Қобыланды батыр

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды – аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы.
Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Сондай-ақ, Қобыландының ірі қолбасшысы болып, талай шайқастарға қол бастап барғаны жөнінде де баяндалады.

Қобыланды батыр туралы дереккөзі қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі – «Қобыланды батыр».
«Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасының ең көлемдісі – Марабай нұсқасы. Бұл қаһармандық жыр көркем шығарма болғанымен, онда тарихи негіз бар. Ондағы жер-су және кісі аттары осыны айғақтайды. Ерлік жыры, тарихи деректер, шежіре көздері Қобыланды батырдың хас батыр болғанын дәлелдейді. Ол жас кезінде Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр ханның жанында жүреді. Ханның арандатуымен Қодан тайшының ұлы Дайырқожаны (Ақжол биді) өлтіреді.

Бұл оқиға Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп 200 мың адаммен бірге Шу өзені бойына көшуіне, сөйтіп, жаңа мемлекет – Қазақ Хандығының пайда болуына алып келеді.

Қобыланды батыр Маңғыт (Ноғай) Ордасындағы саяси оқиғаларға да белсене араласқан. Қазан қаласына жасалған жорыққа қатысқан.

Едіге бидің төртінші ұрпағы Әлшағырмен соғысқан. Өзі де Әлшағырдың ұлы Орақ батырдың қолынан қаза табады. Бейті қазіргі Ақтөбе облысы аумағында.

"Қобыланды батыр" жыры - қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма.

Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған.

Сондықтан да, «Қобыланды батыр» жыры көп нұсқалы жыр. Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жыраулардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі.

«Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек ХІХ ғасырда  ғана қолға алынды. «Қобыланды батыр» жырының бізге 29 нұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында, ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырларға арналған.

«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелінетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (Мысалы: Марабай, Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл, Сүйінішәлі, Дәулетше т.б.) аталған.

Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі, халық арасына кең тараған, ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар. Кейінгі кезге дейін белгісіз болып келген – Дәулетше нұсқасы. Бұл – мазмұны жағынан, көркемдік сапасы жөнінен болсын биік, оқшау тұрған жыр. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған нұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы.
М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, О.Нұрмағанбетова т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық, көркемдік қасиеті жан-жақты қарастырылған. Жеті буынды өлшемнен жырланған эпостың тілі айрықша көркем, эпитет, теңеу, салыстыру, бейнелеу, әсірелеу молынан кездеседі. Жырдың этникалық сипаты да біршама арнайы зерттелген.

Ел арасына Қарақыпшақ Қобыланды деген атаумен мәлім жырдың қыпшақ этносының ортасында қалыптасқаны анық (В.Боровков т.б.). М.Тынышбаевтың көрсетуінше, Қобыланды – Әбілхайыр заманында өмір сүрген тарихи тұлға (XV ғ.).

Ел аузындағы деректерге қарағанда оның бейіті Қобда өзені бойында.

С.П.Толстов болса Қобыландының қарақалпақ жеріндегі Қорғанша деген қамалда тұрғанын айтады.

«Қобыланды батыр» жырының күрделілігі жер-су атауларынан байқалады. Жырдағы Көктем, Аймақ, Қызыл ер, Нарқызыл секілді көптеген антропонимдік атаулардың арқауында этнонимдік ұғымдар жатыр. Олардың бірі түркімен, бірі қыпшақ тайпаларына қатысты ұғымдар.

Қазір бұл жырлар Мәскеу, Алматы, Орынбор, Қазан, Ташкент, Нөкіс т.б. қалалар мұрағаттарында, Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Қобыланбеқ 2016-01-27 14:57
Men atym Kobylanbek men Kobylanby batyrdan taraganmyn )
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Tursynov Madi 2016-01-27 14:56
Менин Атым-МАДИ! менде де Қобыланды батырдың ұрпағымын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# alibek -2001 2016-01-27 14:56
иа не дегенмен де кобыланды батыр оте мыкты болган
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Улыкпан Гулгул 2016-01-27 14:56
“Кобыланды батыр”жыры турки тилдес халыктардын, онын ишинде казак халкынын урпактан-урпакка ауызша,жазбаша тараган асыл мурасы. Кобыланды халыктын ертени мен бугинин ойлаган халык батыры,халык хаhарманы...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Азамат 2016-01-27 14:55
Қобыланды батыр туралы раман барма?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Алишер 2016-01-27 14:55
Кобыланды батыр туралы шыгарма бар ма?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Нуранова 2016-01-27 14:54
Кобыланды батыр туралы жаксы шыгарма тауып бересиздерма......
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мейрамгуль 2016-01-27 14:54
кобыланды батырдын шын атын тауып бересыздерма?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# нұрсаят 2016-01-27 14:54
рахмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Үміт 2016-01-27 14:53
Қобыланды батыр ерте заманда өмір сүрген.Ол өз елін жаудан қорғаған баыр
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жансая 2016-01-27 14:53
Кобыланды батырдын шын есими керек еди?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# диляра 2016-01-27 14:53
кобланды батыр жайлы реферат орысша
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Bauka 2016-01-27 14:52
Қобыланды атамыздың жәдігерлерін жыйнап жүрмін, бар болса сатып алуга дайынмын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# гаухар 2016-01-27 14:52
КОБЫЛАНДЫ батырдын шын есими ким
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# нурик 2016-01-27 14:52
Қобыланды батыр жыры туралы жоспарлар барма екен?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту