Қабанбай батыр

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (XVII ғ. соңы – XVIII ғ. орта шені) – қазақ батыры. Азан шақырып қойған аты – Ерасыл.

XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған.

Найман ішіндегі Қожағұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза тапқан. 16 жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін ол 5-6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болады. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанады.

1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырқарай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.

1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады.

1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға – Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалады. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.

XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ хандары билік үшін жүргізген күрес шиленіскен шағында Барақ сұлтан Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген. Қабанбай батыр Барақ сұлтанға кінә тағып, оның Жоңғар хандығымен жақындасуына қарсы әрекет жасады. Осыған орай Қабанбай батыр тек Орта жүздің ішкі жағдайларына ықпал етіп қана қоймай, Кіші жүзде болып жатқан тарихи оқиғалардың да бел ортасында болды.

1752-1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күңгейі мен тірескейінде екі бағытта шабуылға шыққан. Күңгейді әскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қаракөл мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған.

Баспан-Базар, Шораға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат еткен.

Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай батыр 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысты. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласты. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан.

Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қырқүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді.

Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған.

Қабанбай батыр есімі ел есінде сақталған. Алматы обылысындағы бұрынғы Андреев ауданында, Шығыс Қазақстан обылысының Үржар ауданында, Жарбұлақ ауданында, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясында Қабанбай есімі берілген. Алматы облысының Алакөл ауданының орталығындағы Үшарал қаласында батырға ескерткіш орнатылған.

1992-1993 жылдары бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында Қабанбай батырдың 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді.

Астана қаласының іргесінде батырға ескерткіш-монумент орнатылған.

Стамбулдың Бахыркөй ауданы, Атакөй аланыңдағы Киікті саябағында батыр бабамызға еңселі ескерткіш орнатылды. Көреген жанның көзі тойып, көңілі қуанар туыны. Бұл - әуежайға таяу, қаладағы аса көрнекті жер. Ескерткіш жобасын жасаған Әзірбайжан мүсіншісі Руғи мырза. Мерекелік шара үстінде аудан әкімі Атеш Унәл мырза Қабанбай ескерткіші қойылған Киікті саябағын бұдан былай Қазақ саябағы деп атау жөніндегі шешімін жария етті.

Батыр туралы жыр-дастандар, зерттеу еңбектері аз емес. Қабанбай батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәттіқара т.б. халық ақындары жырларына арқау болған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының көне жазбалар бөлімінде Қабанбайға арналған жырлар дың төрт нұсқасы, Қытай қазақтарында онға тарта нұсқасы сақталған.

Бұл жырларды жинауға Ш. Уәлиханов, С. Торайғыров, Қ. Халидұлы, Қытайда тұратын қазақ ғалымдары З. Сәнік, Б. Садықан т.б. көп еңбек сіңірген. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» тарихи романын жарыққа шығарды.

Дереккөз: М. Солтангазина, Б. Шәкиев, Ф. Лекерова. Тарихи тұлғалар. – Алматы: Алматыкітап. – 2009. - 326 б.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# станислав 2016-01-27 14:50
Спасибо пригодилось.))))
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# asio 2016-01-27 14:49
рахмет көп көмек берді
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# проф.Совет-Хан Ғаббасұлы 2016-01-27 14:49
Менің «Ұлттық академияның» кітапханасындағы «сирек фондысынан» алғаш рет «Қаракерей Қабанбай» деп жазылған үлкен папкаға кезігуімнен басталды. Оншақты күндей Нарман екеуміз қарап шықтық. Ол арапша мен төте жазуға да жүйрік еді. Қабекеңнің 1691 жылы туғанын содан білдік. Келесі 1991 жылы «300 жылдығы» екен. Үш жылдықты атап өтудің идеясы сонда келген болатын. Ақылдаса келе, Жазушылар Одағының Фальклор кеңесі арқылы, сол кездегі Совминнің бастығы Нұрекеңе (Назарбаевқа) хат жазғанымыздың куәсә - проф. Р. Бердібаев, жазушы С. Досановтың көздері тірі. Осы 1990 жылы Совминнен рухсат алған соң, бір сағат он минуттан “Алатау” телеарнасында 3-рет (сәуір,маусым,тамыз) жасалған телехабардың касетасы қолымда. Үш хабардан кейін, Қараша айында сол кездегі Талдықорған облысының әкімі Тұрсынов Сағымбек мырзаның телефон арқылы сөйлесіп, Желтоқсанда болатын “Қаракерей Қабанбай батырға арналар ғылыми конф.-ға” көмектесуімді сұрады. Қазір көзі тірі Сағымбек мырзада мұның рас екенін айта алады. Сол конференцияның шешімі бойынша, келесі жылы Май айында “Үйгентастың” бауырында өткен Қабекеңнің асына “Шақыру билетін” осы Камал маған жібермегенін де, сол әкімшіліктің жауапты адамы айтқан. Сондықтан Камал Абдрахмановтың мынау сауатсыз мақаласында маған айтылған ұятсыз сөзі мәдениетсіздік. Менің істеген істерімнің дерегі де, куәгер адамдарда аман-есен жүр. Құрметті оқушым, бұл сөздерімді ақиқат үшін жазып отырмын. Тіпті, осы Камал күзетші болып отырған “Қабекеңнің мовзалейінеде” ат салысып, Президенттің атына “ДАТ” деп хат жазғанымда рас. Ол хатыма президент аппаратынан жауап жазған А.Бижановтың хатыда қолымда, ал “Датты” менің «Асау арна» аты кітаптан оқуларыңызға болады. Осының бәрін ақиқат пен адалдық үшін жазып отырмын. Халыққа керегі шындық !...
Құрметпен : Жазушы, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Махамбет сыйлығының лауреаты, Халықаралық Нострадамус атындағы академияның академигі, профессор СОВЕТ-ХАН ҒАББАСҰЛЫ. 15.01.2012 жыл.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Алмас 2016-01-27 14:48
спасибо,долго искал и нашел
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Альнара,Алмас и Данияр 2016-01-27 14:48
спасибо
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту