Абылқасымов Болатжан Шайзадаұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Абылқасымов Болатжан Шайзадаұлы 08.04.1950 жылы бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келген. Саңлақ ғалым, филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996), Халықаралық педагогикалық білімдер ҒА-ның корреспондент мүшесі (Мәскеу, 2002), Халықаралық қоғамдық Ш.Айтматов академиясының академигі (Бішкек, 2003), ҚР Білім беру ісінің үздігі (2000), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004). Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін (1973), аспирантурасын (1977) бітірген. Ресей ҒА шығыстану институтында тәжірибеден өткен (1977-1979). ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының докторантурасын тәмамдаған (1992). Сол институтта аға лаборант (1973-1975), кіші ғылыми қызметкер (1975-1977, 1979-1981), ғалым хатшы (1981-1989), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында доцент (1992), декан (1992-2000), кафедра меңгерушісі (2000-2006) қызметтерін атқарған. 2006 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» (1979), «XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1988), «Қазақ фольклорының тарихилығы» (1993), «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (1994), «Әдебиет терминдерінің сөздігі» (1996), «Әдебиеттану» (1998), «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» (1999), «Қазақ әдебиеті. Энциклопедия» (2000), «Қазақ ханымы» (2002), «12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны» (2005), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2006) ұжымдық еңбектері авторларының бірі. Б.Абылқасымовтың жетекшілігімен 1 докторлық, 4 кандитаттық диссертация қорғалған.

Шығармалары: Жанр толгау в казахской устной поэзии (монография). Алма-Ата: Наука, 1984; Акакдемик М. Сильченко (библиографический справочник). Алма-Ата: Наука, 1988; Телқоңыр. Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры (монография). Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993; Көкбай ақын (оқу құралы). Алматы, 1998; Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры (хрестоматия). Алматы, 2004; Қабанбай батыр (оқу құралы). Алматы, 2005.

0001-285x203
0002-285x193
0003-285x185
0004-285x176
abylkasimov-285x383
abylkasimov1-285x189

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту