Өмірұлы Жасыбай

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Жасыбай Өмірұлы - қазақ батыры. XVIII ғасырда өмір сүрген. Орта жүздің арғын тайпасынан шыққан. Әкесі от ауызды, орақ тілді атақты Өмір шешен. Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Жасыбай ба­тыр құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Баянауыл өңірін, басқа да қазақ жерін жоңғарлардан азат ету күресіне белсене араласқан. Келесі бір шайңас алдында Олжабай батыр Жасыбай батырға сарбаздарымен келе жатқан жоңғар жасағының жолын бөгеп, жібермеуді тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр екі есе көп жау қолымен асқан ерлікпен соғысады. Бірақ оқыс тиген жау садағының оғынан қаза болады. Қазақ қолы шегіне бастайды. Сол кезде тау шатқалына Олжабай бастаған әскер кіреді. Олжабай батыр Жасыбай батырдың жау оғынан мерт болғанын естіп, қалмақтарды қырып салады. Бүл күнде ол жер "Қалмаққырылған" деп аталады. Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жасыбай көлі, Жасыбай асуы деген жерлер бар. Жасыбай батырдың бейіті сол асудың үстінде. Халық арасында батырдың ерлігін баяндайтын "Ер Жасыбай" жыры сақталған.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту