Сабден Оразалы Сабденұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Сабден Оразалы Сабденұлы - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Тастұмсық (бұрынғы Вознесеновка) ауылында 1947 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Жанұялы (жұбайы Ақботаева Жанат Оразалықызы), Қайрат (1971-2000 жж.), Ризали (1996 ж.т.) есімді екі ұлы және Анар (1975 ж.т.), Жанар (1975 ж.т.), Гауһар (1989 ж.т.) есімді үш қызы бар.

Қазақ химия-технология институтын инженер-технолог мамандығы бойынша (1970 ж.) тамамдаған. Экономика ғылымдарының докторы, диссертациясының тақырыбы: «Жөндеу өндірісін тиімді басқарудың экономикалық проблемалары» (1989 ж.), профессор (1999 ж.), ХИА және ҚР ИА академигі (1992 ж.), ҚР ЖМ ҒА және ЖМ ХҒА академигі (1996 ж.), «Евразия» ХЭА академигі (1998ж.). ҚР ЖТҒА академигі (2009 ж.).

Институт тамамдаған соң Шымкент қорғасын зауытында инженер-электрші (1970-1971 жж.); «Қазмонтажавтоматика» трестінің инженері (1971-73 жж.); Қазақстан ҒА Экономика институтында инженер, аға экономист, кіші және аға ғылыми қызметкер (1973-86 жж.) болып еңбек еткен. Одан әрі, ол КСРО ҒА Экономика институтының аға ғылыми қызметкері, машықтанушы-зерттеушісі (Мәскеу қ. 1986-87 жж.); Қазақстан ҒА Экономика институтының аға, бас ғылыми қызметкері (1987-90 жж.); ҚР Жоғарғы Кеңесінің Ғылым мен халық ағартуды дамыту мәселелері жөніндегі комитет төрағасы (1990-93 жж.); ҚР Жоғарғы кеңесінің экономикалық реформалар жөніндегі комитет төрағасы (1994-95 жж.); «Білім» білім беру жөніндегі халықаралық қазақ консорциумы кеңесінің төрағасы (1995 ж.); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комитет мүшесі, Ғылым және жаңа технологиялар жөніндегі кіші комитет төрағасы (1996-99 жж.); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комитет мүшесі (1999-2001 жж.); Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті (2001 ж. шілде – 2003 ж. маусым). ҚАЗ ККА профессоры (2004-2006 жж.); «Қазақстан - АҚШ» Талдау және болжамдау институтының президенті (2005-2006 жж.); ҚР Білім және ғылым минситрлігінің Экономика институтының директоры (2006 ж. бастап). «Ғалымдар одағы » республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (2006 ж. бастап).

Қазақстан инженерлері одағының тең төрағасы (1993-95 жж.); «Еңбек» республикалық саяси партиясы төрағасының орынбасары (1995-97 жж.); 2000 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары (1999-2001 жж.). 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін БСДП президиумының мүшесі, 2007 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы қоғамдық палата мүшесі.

11 жылдан астам  тәжірибесі бар кәсіби саясаткер. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-13 шақырылымдарының, ҚР Парламенті Мәжілісінің 1-ші (1995-99 жж.) және 2-ші (1999-2001 жж.) шақырылымдарының, барлығы 4 рет депутат сайланған. ҚР Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылымының (2007 ж.) депутаттығына үміткер. ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымының (2007 ж.) депутаттығына БСДП атынан үміткер. Егеменді Қазақстанның өркендеуіне елеулі үлес қосты. ҚР Жоғарғы Кеңесінің, кейін ҚР Парламентінің депутаты бола жүріп, біздің еліміз үшін аса маңызды көптеген заңдардың әзірленуіне және қабылдануына тікелей қатысты. 1995 жылы оның басшылық етуімен, басты идеясы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау болып табылатын, «Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы (ЖЭС)» жазылды және ҚР Жоғарғы Кеңесінде қабылданды. Одан әрі, ол жасаған ЖЭС тұжырымдамасы ҚР Үкіметінің іс-әрекеттерінің кезекті бағдарламаларында (1990-2001 жж.) іс жүзінде қолдау тапты және ел экономикасының дамуына ықпал етті.

1997-2001 ж.ж. аралығында ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының ғылым және білім, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясы басшыларының бірі болды. Қазақстанда және ТМД елдерінде экономикалық жүйені реформалауды заңнамалық қамтамасыз етуде де елеулі үлес қосты. Қазақстан тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болу жағдайында ғылым мен ғылыми-техникалық саясат және нарықтық экономиканы қалыптастыру мәселелерінде, сондай-ақ ТМД елдері үшін моделді, ұсынымды заң жобаларын қабылдау жөніндегі Достастық елдерінің парламентаралық істерінде мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға атсалысты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің депутаттарының арасында біріншілердің бірі болып ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының құрмет грамотасымен марапатталған.

Ғылым және техника саласында Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты (1980 ж.); «Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамытудың концептуалды негіздерін» (11 кітапты монографиялар) әзірлегені үшін, Ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003 ж.).

460-тан астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде 40 кітаптың авторы: «Управление ремонтным производством в условиях ускорения НТП» (1988 ж.), «Малые предприятия: опыт и перспективы развития» (1991 ж.), «Наука и научно-техническая политика в условиях рынка: глазами парламентария» (1992 ж.), «Наука. Образование. Рыночная экономика» (1994 ж.), «Экономичкская политика переходного периода на рубеже ХХІ века» (1997 ж.), «ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз» (1997 ж.), «Что делать....для восстановления экономикм Казахстана» (2000 ж.), «Рыночная экономика: учебное пособие» (2002 ж.), «Финансово-кредитное регулирование деятельности промышленных предприятий Казахстана: проблемы и перспективы» (2003 ж.), «Роль науки в социально-экономическом прогрессе Казахстана и задачи Союза ученых» (2006 ж.), «Бәсекелестік экономика» (2007 ж.), «Конкурентоспособность национальной экономики: критерии оценки и пути повышения» (2007 ж.), «Турар Рыскулов: государственная деятельность и экономические воззрения» (2007 ж.), «Инновационная экономика» (2008 ж.), «Избранные труды по экономике в 10 томах» (2009 ж.), «Логистика» (2010 ж.), «Интеллектуалды экономика – ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы» (2010 ж.), «Устойчивое инновационное развитие и мировые финансы в ХХІ веке» (2010 ж.).

Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, Қазақстанның чемпионы.

«Түрік халықтары тарихының панорамасы» альбомының идеясының (2003 ж.), сондай-ақ өз қаражатына тұрғызылған «Түркібасы Әулиесі» тарихи монументінің авторы болып табылады. «Жаралы сезім» көркем фильмінің идея авторы.

Ресей мен Қазақстан арасында ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда сіңірген еңбегі үшін, 2007 жылдың тамызында Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі «Ломоносов орденін» табыстаған.

dsc02168-285x380
izobrazhenie_452-285x380

Пікірлер  

# азамат 2016-01-28 10:43
Менің ойымша қазақ ғалым адамдарының ішінде өте білгір сияқты.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Көшімова Мира 2016-01-28 10:43
О. Сәбден өте білікті экономист, еңбектері құнды. О.Сабденнің он томдық таңдаулы еңбектерін қалай сатып алуға болады?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Сакибаева Қ.С. 2016-01-28 10:42
Оразалы Сабден қазақ азаматы ретінде, сондай-ақ білікті экономист-маман ретінде танымал бір туар азамат. Еңбектерін оқығымыз келеді.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Акнур 2016-01-28 10:42
Казакстанның 20жылдыгына арнап жазылып жатқан 20томдық еңбегіңіз қашан толық жарық көреді!оны оқу үшін қайдан алуға болады?17.08.11 Қазақ радиосында өзекті мәселелер барысынды сөйлеген сөзініз қатты ұнады!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Сейтқан Данияр 2016-01-28 10:41
Қызық сияқты. Оразалы Сабденовичтің кітаптарын қайдан алса болады. немесе электронды түрде болса жіберініздерші, өтініш???
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Алтынай 2016-01-28 10:40
Егер әр бір қазақ ағасы мен баласы Оразалы ағамыздай болса өмір ағымы басқаша болар еді ме? Елін де жерін де қазақ намысын көкке көтерер ағаларымыздың артынан еңбегін бағалар ұрпақ болса екен!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мейрамгүл 2016-01-28 10:39
Қазақ елінің бір туар азаматы,маған ол ағамыздың өзіндік көзқарасы,жан дүниесінің тазалығы мен бай философиялық білімі ұнайды,осындай текті ағаларымыз көп болса ғой шіркін ....
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бекжігіт Айгерім Ұласбекқызы 2016-01-28 10:39
Оразалы Сәбден өте білікті маман өз ісінің шебері деп білемін оның коғамға косқан үлесі зор
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту