Абдуалы Асқар Бегәділұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Асқар Бегәділұлы Абдуалы 1953 жылы 03 қаңтарда Жамбыл облысы Байзақ ауданында туылған. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1992-1996 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды. 1996-2003 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры болды. 2003-2010 жылдары А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік университеті Тараз институтын басқарды. Қазақстан білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаевтың 2010 жылдың 19 наурыздағы бұйрығымен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарып келеді.

А.Абдуалы т.ғ.д., профессор, 100-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы. Жамбыл облысында белсенді қоғам қайраткері ретінде белгілі. Мемлекеттік «Ерен Еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, сонымен қатар ҚР білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы «Қазақстан Республикасы ағарту саласының құрметті азаматы» марапаттық белгілерімен марапатталған.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Айтбатыр Ләззат 2016-01-26 13:09
Салеметсізбе Асқар Бегаділұлы біз филология факультетінің Кро 11-1 тобының 2 курс студенттері.Былтыр бізге оқуға түскен жылы тобымыздағы 5 студентке ректор гранты берілген.Осы
оқу жылының қыркүйек айында өзімізді грантқа қайта ұсынып,қажетті құжаттарды өткіздік.Одан кейін деканатқа жауабын білуге бірнеше рет бардық.Басында приказ шықпады деп жүрді кейінгі барғандарымызда декан орнында жоқ,түстен кейін немесе ертең келіңдер деп жүрді.Сонымен біраз уақыт өтті группа старостасы барып сұрағанда ертен кел приказды қарау керек деді.Содан бізді ректор грантынан алып тастағанын 6-шы желтоқсанда яғни емтиханға екі-ақ апта қалғанда бірақ білдік.Деканнан приказдын қашан шыққанын сұрап едік 10-шы қазан деді содан біз неге ертерек айтпадыңыз деп едік филологияда ректор грантында 25 студент бар солардың әрқайсысының артынан жүгіріп жүрем ба деді.3-ақ студент өтті 1-еуі спортсмен,2-еуінің ата-анасы жоқ деді.Біз екі аптада оқу толемақысын қалай төлейміз? Не істесек болады? Оның үстіне 50 пайызы 110 мың теңге.Сізге жолығуға барып едік жоқ екенсіз хатшыңыз оқу ісі жөніндегі проректор Амандосова Расима апкиге жіберді.Ол кісіге жағдайды айтып бастап едік Ләззат деген бір кісіге жіберді ол кісі орнында болмады деп қайта барғанымызда Расима апки бізді кіруге болмайды деп қабылдамады.Сондықтан сізге өтініш жазып отырмыз.Сізден көмек күтеміз.Өтініш жазғандар:Мырзабала Жанерке,Тұрсын Ақниет,Айтбатыр Ләззат.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту