Әлменұлы Бөлтірік

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Әлменұлы Бөлтірік (1771 – 1854) – қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Туып өскен жері Жамбыл обылысының Шу ауданына қарасты Шоқпар ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл обылысының Талас ауданына қарасты Жәдік ауылы, Жәдік көлінің жағасы.
Бөлтіріктің шыққан тегі Ұлы жүз – Ысты. Шежіре дерегі бойынша Ыстыдан өрбіген бір ата Ойықтан Қызылқұрт, Зорбай Ауызсүзген), Орбай (Көкшекөз), Сәтек туған. Осы төрт бұтақтың Зорбайыннан Бәйгелді, одан Қосай, одан Малай, одан Сүйіндік, одан Өтеген, одан Әлмен, одан Бөлтірік туады. Бөлтіріктің нағашысы – әйгілі Қарменде би.
Ақындық, шешендік өнері ерте танылып, төңірегін әділдік-тапқырлығымен, өз ортасының кісілікті, жарастықты болуына айрықша ықпал еткен. Оның абырой беделі айыл арасымен шектелмей, ел қамы мен халық тағдырына қатысты істерде де еленіп-ескеріліп отырған. Ол Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, сөзімен де, ісімен де танылған. Сондай-ақ Бөлтірік өз тұсындағы Балпық би, андас Құтым би, мырза Жинақ би, сары үйсін Сары би, ботпай Сыпатай би, Байсерке би, албан Малай би, Ноғайбай би, тобықты Құнанбай мырза, сондай-ақ, Сұраншы батыр, Сыпатай батыр, Тезек төре сияқты игі жақсылармен тізе түйістіріп, бастас болып, ел ісіне бел шеше араласқан.
Айтқан сөзі жерге түспеген аса сұлтан Тезек төре айтыпты дейді: «Мен екі ақын, бір шешен көрдім: бірі – жалайыр Бақтыбай, біреуі – қызыл керей Сүйінбай, үшіншісі Бөлтірік шешен. Атам – Абылай, әкем – Әділ, өзім Тезек едім. Он сегіз мың ғаламды жарылқап, қорғауға күшім жетуші еді, осы үшеуінен біржола сағым сынды.»
Сондай-ақ, «Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт», – деген сөзді әйгілі Ноғайбай би айтыпты дейді.
Бөлтірік шешеннің айтқыштық тапқырлығы жөнінде ел ішінде аңыз әңгіме мейлінше мол. Соның бірі былай айтылады: Ежелден қазақ пен өзбектің арасы әзіл-қалжыңсыз болмағаны мәлім. Бірде кіре тартушы өзбек бақырауық атанмен келе жатса, Бөлтірік шешен қарсы кездесіпті. Өзбек кіреккеш Бөлтірікті,  танып, бір жағы әзілмен, бір жағы сынамақ болып: «У,Бөлтеке, мына түйе німә деп бақырады?» депті.
Сонда Бөлтірік іркілместен: «Е, түйе былай деп бақырады» – деп мынаны айтқан екен:
                                          «Үстіме жеті батпан азық арттың,
                                          Сабалап бас көзімді зар жылаттың.
                                          Қазақ болса жайымды білер еді,
                                          Дәл енесін ұрайын сендей сарттың!»
Бөлтірік шешен туралы А.Байтұрсынов, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, К.Әзірбаев, З.Қабдолов, Ж.Дәдебаев еңбектерінде толымды мағлұматтар кездеседі.

Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 176 б.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Соврукова Толқын 2016-01-26 14:18
менің білгім келетіні өзімнің атам Бөлтіріков Саурық Дәберұлы туралы ,менің білетінім ол кісінің туған жылы 1905 жыл,руы ысты, туған ауылы жамбыл облысы сарысу ауданы байкадам елді мекені деп жазылган,бірақ ол кісінің жоғарғы қызметтерде болғанын естіп білдім ,ташкенттегі рабфакты бітірген деп естідім,1937 жылғы қудалауға ұщырап,аты жөнін өзгерткен дейді,өзінен кейін қарындасы болғанын,және ол қарындасын ташкенттегі жетімдер үйіне алып қойғанын білдім ,ол кісі 1941-1945 жылғы ұлы отан соғысына да қатысты,1979 жылы қайтыс болды,менің білгім келетіні менің атамнын Бөлтірік шешенге туыстығы бар ма екен, қарындасы туралы мағлұматтарды білгім келеді,және бір мәселе,ол кісінің СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВ ағамен хат алысып тұрғанын ,сол хаттарды тауып алып оқығаным бар еді ,бірақ ол кезде мен 3 сыныпта оқитын едім де бұл жағдайларға онша мән бермедім ,және кезінде қазақ ғұламалары Сәкен Сейфуллин Бейімбет Майлин,тағы басқалармен қызметтес болғанын да естідім,енді қазір осы естігендерім мені қызықтырып отыр,осы сұрақтарыма жауапты қайдан алсам болады?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ЕРДОС ШАЛДАНБЕК 2016-01-26 14:17
я Болтирик шешен атамыздай адамдар 1ооо жылда туатын ерекше тулгалар Казир ондай адамдар бар бирак азгой .казир создин маганасына ешким ман бермеиди . Казир олендер созинин маганасы мардымсыз музыкасына ман берген заман . казакшылыкты батыска еликтеп казак халкын батыстандыру протцеси жаппай казакпен эвропаны араластырмакшы пысыкайлар кобеиип барады.КАЗАКПЕН ЭВРОПА ЕШУАКЫТТА КАНЫ КОСЫЛМАЙТЫНЫН ТУСИНБЕИТИН КАЗАКТАР КОБЕИИП БАРАДЫ.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ҚАЗАҚ 2016-01-26 14:15
Өзбекке сауап болған
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Кызырбекова Камшат Мейрамбайкызы 2016-01-26 14:14
Меним акем Мейрамбай,атам Кызырбек. Кызырбек Болтриктин шобереси.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Алкадыров Азамат Кайратулы 2016-01-26 14:13
Алмен-Болтирик-Сандыбай-Баба-Досжан-Алкадыр-Кайрат жети атам
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту