Қожа Ахмет Йассауи

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қожа Ахмет Йассауи (870 – 950 ж.) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йасауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған – жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты – Қарашаш.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ»). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йасауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.
Халық арасында Қожа Ахмет Йассауи туралы аңызға айналған әңгімелер көп. Соның бірінде оның 63 жасқа келгеннен кейін, өзінің пайғамбар жасынан асып, мына жарық дүниені көруін асылық санап, жер астынан мекен жасатып, қалған ғұмырын қылуетте өткізді делінеді.
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йасауи әзіреті сұлтан атлып, басына ХІV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Бертінде Қожа Ахмет Йасауидің өзі түрік халықтарының рухани атасына, ал күмбезі түрк дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.

Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 60 б.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# умида 2016-01-27 12:38
“ҚОЖА АХМЕТ ЙАССАУИ кесенесінің тарихы - есте калар сыр шертеді” такырыбында баяндама болса 5-6 бет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айзада Есімбек 2016-01-27 12:38
Қожа Ахмет Йасауи туралы малимет керек ертенге
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бейбарыс Жума 2016-01-27 12:37
мыкты адам болган екен Казак халкына жане ислам динине зор улес коскан адам болган!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# серікбай маханұлы 2016-01-27 12:37
ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ .
Сөзі , әні .
Толғаныспен . Серікбай Маханұлыніккі .

Сан ғасырлар арылмай тұңғиықтан ,
Жаттың қалай айтылмай бар шындықтан .
Асыл бабам ояндың тар қапастан
Оралғанда Ислам дін – Қазақстан .

Қайырмасы :
О –о –ой , О –о –о – ой .....
Зиялылар арасынан тіл қаттың ,
Дәру сұрап келгендерді жұбаттың .
Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Иассауи
Шайыр дарын - әділетті ұнаттың .

Арыстан бап іздеген шәкіртісің ,
Бір Алланың қолдаған тәңірісің .
Алпыс үште пайғамбар жасын жасап
«Қылуетті» қараңғы жерге түстің .

Қайырмасы :
Бақ орнаған қазақтың даласында ,
«Мазарың» тұр күмбез боп Түркістанда .
Сөлі қалған «құрманың» сүйегімен
Ғарыптерді жебедің заманыңда .
Қайырмасы
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Альбина 2016-01-27 12:37
саясатқа байланысты ой пікірлері мен шығармалары бар ма?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Правда 2016-01-27 12:36
туган жылы дурыс емес ол ал-фарабидын туган жылы
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту