Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.

1954 жылы 16 сәуірде Жамбыл облысы Тараз қаласында туылған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары, 1976 жылы А.Н. Косыгин атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Мәскеу тоқыма институтын бітіріп, 1983 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында докторлық диссертация қорғаған.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.

2004 жылы  «Қазақстан Республикасы білімінің Құрметті қызметкері» атағына ие болды, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «2009 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Жалпы жұмыс  өтілі – 36 жыл, саладағы жұмыс өтілі – 36 жыл, осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.

Ж.Ү. Мырхалықов – тоқыма өндірісі саласындағы көрнекті ғалым және жоғарғы мектептің тәжірибелі ұйымдастырушысы. Оңтүстік Қазақстан облысының мақта-тоқыма кластерінің  дамуына және «Оңтүстік»  Еркін экономикалық аймақтың қалыптасуына, тоқыма материалдары өндірісінің технологиясы бойынша ғылыми бағыттарды  және Қазақстан оңтүстістігінде тоқыма кластерін кадрлық қамтамасыз ету жүйесін дамытуға үлкен үлес қосты.

Ол көптеген жылдардан бері тоқыма материалдары саласындағы қолданбалы зерттеулерді басқарып,  өндіріске жаңа инновациялық технологияларды ендіруге мүмкіншілік  беретін  білім және ғылым саласында халықаралық ғылыми жобаларды  жүзеге асыруда.

Ж.Ү. Мырхалықовтың ғылыми жетекшілігімен 3 PhD докторлық, 5 кандидаттық және 20 магистрлік диссертациялар қорғалды. Қазіргі уақытта оның жетекшілігімен үш магистрант ғылыми жұмыстарын орындауда.

Ол 10 оқулықтар мен монографиялардың, 200 астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің, соның ішінде  өнертабыстық  18 авторлық куәліктердің авторы.

2012 жылы оның басшылығымен «Оңтүстік Қазақстан облысының даму экономикалық талдауы және басымдылықтары» монографиясы шығарылған.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

1976 жылдан 1977 жылға дейін – Жамбыл технологиялық институты ХТООП кафедрасының ассистенті, 1977 жылдан 1979 жылға дейін аталған жоғары оқу орнының тағылымдама – ізденушісі, 1979 жылдан 1982 жыл аралығында Мәскеу тоқыма институтының күндізгі аспирантурасында білім алған.  1983 жылдың ақпан айынан 1983 жылдың қараша айына дейін жеңіл өнеркәсібі машиналары мен аппараттары кафедрасының оқытушысы, 1984 жылдың қараша айынан мамыр айына дейін Жамбыл институты  металдар және материалтану кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 1995 жылдың мамыр айынан 1998 жылдың мамыр айы аралығында Мырхалықов Ж.Ү. аға оқытушы, доцент, коммерциялық бөлім бастығы,  жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі болып қызмет істеді. 1998 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің деканы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті тоқыма өндірісінің технологиясы кафедрасының профессоры.

2008 жылдың қыркүйек айында Ж.Ү. Мырхалықов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетіне жұмысқа шақырылып, жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің деканы  лауазымына тағайындалды.

2010 жылы инновациялық қызметі жөніндегі проректор лауазымына, 2012 жылдың наурыз  айында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып  тағайындалды.

Оның қоғамдық қызметі Тараз қалалық мәслихатының бірінші және екінші шақырылымдарының депутаты болып сайлануымен байланысты, ол мәслихатта  білім және ғылым бойынша тұрақты комиссияны басқарған.

Ж.Ү. Мырхалықов қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының ректоры бола отырып, университеттің  еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы  болуына мүмкіншілік беретін маңызды ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда.

Соңғы жылдары университет Қазақстан жоғары оқу орындары рейтингісі бойынша көпсалалы университеттер арасында 2-4 орындарды иеленіп, көшбасшылар қатарында келеді. Университетте мемлекеттік білім гранттарын ұтып алу саны өсіп келеді, олардың саны бойынша ОҚМУ 2012 жылы Қазақстан жоғары оқу орындарының арасында 4 орынға ие болды.

Ж.Ү.Мырхалықов университеттің материалдық-техникалық және зертханалық базалардың нығаюына және жаңартылуына аса үлкен көңіл бөледі. Оқу және ғылыми зертханалардың техникалық құралдары жаңартылды. Бұл университетке көптеген халықаралық және республикалық конкурстардың жүлдегері болуына себеп болды.

ОҚМУ студенттеріне  спорт шеберлігінің деңгейін көтеруге мүмкіншілік беретін университетте, спорт базасын жетілдіру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.

Жоғары білікті мамандарды даярлау ісіндегі көпжылдық маңызды  еңбегі, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жоғары жетістіктері, отандық ғылымды дамытудағы  табыстары, өндірістегі жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін оған Қазақстан Республикасы білімінің Құрметті қызметкері атағы берілді.

Content 2
10-285x191
167-285x191
616-285x191
698-285x191
1106-285x429

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту