Сәтбаев Қаныш Имантайұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) — аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металло-гения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері - бұрынғы Семей губерниясының Павлодар үйезіңдегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Геолгиялық барлау мамаңдығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; медениет саласыңда да; тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегеңдіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқының металлогеңдік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы - кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ, ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зарттеп, олардың кеңдерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық метоллонегдік анализдің кешендік әдісін енгізді.

Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.

Ол Қарағаңдыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және маранец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды.

Ол - геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің презвдиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрижелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері боған. Оның есімі институттар мен кенметаллургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Мадияр 2016-01-28 10:23
Рахмет)))
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Аслан максутов 2016-01-28 10:22
Salamatsizbe agai kaliniz kalai
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Серікбай Маханұлы ақын-сазгер 2016-01-28 10:22
ГЕОЛОГТАР- КЕН КӨЗІ .
(Қаныш Сәтбаевқа)

Геолог ісі – кен байлық ,
Кеннен болар денсаулық .

Заңғарлы тау, жазық дала төсінен ,
Кен дәриясы ағылды жер көзінен.
Сағым қуып, арман болған геологқа
Байлық сыры тілдеседі тезінен.

Қара жерге қадалғанда бұрғысы,
Солқылдайды қайсар таудың шың-құзы.
Жолаушы боп жол тартады далаға
Туған елдің жарқыраған жұлдызы .

Алай- түлей дауылдатқан бораннан,
Бар төңірек ақ көрпеге оранған .
Боран- дауыл ер кісіге сөз емес
Кеннің көзін іздеп табар жоғалған.

Қырағы көз геологтардың дүрбісі ,
Өмір жасап , қала құру бір ісі .
Туған жерде –елі үшін кен іздеп
Тоқтамайды дабыл қаққан жүрісі .

Еске алсаң Қаратаудың жотасын ,
Қайран дала меңіреу боп жататын.
Құрыш құйған қорғасыннан бұл күнде
Қарапайым еңбеккерлер жасасын .

Солқылдатып,балға соғып өмірге,
Түр енгізді құлазыған өңірге .
Қанат жайды неше керім жас қала
Жырға бөлеп , күйін шертіп көңілге.

Геологтардың басқан ізі кен болып ,
Маңдай тері тіршілікке ем қонып .
Тілегіне бір Аллаға сыйынып
Ертеңіне жүргені бір жер шолып .

Жер бетінен байлық қалмас жасырын,
Асыға күтіп геологтардың шатырын .
Күндіз- түні кен іздейді өңірден
Көркін орап бейбітшілік ғасырын!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# NURBOLAT 2016-01-28 10:21
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# aibol 2016-01-28 10:20
kaniw satpaiev agaiga kop kop rahmet
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Аружан 2016-01-28 10:20
Қаныш Сәтбаевтын қолжазбалары керек болып тур,болса жибериниздерши
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Нука 2016-01-28 10:19
Өте кушті екен!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту