Өтеғұлұлы Өтеген

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Өтеген батыр (1699–1773 жж.) – XVIII ғасырдың  бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры.

Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне соққы берген Салқам Жәңгірдің сапарында ұрысқа қатысқан.

Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жылы шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайыпты деген аңыз да бар.

Өтеген батыр – ел арасында аңызға айналған адам. Оны алғаш жырлаған Сүйінбайдың бабасы Күсен ақын. Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаған тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен.

Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Кенен Әзірбаев пен Делебаев дерегіне қарағанда, Өтеген батырдан – Тарпаң, одан Бименбет – Толымбек – Жолдаспай 1956 жылы Жамбыл облысы, Краснагор ауданы, «Кеңес» колхозында тұрған. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға әдебиетшілер Е. Ысмайылов, Қ. Тұрғанбаев, Н.С. Смирнова, С. Бегалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар.

Халық аңыздарында Өтегеннің жүрегінде түк бар екендігі туралы айтылады. Бұл тектен тек емес. Енді бір аңыздарда Өтеген туғанда оның маңдайында қос мүйіз болған екен деседі жұрт. Біз білетін Шығыс, Азия тарихына қатысты әдеби туындыларда ондай мүйізді асыл тек Ескендір Зұлқарнайын ғана. Қазақ батырлары шежіресінде мұндай нысаналы бейне жалғыз Өтеген батыр.

Ел аузындағы әңгімелер мен ақындардың жыр-дастандарында көрініс тапқан аңыз жерлерінде Өтеген батырдың әкесі Өтеғұл батырдың ержеткен екі ұлы бірдей оба ауруынан қайтыс болады. Бұл шақта Өтеғұлдың жасы елуге келген екен. Он екі ұлдың қайғысы батырға қатты батады. Жер ортасы жасқа келгенде он екі ұлдан бірдей айырылған батыр басын жерден көтере алмай, көз жасын бұлай береді. Өтеғұлдың жақсылығын көрген, оны пана тұтып, жан сақтаған жұрт батырмен бірге қайғырып, соның тілеуін тілейді құдайдан. Сөйтіп жүргенде Өтеғұл түс көреді. Түсінде батырға бір ақсақалды, сары тісті қария келіп былай дейді:

-         Өтеғұл, егіліп жылай бермей, көз жасыңды тый! Қолыңды жай, батамды берейін, – дейді. Батыр көзінің жасын тиып, қариядан бата сұрайды. Сонда ақ сақалды қария былай деп бата берген екен:

-         Құдай тілеуіңді береді, он екі ұлға татитын ұл көресің!

Осыдан кейін Өтеғұл кіші әйелі Нұрбаладан бір ұл көреді. Баланың шілдеханасында жаныс жұртының ақсақалы тоқсандағы Жанысбай қария Өтеғұлға: «Батырым, өлгендерің өтелді, баланың аты Өтеген болсын!», – деп атын Өтеген қойдырыпты.

Дереккөз: М. Солтангазина, Б. Шәкиев, Ф. Лекерова. Тарихи тұлғалар. – Алматы: Алматыкітап. – 2009. - 330 б.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# АЙНҰР 2016-01-28 09:16
маған ұнады деректер жетерліктей екен Өтеген атамыз туралы деректі білдім
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту