Жұрынов Мұрат Жұрынұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Жұрынов Мұрат Жұрынұлы 1941 жылы 07 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Химия ғылымдарының докторы (1981 ж.), профессор (1981 ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994 ж., корреспондент-мүшесі (1989 ж.), Ғылым, техника және білім саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003 ж.), бірқатар халықаралық ғылым академияларының, жоғары мектеп халықаралық академиясының және т.б. мүшесі. ҚР Президенті жанындағы Ұлттар кеңесінің, ҚР Үкіметінің Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссиясының, ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының мүшесі, «ҚР ҰҒА баяндамалары» журналының бас редакторы, ИКҰ (Ислам Конференциясы Ұйымы) елдерінің ғылым академиялары ассоциациясының вице-президенті, ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының мүшесі, ҚР Премьер-министрінің ғылым жөніндегі кеңесшісі, ҚР Парламентінің Мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі болып табылады. «Парасат» орденімен (2005 ж.) және басқа да медальдармен марапатталған.

Қазақ химия-технологиялық институтын (қазіргі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті) тәмамдағаннан кейін ҚазХТИ-да оқытушы болып жұмыс істеген (1964-1966 ж.ж.), сонан соң Д.И.Менделеев ат-ғы Мәскеу химия-технология институтының аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыды (1967-1970 ж.ж.) және 1970 жылы қаңтар айында кандидаттық диссертациясын қорғаған. Одан кейін ҚазХТИ-да оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы (1970-1982 ж.ж.), Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры (1982-1985 ж.ж.), ҚазССР ҒА-ның Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры (1985-1991 ж.ж.), Қ.А.Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ректоры (1991-1995 ж.ж.), Қазақстан Республикасының Білім министрі (1995-1997 ж.ж.), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті (1997-2001 ж.ж.) болып еңбек етті. 2001-2007 жылдар аралығында ҚР БҒМ-нің Органикалық катализ және электрохимия институтының директоры болып жұмыс істеді. 2003 жылдың қазан айында ҚР ҰҒА президенті болып сайланды. 2008 жылғы 30 қыркүйекте келесі 5 жылдық мерзімге қайта сайланды. Сонымен бір уақытта ҚР ҰҒА-ның Зерттеу орталығын басқарады.

Д.И.Менделеев ат-ғы Мәскеу химия-технология институтында 1970 жылы  «Электросинтез ненасыщенных углеводородов на основе диенов» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін ҚазХТИ-дың электрохимиялық өндірістер кафедрасына қайта оралып, кафедра жанынан органикалық қосылыстар электрохимиясының зертханасын құрды және аспирантура ашты. Ол, органикалық  қосылыстардың әртүрлі кластарының электрохимиялық қасиеттерін зерттеуге және табиғи қосылыстар негізінде биологиялық белсенді заттардың электросинтезіне арналған ғылыми зерттеулерге жетекшілік етті. Ол органикалық қосылыстардың әртүрлі класстарының электрохимиялық күйін зерттеді және белгілі дәрілік заттармен қатар, жаңа физиологиялық белсенді заттарды электрохимиялық синтездеудің жаңа әдістерін ойлап тапты.

Ол, 1981 жылы қаңтарда, Д.И.Менделеев ат-ғы Мәскеу химия-технология институты жанындағы Мамандандырылған Кеңесте «Кейбір табиғи қосылыстар негізінде фармакологиялық белсенді заттардың электросинтезі» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғады және сол жылы профессор ғылыми атағы бекітілді.

Ол, сондай-ақ, әлсіз электролиттің ерітіндісіндегі өсімдік шикізатынан құнды алколоидтар мен стероидтарды электрлі-фаратикалық экстракциялаудың әдісі мен технологиясын ойлап тапты. Сонымен бірге, Шымкент химия-фармацевтикалық зауытында құрылғыны жартылай өндірістік сынақтан сәтті өткізді.

Қорғаныс өнеркәсібінде қызығушылық танытатын мыстың, темір мен кобальттың фосфидін алудың жаңа тәсілдері мен өндіру технологиясын әзірледі. Оқушыларымен бірлесіп, металлдардың нанокристалды ультрадисперсті ұнтақтарын алудың электрохимиялық тәсілдерін ашып, олардың біріне авторлардың есімдері берілді (Баешов-Журынов әдісі А.С. №1441833, 1989). Жұрынов Мұрат электрохимия саласында басқа да көптеген жаңалықтар енгізе алды (Таңдамалы еңбектерінің тізімі төменде берілген). Фосфор өндірісі саласындағы оның бірқатар жаңа тәсілдері АҚШ, ГФР, Ұлыбритания және басқа да шет мемлекеттерде патенттелген. Ол, «КСРО өнертапқышы» медалімен марапатталған.

Жұрынов М.Ж. электрохимия саласындағы жетекші мамандардың бірі болып табылады, отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген 500-ден астам ғылыми еңбектері, соның ішінде 17 монографиялары, 120-ға жуық авторлық куәліктері мен патенттері бар. Оның ғылыми жетекшілігімен 30 ғылым кандидаттары және 6 ғылым докторлары дайындаып, оның екеуі ҚР ҰҒА-ның академиктері болып сайланған.

Мұрат Жұрынұлының ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі жоғары бағаға ие. Ол, 1989 жылы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланады, ал 1994 жылы ҚР ҰҒА-ның толық мүшесі болды. Сонымен қатар, М.Жұрынов Халықаралық инженерлік академиясының, Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясының (Мәскеу) да академигі болып табылады. Ол бірқатар халықаралық симпозиумдардың ұйымдастыру комитеттерінің мүшесі, докторлық диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңес төрағасы болған. 2003 жылы, ол, Ғылым, техника және білім саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Одан басқа, оған, Джорджтаун университетінің (Вашингтон, 1996 ж.) профессоры атағы құрметті атағы тағайындалған, Түрік әлемінің халықаралық сыйлығының иегері (Анкара, 2001 ж.), Токио университетінің Алтын медалімен (2001 ж.), Францияның ғылыми-өндірістік қоғамының (Париж, 2003 ж.) және Украина ҰҒА жанындағы «Золотая фортуна» қоғамының алтын медальдарымен марапатталған.

М.Жұрынов Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор үлес қосты және қосып келеді. Солардың ішіндегі маңыздыларының бірі киелі шаһар, рухани астана Түркістан қаласында ірі университеттің құрылылуы мен дамуы. Ол, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен (1991 ж.) ашылған, Қ.А.Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры болды. Оның бастамашылығымен бұл университет Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті болып қайта құрылып, қазіргі уақытта республикамыздың алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі болып табылады. Оның басшылығымен Түркістан қаласында заманауи университет қалашығы бой көтерген.

Жұрынов Мұрат Жұрынұлы 1985 жылдан бастап бірқатар мекемелер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшысы (директор, ректор, министр және т.б.) лауазымдарын атқарып келеді және қайсысында болмасын, ол, қызметтестерінің арасында еңбексүйгіштігімен, әділдігімен, құзыреттілігімен, принципшілдігімен және адамдармен қарым-қатынаста қарапайымдылығымен аталып жүреді.

 Таңдамалы еңбектері (монографиялары):

1. Жұрынов М.Ж. «Электросинтез физически активных веществ», Қарағанды, 1984ж.

2. Молдахметов З.М., Жұрынов М.Ж.., Минаев Б.Ф. «Квантовая электрохимия алкалоидов», «Наука Каз ССР» баспасы, Алма-ата, 1986ж.

3. Жұрынов М.Ж.., Жәрменов А.А. «Применение полимерных мембран в гидроэлектрометаллургии меди», «Наука» баспасы, Алматы,1988ж.

4. Газалиев А.М., Жұрынов М.Ж., Фазылов С.Д. «Новые биоактивные производные алкалоидов», «Ғылым» баспасы, Алма-ата, 1992ж, 208с.

5. Баешов Ә., Жұрынов М.Ж. «Электрохимия негіздері», Алматы, 2001ж.

6. «Химия и фармакология гидразидов», «Ғылым» баспасы, Алматы 2002ж.

7. Жұрынов М.Ж., Газалиев А.М. «Гетероциклизация эфедриновых алкалоидов», «Ғылым» баспасы, Алматы, 2006ж.

1077-285x169
1082-285x161
1270530039-227x172
26082009190209-100x150
zhurinov-139x150

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту