Базарбаева Сәуле Маратқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры (Қазақстан, Ақтөбе), техника ғылымдарының докторы, ЖАК доценті, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің, Алматы экономика және статистика академиясының профессоры, Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі.

Қазіргі кезде Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ғылыми-зерттеу істері  жөніндегі проректоры қызметін атқаруда. С.М. Базарбаева өзінің ғылыми жұмыстарында негізінен өнеркәсіптік экология, геоэкология, мұнай-газ, химиялық және металлургиялық өнеркәсіп қалдықтарын кешенді түрде қайта өңдеу, пайдаға асыру әдіснамасы, тері өндіру технологиясы сияқты өзекті тақырыптарды көтерді. Ғалым 80-нен астам ғылыми жұмыстар жариялады, соның ішінде 2 монография, 8 өнертабысқа арналған  авторлық куәлік, ҚР 2 предпатентінің авторы болды.

             Бүгінгі таңда Сәуле Маратқызы техникалық білім беруге арналған оқулықтардың сарапшысы болып табылады. Инновациялық жобаларға қатысты бірқатар конкурстардың жеңімпазы. Оның ғылыми еңбектері қоршаған ортаны қорғау, геоэкология, минералды ресурстарды тиімді пайдаланудың теориясы мен  практикасын дамытуға зор үлес қосты.

С.М.  Базарбаева тек ұйымдастырушы ғана емес, ғылым саласын белсенді насихаттаушы да болып табылады, қоғамдық, ұйымдастырушылық қызметке жан-жақты ат салысады.

Оның ғылыми қызығушылықтарының аясы өте кең, нақтылар болсақ, өнеркәсіптік экология, табиғатты тиімді пайдалану, тері және жүн өңдеу технологиясы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру және ағарту, өнеркәсіптік дизайнды атап өтуге болады.   

Жергілікті БАҚ-тағы көптеген жарияланымдар мен сұхбаттардың авторы. Бүгінгі таңда Сәуле Маратқызы Базарбаева өзінің ғылыми жобалары мен өнертабыстарын оқу процесіне және өндіріске енгізумен айналысады.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту