Ташенов Қазис Тәшенұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Академик, биология ғылымдарының докторы, профессор Тәшенов Қазис Тәшенұлы 1928 жылы 1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Шалақын ауданындағы Ақсу ауылында  шаруа отбасында дүниеге келген. 1932 жылы ата-анасы Омбы темір жолының көмекші шаруашылығына көшіп барады (қазіргі Бескөл ауданының  «Озерный» кеңшары), сол жерде бастауыш мектепті бітіреді.

1936 жылы әкесі дүние салады, ал 1938 жылы жапон милитаристерімен соғыста Хасан көлінің маңында ағасы қаза табады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысында екінші ағасы қаза табады, ал 1942 жылы анасы қайтыс болып, ол інісі екеуі қалады. Қамқорсыз қалғандықтан оны Петропавловск қаласындағы № 45 темір жол мектеп-интернатына өткізеді, сол жерде ол жеті жылдық білім алады.

Содан соң Қ.Т. Тәшенов Петропавл малдәрігерлік техникумына түсіп, 1947 жылы үздік бітіреді. Институт бітіргеннен кейін оны оқу озаты ретінде ҚазССР Ғылым академиясының аспирантурасына жібереді.

1952 жылы ол Алматы қаласына қоныс аударып, ҚазССР ҒА–ның Эксперименталдық биология институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді, Сталинград экспедициясын басқарады, оның мақсаты Жайық-Еділ каналы аймағындағы мал шаруашылығын дамыту болатын. 1953 жылы Қ.Т. Тәшенов конкурс бойынша ҚазССР-ның Экспериментальдық биология институтының физиология лабораториясының аспирантурасына өтеді. 1955 жылы Экспериментальдық биология институтының физиология лабораториясының аспирантурасына өтеді. 1955 жылы Эксперименталдық биология институты таратылып, лаборатория ҚазССР ҒА-ның Физиология институтына ауыстырылады. Сол кезден бастап Қ.Е. Тәшеновтің барлық ғылыми қызметі ҚазССР ҒА- ның Физиология институттымен байланысты.

1957 жылы ол «Күйіс қайыратын малдың асқорыту физиологиясы» тақырыбына биология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғайды. Бұл жұмысында ол күйіс малының таз қарыныңда микробиологиялық белоктың жинақталу процесі азық рационының сипатына және асқорыту жолына келіп түсетін сілекей мөлшері мен құрамын анықтау үшін Қ.Т. Тәшенов тәжірибе жасаған жануарлардың сілекей алу әдісі бойынша күйіс малының сілекейін жинауға болмайды, себебі олар сілекейді үздіксіз және көп мөлшерде шығарады.

1961 жылы Қ.Т. Тәшенов ҚазССР ҒА – ның Физиологиясы лабораториясының меңгерушісі болып тағайындалады. Осы кезден бастап оның ауылшаруашылық малының асқорыту жүйесінің қызметін зерттеу жұмыстары басталады. Мысалы, асқазаны бір камералы жануарларға қарағанда күйіс малдарының асқорыту мүшелерінің өз ерекшеліктері бар. Күйіс малдарының асқазанның алғашқы үш бөлігінде азық микроорганизмдердің көмегімен өндеуге түседі, ал асқорыту бездері үздіксіз жұмыс істеп, тәулік бойына  өте көп сөл бөледі. Сонымен қатар қойдын, ешкінің және туйенің ұйқы безі жолы өт жолымен жалғанған және 12-елі ішекке ортақ жол ашылған, сондықтан таза панкреатит сөлін және өтті бөліп алу мүмкін емес.

Қ.Т. Тәшенов ұйқыбезі және өт жолдарын бөлектеп шығарудың хирургиялық операция әдісін ойлап тапты.

Сонаң соң ол қарынды бөлектеп алудың хирургиялық амалдары мен операция жасау тәсілдеріне бірқатар өзгертулер енгізді. Ғалым ойлап тапқан түтіктік әдістің жаңа варианттарының біреуі – иннервация мен қан тамырларын сақтай отырып, ұлтабардан кіші асқазан алу.

Зерттеудің нәтижелері Қ.Т. Тәшеновтің 1967 жылы «Сауын малының асқорыту бездерінің қызметі» деген тақырыпқа докторлық  диссертация қорғауына негіз болды. Бұл жұмыс асқорыту жүйсінің қызметі мен сүт бездері жұмысының арасындағы байланысты зеттеуге арналған.

 Қ.Т. Тәшеновтің одан кейінгі зерттеулері ауыл шаруашылық малының асқорыту жуйесі органдары мен сүт бездерінің қызметін реттейтін тетіктерді анықтауға бағытталды. Асқорыту мүшелерінің қызметін реттеудегі орталық жуйке жуйесінің рөлін анықтау үшін, оның басшылығымен жергілікті ешкілер миының атласы жасалынды, жануардың миының әр жеріне микроэлетродтар отырғызу үшін стереотаксикалық аппарат құрастырылды. Сауын малдардың ішек-қарын жолдарындағы қозғаушы және сұйық шығарушы қызметті реттеуге гипоталамустың, гиппокамптың және миндалиннің әр турлі ядроларының қатысатындығы анықталды. Шартты рефлекстер әдісін үлкен ми сыңарларының кейбір зоналарын кейбір экстирпациялаумен біріктіріп қолдану бас миы қабының рөлін анықтауға мүмкіндік берді.

 Қ.Т. Тәшенов асқорыту мүшелері мен сүт бездерінің қызметін реттеуге бүйрек бездерінің, қалқанша және жыныс бездерінің қатысын анықтады. Малдардың сүт бөлетін кездегі асқорыту жүйесінің қызметін зерттеу шын мәнінде жаңа болып табылады, ол физиология ғылымына қосылған үлес. Жасы мен өсіп дамуына байланысты қойлар мен қозылардың зат алмасуындағы бауырдың рөлін білу үшін Қ.Т. Тәшенов қақпа және бауыр веналарының ангиостамия әдісін ойлап тапты. Бұл әдіс созылмалы тэжирибе жасау жағдайында терең жатқан қан тамырларынан қан алуға мүмкіндік береді. 1970 жылы Қ.Т. Тәшеновке «Адам және жануарлар физиологиясы» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. 1975 жылы огл Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент – мүшесі болып сайланды.

1976-1991 жылдары Қ.Т. Тәшенов ССРО Ғылым академиялары арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы екі жақты Келісім негізінде Чехославакия ҒА – ның Физиология институтымен, Словакия ҒА – ның Тамақтану физиологиясы институтымен бірдесіп, ғылыми – зерттеу жумыстырын орындайды.  Бірлескен зерттеудің негізі мақсаты куйіс жануарларының асқорыту жүйесінің азотты алмасуын және нейрогуморалды реттеуін анықтау еді. Қ.Т. Тәшенов чехославакиялық әріптестерімен бірлесе отырып негізінен синтетикалық заттардан тұратын азық тапты, мал басын сақтап қалуға мүмкіндік беретін дәстурлі емес азық рационын жасады.

1980 жылы ол ҚазССР ҒА – ның Физиология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары  Қызметіне тағайындалады, сонаң соң институт директоры болады (1986-1990ж). Физиология институтының директоры кезінде Қ.Т. Тәшенов үлкен ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін, ұжыммен жұмыс істей алатындығын көрсетті, институтта ғылыми-зерттеу жұмыстарыныңсапасы мен тиімділігін арттыруға, ғылыми-ұйымдастыру жұмысын жақсартуға көп еңбек сіңірді. Оның басшылығымен зерттеулер тематикасы қайта қаралды, негізгі бағыттар анықталды, жас және жоғары білімді кадрлар дайындауға байланысты белсенді жұмыстар жүргізілді. Басты бағыттар – «Лимфа түзілу физиологиясы» және «Өнімді жануарлар физиологиясы» бойынша Бүкілодақтық бағдарлама жасалынды.

КСРО ҒА - ның Физиология бөлімшесінің арнайы шешімімен 1988 жылы Қаз ССР ҒА – ның Физиология институты Лимфатикалық жүйе физиологиясы проблемасы бойынша басты ғылыми мекеме болып белгіленді, оның жетекшісі ҚазССР ҒА – ның корреспондент мүшесі болып Қ.Т. Тәшенов бекітілді.

1990 жылы Қ.Т. Тәшенов КазССР Ғылым академиясы Төралқасының мүшесі және Биологиялық және медициналық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы болып сайланды. Ол Қазақстан биология ғылымын дамытудың басты бағыттарының концепциясын жасауға қатысады.

1992 жылы Қ.Т. Тәшенов Халықаралық «Ақ крест» рыцарь орденінің мүшесі болып және рыцарлар конфедерациясы Дүниежузілік Парламентінің үлкен Кеңесінің мүшесі болып сайланады, оған Рыцарь атағы беріледі (Австралия, Сидней қаласы). 1992 жылы Қазақстан физиолгтарының 2 – съезінде Қазақстан физиология қоғамының  президенті болып қайта сайланды. Оның бастамасы бойынша  Қазақстан физиология қоғамы Әлем физиологтарының 34 Конгресінде (Санкт-Петербург, 1997 ж). Физиология  ғылымдарының Халықаралық одағына мүше болып қабылданады (орталығы Германияда).

1994 жылы Қазис Тәшенұлы Тәшенов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық  мүшесі (академик) болып сайланады.

1996 жылы ол ҚР Медицина Ғылым академиясының Құрметті профессоры.

1990- 2002 жж. Қ.Т. Тәшенов Ұлттық ғылыми академиясы төралқасының мүшесі, биология және медицина ғылымдары бөлімшесінің адам және жануарлар физиолоиясы бойынша Ғылыми Кеңесінің «Өнімді жануарлар физиологиясы» секциясының басшысы болды және ауылшаруашылығы жануарларының физиологиясы және биохимиясы жөніндегі Бүкілодақтық үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.

Академик К.М. Быков атындағы сыйлықты беру жөніндегі комиссияның және КСРО ҒА–ның И.М. Сеченов атындағы Физиологиялық журналы алқасының мүшесі болды. КСРО ҒА – ның асқорыту және сіңіру физиологиясының проблемасы бойынша Халықаралық комиссия мүшесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының «Известия», биология сериясы журналының бас редакторы және адам мен жануарлар физиологиясы бойынша докторлық және кандидаттық диссертация қоғау жөніндегі кеңестің төрағасы.

Қ.Т. Тәшенов 25 –ке жуық ғылым кандидаттары мен докторларын дайындады. 35 жылға жуық әл-Фараби атындағы Қазақтын Ұлттық университектінің адам және жануарлар физиологиясы кафедрасының профессоры қызметін қосымша атқаруда, биология факультетінің студенттеріне физиологиядан дәріс оқиды. Ғылыми зерттеулерінің нәтижесі бойынша Қ.Т. Тәшенов 250 ғылыми еңбек жариялады, оның 4-і монография және 20 жұмысы шет елдерде ағылшын, неміс, чех тілдерінде жарияланды.

Сонымен қатар, Қ.Т. Тәшенов Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Адам және жануарлар физиологиясы институты жүргізіп отырған «Қоршаған орта жағдайында организмнің төзімділігін арттыру мақсатында, ішкі мүшелер жүйесі қызметінің қалпына келу және реттелу механизмдері» проблемасына қатысты іргелі зерттудің ғылыми жетекшісі.

Жемісті ғылыми қызметі және жоғары білікті кадрлар дайындағаны үшін Қ.Т. Тәшенов Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академия Төралқасының және қоғамдық ұйымдардың мерекелік және құрмет грамотысымен, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен, «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, бесжылдық тапсырмаларын орындаудағы ерен жетістіктері үшін Қазақстанның алтын кітабына енгізіліп құрмет дипломымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотысымен марапатталды.

Академик Қ.Т. Тәшенов – ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы саласындағы ірі ғалым, оның зерттеулері ТМД елдерінде де, одан тыс жерлерде де кең таралған.

Ғылыми беделі, ұйымдастырушылық қабілеті және оның ыңталылығы нәтижесінде Қазақстанның физиология ғылымы шетелдік ғылыми қоғамда кең танылды.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Шораева Жанар Рахимжановна 2016-01-28 11:36
Сәлеметсіздерме! Мен Шораева Жанар Рахимжановна ОҚО Түркістан қаласында 1993 жылы туылғанмын! Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да Биология мамандығында оқимын. Менің жүрегім оң жақта еді.Неліктен жүрегімнің оң жақта екенін білмеймін. Қазір кезде осы сұрақ өзімді қатты толғандырып жүр. Ташенов Қазис Тәшенұлынан кеңес алуымды жөн деп санадым. Хабар күтемін асыға 87023364322
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту