Бозымов Казыбай Қараұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Бозымов Казыбай Қараұлы, Қызылорда облысы Арал ауданының Сексеуіл бекетінде 1949 жылы 16 ақпанда дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1976 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын үздік бітірген.  

            Еңбек жолын 1964 жылы Орал бекетінің локомотивтік депосында нақты өлшемелі аспаптарды жөндеу, реттеу және оларға қызмет көрсету слесары ретінде жұмыс жасай жүріп, жұмысшы жастардың № 54  кешкі мектебінде оқыған. 1967 жылы сәуір айында тепловоз машинисінің көмекшісі қызметіне ауыстырылған.

            1969 – 1971 жылдары Кеңес әскери қарулы күштері қатарында қызмет ете жүріп, қатардағы жауынгердің жоғары наградасы – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

            1971 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1976 жылы үздік бітіріп шықты.

Бұдан кейінгі еңбек жолы жоғарыда аталған оқу орнымен тығыз байланысты, осы оқу орнында ассистент қызметінен бастап, аспирант, жеке мал шаруашылығы кафедрасының доценті, зооинженерлік факультеттің деканы, Батыс Қазақстан аграрлық университетінің бірінші проректоры, одан кейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректорына дейінгі лауазымдық қызметтерді атқарды.

      09.1976 – 01.1976 ж.ж. –  Жеке мал шаруашылығы кафедрасының

ассистенті;

      01.1979 – 12.1981 ж.ж. – Бүкілодақтық етті мал шаруашылығы

ғылыми-зерттеу институтының аспиранты;

 12.1981 – 04.1987 ж.ж. – Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық

институтының (БҚАШИ) жеке мал шаруашылығы кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы;

 04.1987 – 12.1987 ж.ж. –  БҚАШИ  зооветеринария факультетінің деканы;

 12.1987 – 01.1990 ж.ж. – БҚАШИ партия комитетінің хатшысы;

 01.1990 – 05.1996 ж.ж.–  БҚАШИ оқу жұмыстары жөніндегі проректоры;

 05.1996 – 02.2000 ж.ж.–  Батыс Қазақстан аграрлық университетінің                                 

бірінші проректоры;

 02.2000 – 01.2002 ж.ж.– Басқару және Құқық институтының ректоры;

 01.2002 – 11.2002 ж.ж.–  Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық

университетінің ректоры;

04.11.2002 жылдан осы уақытқа дейін – Жәңгір хан атындағы Батыс

Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры.

Қ.Қ. Бозымов 1982 жылдың қарашасында Сібір мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық институтында (Новосибирск қаласы) ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысын, ал 1994 жылы «Батыс Қазақстанның шөлейт  жағдайында таза сиыр етін өндіру кезінде мал шаруашылығындағы  технология мен селекцияның қазіргі жағдайы және  оны жетілдірудің әдістері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының 1996 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен «Зоотехния» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Профессор Қ.Қ. Бозымов 233 ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің, мақалалардың, соның ішінде «Қазақтың ақбас сиыры» және «Түйе шаруашылығы» монографияларының, «Цитология, эмбриология, гистология негіздерімен жануарлар анатомиясының практикумы» мен «Жылқы және түйе шаруашылығы» оқулықтары, асылдандыру, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен асылтұқымдық қасиеттерін арттыруға арналған ұсынымдар мен нұсқаулықтардың авторы. «Ерлікке тағзым» және «Білім берудегі сапа менеджменті» кітаптарын шығарған.

Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық, бір докторлық диссертация  қорғалды. Қазіргі кезде де ғылыми зерттеулермен белсенді түрде айналысады, Батыс Қазақстандағы асылтұқымды жануарлардың көбею қабілеттерін арттыруға арналған тақырыптың ғылыми жетекшісі болып табылады. Университеттің диссертациялық кеңесінің төрағасы. Қазақстан ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланды, сондай-ақ Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі. Қазақстан ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының Батыс Қазақстан филиалының төрағасы.

Малды асылдандыру жұмысындағы ірі жетістігі үшін (жаңа аймақтық түр және қазақтың ақбас сиырының екі линиясын шығарған) ҚР ӘМ зияткерлік меншікті қорғау комитеті профессор Қ.Қ. Бозымовқа 2010 жылы 3 патент берді.

Әртүрлі қызметтерде жұмыс жасай жүріп Қазыбай Қараұлы өзін білгір, ынталы жетекші, жоғары мектептің жаңашыл басшысы ретінде көрсете білді. Ұйымдастырғыш таланты, белсенді ғылыми-педагогикалық қызметі өзі басқарып отырған университеттің дамып-өркендеуіне мүмкіндік туғызды.

Бүгінгі күні университет: 35 - бакалавриат, 2 - жоғары арнайы білім, 22 - магистратура және 4 - phD докторантура мамандықтары бойынша білім беру қызметін көрсететін еліміздің  ірі агроинженерлік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. 2008 жылы университет білім беру қызметін көрсету құқығына мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Бәсекеге қабілетті мамандар дайындау және болашақта жоғары оқу орнын халықаралық аккредиттеуге жағдай тудыру мақсатында білім беру сапасын арттыру бойынша төмендегідей өзгерістер жүзеге асырылды:

-еуропалық білім беру кеңістігіне ену талаптарына сәйкес «бакалавр-магистр-докторантура» жүйесі бойынша мамандарды көпдеңгейлі дайындау оқу үрдісіне кіргізілді;

 -2003 жылдан бастап еліміздің алғашқы он жоғары оқу орындарының қатарында кредиттік оқыту технологиясының ендірілуі инновациялық түрдегі оқу сабақтарын пайдалануға кең мүмкіндітер тудырды;

-университет еліміздің алғашқы алты жоғары оқу орындарының қатарында ИСО 9001 сапа менеджменті жүйесін және ИСО 14001 экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттап, ХХI ғасырдың кәсіпорнының ықпалдастырылған менеджмент жүйесін түзуге бастама жасады;

-оқытушыларға арналған 72 пәтерлік тұрғын үй, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу институтының ғимараты пайдалануға берілді;

-оқытушыларға және жас ғалымдарға арналған 44 пәтерлік тұрғын үй, студенттік медициналық орталық  пайдалануға берілді;

-9 қабатты 560 орындық студенттік жатақхана іске қосылды.

Аймақтың инженерлік техникалық мамандарға зәрулігін ескере отырып, ҚР үкіметінің  2005 жылдың 25 маусымындағы № 666 қаулысымен құрамында оқу өндірістік орталығы бар машинажасау факультеті ашылды. 2008 жылы машинажасау факультетінің 950 орындық оқу ғимараты және оқу-өндірістік орталығы пайдалануға берілді.  Аталған факультеттің оқу-өндірістік орталығы еуропалық стандарттар деңгейіндегі оқу-ғылыми жабдықтармен қамтамасыз етілді (сандық бағдарламалық басқарылатын станок-роботтар, өңдеу орталықтары, заманауи өлшегіш және сынау аппараттары).    

Университетте біліктілікті арттырудың өңірлік орталығы ашылды. Оның негізгі міндетінің бірі - өңірдегі бірбейінді кәсіби техникалық мектептер мен колледж оқытушыларының кәсіптік біліктілік деңгейлерін арттыру және оларды қайта даярлау.

Аймақтағы ірі өндірістік компаниялармен (КПО б.в., Конденсат, Агрореммаш, Зап.Каз.РЭК және басқалары)  әлеуметтік серіктестік аясында арнайы білім беру гранттарымен оқитын студенттер саны жүзге жақын. Университетке 12 Президенттік және 3 атаулы шәкіртақылар бөлінді.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында университет кампусының ланшафтысы «Алғашқы тың игерушілер» аллеясын салу, 3000 астам бағалы ағаш көшеттерін егу, гүл клумбалары мен 5000 шаршы метрлік көгал отырғызу арқылы әдеміленді.

Соңғы екі жылда оқу ғимараттары мен жатақханаларға жалпы құны 180 млн. теңге болатын ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. 

Университет «Алгоритм» өңірлік технопаркінің құрылтайшысының бірі болып табылады және технопарк арқылы университет ғалымдары бірнеше инновациялық жобаларды жүзеге асыруда.

2004 жылы ҚР индустрия және сауда министрлігімен университеттің сынау орталығы аккредиттелінді. Бұл орталық құрамына заманауи құралдармен жабдықталынған физико-химиялық, агрохимиялық және ветеринариялық зертханалар кіреді. Бұнда әртүрлі өнімдердің сапасының физикалық және химиялық көрсеткіштерін анықтайды, сондай-ақ өңірдің негізгі нысандарының экологиялық жағдайларына мониторинг жасалынады.

  Университеттің соңғы жылдардағы басқа да жетістіктері:

-2004 жыл, «Іскерлік практикадағы жоғары сапасы үшін» алтын медалі,  ФЕБР халықаралық қор басқармасы (Женева қаласы);

-2006 жыл, «За продвижение глобального качества» алтын сертификаты,   JQP халықаралық бағдарламасының кеңесі (Женева қаласы);

-2008 жыл, «Еуропалық сапа» халықаралық наградасы, Еуропалық Бизнес Ассамблеясының номинациялық комитеті (Оксфорд қаласы);

-2008 жыл, университет Тараз декларациясына қосылды;

-2010 жыл, университет университеттердің Ұлы хартиясына қол қойды

(Болонья қаласы);

-2010 жыл, 14 білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтті;

-2010 жыл, ҚР БжҒМ институционалдық аккредиттеу талаптары мен критерийлеріне сәйкестігіне аккредиттеуден өтті;

-университет жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингіне қатысады (Quacquerelli Symonds Limited агенттігі, Ұлыбритания).   

ҚР БжҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының рейтингіне сәйкес университет 7 аграрлық-техникалық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының үздік үштігіне кіреді. 

Наградалары:

ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы;

ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы;

БЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасы;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі;

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;

ҚР Президентінің Алғыс хаты, 2005 ж.;

«Құрмет» ордені, 2006 ж.;

ҚР Президентінің Алғыс хаты мен «Барыс» белгісі, 2009 ж.;

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісі, 2010 ж.;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалы, 2011 ж.

Қ.Қ. Бозымов – беделді ғалым, қоғам қайраткері, білікті кәсіби-жетекші, студенттер қауымы мен әріптестері арасында, облыс пен Республика көлемінде абыройға және құрметке ие. Ол «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі. 2005 жылы ҚР Президенттігіне Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі қалалық штаб төрағасы  және сенімді өкілі болды.

            Облыстық мәслихат депутаттығына үш мәрте сайланды. Экономика, инфрақұрылымды жоспарлау және дамыту жөніндегі  тұрақты комиссияның төрағасы.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Исламов Сұлтан Тұрсынханұлы 2016-01-26 15:27
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті еліміздің алдыңғы қатарлы іргелі оқу орындарының бірі екені баршамызға мәлім, оған қоса әлемдік деңгейде бәсекеге сай мамандар дайарлаумен қатар өзінің алған қадамын нық басып, ұлғайтып үлкен биіктерден корініп жүрген жоғары оқу орны.Университеттің қарыштап дамуына үлкен үлесін қосып келе жатқан университет ректоры, беделді ғалым, қоғам қайраткері, білікті кәсіби-жетекші Қазыбай Қараұлы сіздің ұлкен көрегкндігіңіздің, білікті де білімді басшылығыңыздың арқасында. Мен сізді өзімнің өмірлік тұлғам деп санаймын. Мен сіз басқарған университетте оқығыныма ризамын. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін жадымда ұстап әр бір жаңалығына қуанып жүремін.Университеттің алар белестері көп болсын! Қазыбай Қараұлы сізге мол бақыт, зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту