Махатов Болатхан Махатұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Монголия ҰҒА шетелдік толық мүшесі (академигі) Махатов Болатхан Махатұлы 1956 жылы 12 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Бестоғай ауылында дүниеге келген.

1973 жылы Түлкібас ауданы, Ванновка ауылында Ломоносов атындағы орыс орта мектебін бітіріп, Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. Студент кезінен бастап, профессор Т.О. Измаиловтың жетекшілігімен физиология  кафедрасында студенттік ғылыми кружоктарға қатысып, көптеген студенттік конференцияларда баяндама жасап, профессор М.М.Бетембаеваның жетекшілігімен жаңа дегерес қой тұқымының жүн құрылысының ерекшеліктері туралы ғылыми жұмыстар жүргізеді.

Институтты үздік белгімен бітіріп Шымкент облысының ауыл шаруашылық басқармасының нормативті – зерттеу станциясында аға зоотехник болып қызметке тұрып, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру проблемаларымен айналысады. 1979 жылдың желтоқсан айында Қазақ қой шаруашылық ғылыми зерттеу институтына, мал шаруашылығын азықтандыру және химиялық зерттеу бөліміне аспирантураға түседі, сол кезеңнен бастап мал ағзасындағы минералды заттардың алмасуы, оның ішінде метионин және лизин аминқышқылдарының негізгі элементтерінің бірі күкүрттің алмасуын терең зерттеп, академик Т.И. Сарбасовтың жетекшілігімен 1984 жылы «Биязы жүнді қой тұқымдарының күкүртке қажеттілігі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация жұмысын қорғайды. Осы аталған кезден бастап Қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының физиология және азықтандыру биохимия зертханасына кіші ғылыми қызметкер болып орналасып, мал ағзасындағы азық заттардың азот, фосфор, калий, т.б. минералды заттардың алмасу процестерін зерттеу жұмыстарымен айналысып, әріптестерімен бірге республикалық бағдарлама жасайды.

Көптеген ғылыми – тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы дәлелденіп алынған нәтижелері Бүкілодақтық және республикалық үйлестіру кеңестерінде қолдау тауып, 1996 жылы докторлық диссертацияға жалғасып, ойдағыдай қорғап, ғылым докторы атағын алды.

1997 жылы қараша айында Ғылым Министрлігімен Ғылым Академиясының бұйрығымен Қазақ Қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтына директор болып сайланады. Бұл жылдары мемлекетімізді 6 жыл бойы егемендік алып, елімізге тән ерешеліктерді ескере отырып, ғылым бағытында жаңа бағдарламасын қалыптастыру кезеңі журіп жатты. Себебі көптеген тұрғыда кеңес дәуірі кезінде қалыптасқан ғылым мен шаруашылық қарым-қатынастар өзгеріп, жаңа заманға сәйкес талаптар туындай бастады. Сол себептен бұрынғы ғылымға деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп, ғалымдарға жаңа талаптар мен мақсаттар жүктеліп, жаңадан пайда болып жатқан проблемаларға жауап табу керек болды. Осы себептен ғылыми жаңа бағдарламалар жасалып, қалыптасып жатқан нарық талаптарына сәйкес жұмыстарды үйлестіру сұрағы туындады. Сонымен қатар мекеме басшысы ретінде ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру мен қатар шаруашылық сұрақтарымен де  тығыз  айналасуға тура келді.

Мемлекеттік меншік түрі өзгеріп, көптеген асыл тұқымды мал шаруашылықтары жекешелендірілудің нәтижесінде ғылым мен жаңа фермерлік қожалықтар арасындағы қатынастарды қарастыру қажеттілігі туды. Осы тұрғыда институт ғалымдарымен бірлесе отырып,  Б.Махатовтың жетекшілігімен асыл тұқымды шаруа қожалықтарымен ғылыми жұмыстардың ұйымдастырудың жаңа формасын қалыптастырды, жетекші ғалымдарға экспериментте жүрген мал бастарын жалға алып тәжірибелік іс шараларын жүзеге асырды. Осы мезетте олардың басы тек сан жағынан емес, сапалық жағынан да өсу басталды, бұрын шығарылған тұқымдарды жетілдіре отырып, жаңа мал тұқымдарын шығаруға қол жеткізді. Бұл кісінің институтты басқару кезеңінде жетекші ғалымдардың еңбегімен бір мұғалжар жылқы мен бір сарыарқа қой тұқымы шығарылды.

2003 жылы ауыл-шаруашылығы ғылыми зерттеу институттарын – үйлесімдеу мен қайта ұйымдастыруы шараларына сәйкес 5 (бес) ғылыми зерттеу институттары бір ғылыми орталыққа біріктірілді. Бұрынғы қой шаруашылығы ғылыми зерттеу Институты бөлімше болып бекітілуіне байланысты ол Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіне ұстаздық жұмысқа ауысып, алғашқы уақытта  кафедрада профессоры, кафедра меңгерушісі және факультет деканы қызметін атқарды. Осы кезеңнен бастап, ауыл – шаруашылыққа білікті жас мамандар дайындауда бірталай жұмыстар атқарды. Осыған қоса докторлық ғылыми кеңестің төрағасы ретінде елімізге жас ғылымдар дайындауда да үлкен еңбек атқарды. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетте жүрген кезінде әріптестерімен бірге 3 әдістемелік құрал мен бір кітап жазып шықты.

2008 жылдың маусым айынан бастап адам және жануарлар физиологиясы институтына конкурстық балама бойынша директор болып сайланып, институт ғалымдарымен бірлесе отырып физиология саласында мемлекеттік бағдарлама жасап, республикалық Ғылыми Техникалық Комиссияның қолдауына ие болды.

Бүгінгі таңда 90-нан астам ғылыми  еңбектердің, оның ішінде 2 кітап, 10-нан аса әдістемелік құралдар мен ұсыныстардың авторы. Жас ғылымдарға қамқор көрсете отырып, 3 ғылым кандидаттарын дайындап, 3 шәкірті докторлық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Негізгі ғылыми жұмыстары: 1) Рекомендации по изменению неорганических источников серы в питании овец (соавторы Сарбасов Т.И. и др. 1984). 2) Эффективное использование протеина овцами при полноценном кормлении их углеводу (Вестник с-х наук Казахстана Бастау, 2002, стр. 66-68).  3) Влияние распадаемости  протеина рубце на ферментацию корма (Вестник с-х науки Казахстана 4, Бастау, 2003, стр. 62-63). 4) Оптимальный уровень распадаемого протеина в сеносилостно  - концентратном типе кормления овец. (Вестник с-х науки Казахстана, 2003, стр. 58-59). 5) Биология разведения перепелов (соавторы Абрикосова В.И., Байбатшанов М.К., Алматы, 2008. 153 с.).  6) Рекомендации  по технологии производства яиц и мяса перепелов (соавторы Абрикосова В.И., Байбатшанов М.К., 2008, 63 с).

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту