Украина және Белорусия ғалымдарымен халықаралық байланыста, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары Академиясының таңдаулы мүшесі, Халықаралық аграрлық білім академиясында (Мәскеу қ.) «Зоотехния» мамандығы бойынша академик дәрежесіне ие болуына әсер етті.

Қазақстан Ауыл шаруашылық Министрлігі, Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Отбасы жағдайы:

Үйленген. Екі баласы бар.

Қазіргі уақытта Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің  мал шаруашылығы және агробиотехнология  департаментінің  директоры болып қызмет атқаруда.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту