Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайракері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының  академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел  ордеңдері мен медальдерінің иегері.

Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан

Өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл ал-тын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орнала-сып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері және оның директоры болып істейді.

Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тыл-дағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. "Ал-тайполиметалл" комбинаты бас инженерінің орынбасары, Рид-дер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі — Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қыз-мет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми-зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен ны-ғайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады.

Д. Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жо-ғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-1986 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қаблетін аянбай жұмсай білді.

Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты бо-лып сайланды. СОКП-ның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия де-легациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайт-ты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшы-лықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Ал-пысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлегін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы бо-лып М.С.Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыт-тарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған

шағында кенеттен қайтыс болды.

 Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Мырзагали Данияр 2016-01-27 11:37
keremet !!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Еркебұлан 2016-01-27 11:37
Fажап АДАМ !!!!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Дархан 2016-01-27 11:35
Қазақ халқының маңдайына біткен,мың жылда бір туатын кемеңгер.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жәнібек 2016-01-27 11:35
osinday adamdar kobeyse eken!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Anuar 2016-01-27 11:35
Kazir prezident bolsa Kitai men Amerikadan da damimketetin siyaktimiz!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Азат 2016-01-27 11:34
Қазағымның кемеңгер ұлысын сен,
Пір тұтамын өзіңізді өмірде мен
Көбейе берсін қазағымның ұл-қыздары
Қасиеті өзіңдей бұл өмірден!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Карлыгаш 2016-01-27 11:34
Қазіргі уақытта билік басында осы кісідей атына заты сай азаматтар болғанында, қарапайым халықтың жағдайы әлдеқайда жаксы болар еді.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Таншолпан 2016-01-27 11:33
оте керемет кеменгер ұлы кісі.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# махАяз 2016-01-27 11:33
мұндай кісілер енді туылмас. Туылсада билікке жолатпайды
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бекболат 2016-01-27 11:33
ҚОНАЕВТЫҢ РУХЫНА
Димаш ата, нар тұлғалы арысым
Қазағымның жүрегісің, арысың
АЛАШ сені ардақ тұтар қашанда
Ту қып көкке көтерген соң намысын

ДІНМҰХАМЕД - Дін Ислам анығы
Қазағымның маңдай алды жарығы
Жүрегінде АЛАШ аты жазылған
Елін сүйген, жерін сүйген нар ұлы.

Қаза етпеген ар алдында ел сертін
Сені аңсайды айықтырмай ел дертін
Сағынады Алаш жұрты, сарғайып
Бір ғасырда бір келетін ПЕРЗЕНТІН.

Мынау заман рухтан қалған қағылып,
Жағымпаздар ту көтерген жағынып,
Соқыр, керең басшыларға табынып,
Ар саудасын жолға койған мәңгүрттер
Қайда жем бар, сол жерден жүр табылып.

Өзіңді де салғанменен азапқа
Тарих мүлде бұйырмады мазаққа
Сендей дара керек әр кез қазаққа.
Елін, жерін ойлайтұғын басшылар
Өкінішке орай бүгін аз-ақ та

Сен де заман бурасындай шөктің ғой,
Халқың үшін қара терді төктің ғой.
Қазағыма берекені дарытып,
Өз жолыңды өнегелі еттің ғой.
Қанша қысым көрсең дағы тағдырдан
Бәйтеректей пана болып өттің ғой.
Қазақ үшін заман жүгін арқалап,
Ешкімге де налымастан кеттің ғой.

Өмір жолың өнегемен туыс-ты
Саған елің мөлдір судай жұғысты
Сен өлмейсің, дұға тілер ардайым
Өз артыңда АЛАШ барда ырысты
Жатқан жерің жайлы болсын, тыныш-ты!!!

Амин!
Саменов Бекболат

19.02.2013 жыл
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту