Қойгелді Сартұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қойгелді Сартұлы (1702–1795 жж.) – жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінде қол бастаған атақты қолбасшылардың бірі. Шыққан тегі – Ұлы жүздің дулат тайпасының шымыр руынан.

Әкесі Қойгелдіні жеті жасында Бұхара медресесіне оқуға береді. Ол сонда он жыл білім алып, елге діни сауаты мол білікті азамат болып оралады. Оның ел ішінде хазірет атануы да содан. Бірақ жауынгершілік заман, ел басына түскен ауыр жағдай Қойгелдіні еріксіз хазіреттің сәлдесін тастап, дулыға, шапанын тастап, сауыт киюге, таспиғын тастап, найза ұстауға мәжбүр етеді.

Қойгедінің бүкіл өмірі, тағдыры Ұлы жүз елінің басшысы, қазақтың атақты биі – Төле бимен ажырата алмастай тығыз байланыста өтеді. Ұлы бидің сенімді серігі, жауға жұмсар батыры болған. Бұл ретте Төленің өмірін жазған Қазанғап: «Сол күндерде хазірет, Сарттың ұлы Қойгелді, Төледен кейін бастаған, Ұлы жүзді сол еді» – дейді. Сондай-ақ «Төле би келмей жүріс жоқ, Қойгелді келмей ұрыс жоқ» деген ел аузында сақталып, мақалға айналған ескі сөзде сол бір аласапыран кезеңде айтулы екі тарихи тұлғаның ел тағдырын шешуде қандай орын алғанын айғақтап тұрғандай.

Қойгелді әуелде батырлығымен аты шығады. Түрлі шайқаста жекпе-жек шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғарлардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ қолын жеңіске рухтандырған ерлігі ел аузында аңызға айналған. Кейін сардар болып, қол басқарғанда да ол әскери соғыс тәсілін жетік меңгерген басшы ретінде сарбаздардын жеңістен жеңіске ұмтылдырып, үлкен қолбасылық қабілетін танытады.

Атақты аңырқай шайқасына Қойгелдімен бірге екі інісі Қожық пен Ақша және баласы Қарабатыр да қатысады. Осы соғыста Ақша бірнеше рет жепе-жек шығып, жаудың бірнеше батырын өлтірсе, Қожық Ұлы жүз қолының ту ұстаушысы болады. Баласы 13 жасар Қара батыр қаптама соғыста ауыр жараланып, аттан түсіп қалған ағасы Ақша батырды қашан әкесі Қойгелді келіп алып шыққанша жауға бермей қорғап тұрады.

Қойгелді қолбасы ретінде Жетісу жері жаудан азат етілгенше жүргізілген соғыстардың бәріне қатысады. Кейін елді жаудан тазартылған жерге орналастыруда үлкен еңбек сіңіреді.

Кешегі Кеңес дәуірінде Қойгелдіні орыс керуенін тонаушы қарақшы ретінде көрсетіп келді. Соның салқыны оның кейінгі ұрпағына да тиіп, 1937 жылы олардың біразы «халық жауы» аталып, атылып, айдалып кетеді. Шындығына келгенде, Қойгелдінің керуен тонағаны да, кейін Төле би мен Шақшақ Жәнібек батырдың араласуымен орыс патшасының өкілі Карл Миллерге керуен шығынына мал беріп, төлегені де рас. Бірақ ол не қылған керуен еді. Мәселе осында. Ол – орыс патшасының қазақ жері арқылы жоңғар басқыншылығына жасырын қару-жарақ тиеп алып бара жатқан керуені еді. Кейін 1756-1758 жылдардағы атамекені жоңғарлардан тазарту жолындағы ақтық айқастарда осы орыс мылтықтары қазақ жауынгерлерінің қолында «сөйлеп», жеңіс туының жіберілуіне үлес қосқаны белгілі.

Қойгелді батыр 93 жасқа келіп, туған жерінде өз ажалынан қайтыс болған. Денесі сол кездің дәстүрі бойынша Түркістанға жерленген.

Дереккөз: М. Солтангазина, Б. Шәкиев, Ф. Лекерова. Тарихи тұлғалар. – Алматы: Алматыкітап. – 2009. - 331 б.

Content 2
image001-173x276
image001-209x399

Пікірлер  

# Қысатай Әлібек 2016-01-27 12:31
Тау етегiн жайлапты,
кермеге тулпар байлапты,
жон корсеткен жонгардын,
туныгын абден лайлапты,
кыран туган Койгелды,
тугырынан таймапты,
кара ниет кабанга,
кушагын еш жаймапты,
букыл елiн, аймакты,
жонгарды сок деп кайрапты,
сайманын сака сайлапты,
бiртуган Кожык батырга,
тапсырган сенып байракты,
рухы биiк болсн деп,
шешенiн кун-тун сайратты.
Ту етiп намыс байлапты,
алдына сап найзамен ,
душпанын малдай айдапты,
контайшынын кесырлi,
каны оган кайнапты,
Койгелды колын коргенде,
душпаннын iсi жайлапты.
бiр жекпе-жек устiнде,
тогыз жауын жайратты,
бурадайын шайнапты.
жау арыны тасканымен,
сарбаз саны асканымен,
айбар, ыза шашканымен
iлгерi адым басканымен,
казанат мiнген калмагын,
Койгелдыны андаса,
иманына жармаса,
тыстеп калган бармагын,
азырейл алардай,
кар барысы талардай,
тау тагысы тырнагын,
тамагына салардай,
оз олiмiн батырдын,
канжарынан табардай,
дырау камшы колга алып,
как мандайдан сабардай,
аркан салып аякка,
айнала узак шабардай,
карагай сап найзасына,
укыдейн тагардай.
Койгелдынын аскеры
ортекедей ойратты,
муйзын кесып ойнапты.
Содан берi урандап,
жонгарлар келе коймапты.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту