Қазыбек Тауасарұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қазыбек Тауасарұлы - қазақ батыры, оқымысты. Шамамен 1692 жылы дүниеге келіп, 1776 жылы қайтыс болған. Қазыбек Тауасарұлы ұлы  жүздің шапырашты тайпасынан шыққан. Әкесі Тауасар Матайұлы би болған. Қазыбек бес жасынан Бүхарадағы медреседе оқиды, төрт жылда оқуын аяқтап, елге оралады. Ауылда бала оқытады. Кейіннен жанына Өтеген Өтеғүлұлын ертіп, білім іздеп жолға шығады. Олар Самар­қанда бір жарым жыл оқиды. Білімін толықтыру үшін Шам, Бағдат, Рим, Стамбұл ңалаларына барған деседі, өйткені кейіннен табылған "Түп-түқияннан өзіме шейін" деген еңбегінде осының бәрі баяндалады. Жоңғар шап-ңыншылығы кезінде қолына найза алып, талай шайқастарға қатысады. Тұтқынға түскен ағасы Байкөбекті құтқармақ болып, көп қалмақпен соғыс үстінде өледі. Батыр өлген жерді (қазіргі Алматы облысы Балқаш ауданында) жергілікті халық "Қазыбек тауы" деп атап кеткен.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту