Құттымбетұлы Наурызбай

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасы. Шыққан тегі - Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңыңдағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлер.

Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның "Торы ала тұлпарлы, түйе тұрпатты'" батыр бейнесінде қалуы да содан болса керек.

Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: "Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқыңдай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Торы ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолыңда. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды-солды ұрады" деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады.

Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғарларды жеңетінін, жау қолында қалған жерді азат етуге болатынын анық көрсетіп береді. Абылай Арқаға барғаннан кейін тұс-тұсқа жаушы жіберіп, жаңа күш топтайды. Осыған Ұлы жүзден Өтеген, Райымбек, Наурызбай секілді батырларды шақырады. Райымбек бара алмай қалады, Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзімді уақытыңда жетеді. Бірақ кейін Өтеген батыр Абылайдың Қытаймен жасаған қарым-қатынасының саяси мәніне түсінбей, оған қарсы болып, еліне қайтып кетеді. Ал Наурызбай Абылайдың қасыңда болып, оның сенім артар атақты батырларының біріне айналады.

Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-52 жылдары Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары батырлармен бірге тізе қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті жолын жалғастырып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды.

Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғысына Наурызбайдың өзімен бірге Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген бауырлары да қатысады. Бірақ олардың бәрі де жау қолынан қаза табады.

Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту