Қашаубаев Әміре

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қашаубаев Әміре (1888-1934) — қазақтың атақты әншісі. Туған жері - Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы. Алматы қаласынан топырақ бұйырған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы. Кедей шаруа жанұясында туып-өскен. Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты ар-қалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болады. Мұнан кейін әншілік даңқы алы-сқа жайылып, 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрме-де болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс медаль иемденеді. Мұнан кейін Москвада, Германия қалала-рында қойылған концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тындаушыларының көзін жеткізеді.

Әміре 1925 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр группасына қабылданады. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-артист болған. Әміре "Еңлік-Кебекте" Жапалдың, "Айман-Шолпанда" Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік қойылым-дарға жиі-жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға ай-рықша үлес қосады.

Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский, А.В.Затаевич, Г.Любимов сияқты өнердің парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған.

Қазақтың "Ағаш аяқ", "Үш дос", "Қос барабан", "Қызыл бидай", "Смет", "Жалғыз арша" сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі-өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Бұл ретте, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасар болғанын атап айтқан жөн.

Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Ибраева Бекнара 2016-01-27 11:25
Сіздерге үлкен рақмет!!! Бірақ маган Әміре Қашаубаеватың мінез-құлығы,жүріс-тұрысы керек еді.Және мағлұмат өте аз.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Алибаева Айдана 2016-01-27 11:22
Үлкен рахмет бірақ мағлұмат аз екен....
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бейбитова Жансая 2016-01-27 11:21
Әміре Қашаубаевтің әндерә
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Құмарова Аружан 2016-01-27 11:20
жалпы жаксы,рахмет,бірак бір айтарым мәлімет өте аз.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Болат Альбина 2016-01-27 11:20
Әміре Қашаубаев махаббатқа адал ол қол ұстасып сыпайы амандасатын ән салса өзін өзі ұмытатын кісіге тез үйір болатын жолдасқа жанын қиятын кісіні алдауды білмейтін адам болған
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту