Хангелдіұлы Райымбек

ДерекнамаМақалаларСуреттер

 Хангелдіұлы Райымбек (1705-?) – жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Кейінгі деректерде «Хангелді Райымбек» деп аталғанымен, Хангелді Райымбектің әкесі емес, атасы. Әкесі - Хангелдінің кенже ұлы Түке. Бұл ретте ел аузында мынадай аңыз сақталған. Хангелді батыр өз кіндігінен тараған төрт ұлын сынамақ болып, күздің қара суығында балаларын киіз үйдің сыртына жатқызады. Содан соң өзі ерте тұрып, ұйықтап жатқан балаларын сынайды. Кеуде түгі қырауланып жатқан үлкенін «батыр болады екен» деп, бүркеніп жатқан ортаншысын «момын, шаруажай болады екен» деп, бір бетін ашып, бір бетін бүркеп жатқан келесі ұлын «ағайынға ақыл айтар болады екен» деп сынап, басын, кеудесін бүркеп, төменгі жағын ашып тастап жатқан кенжесі Түкеге келгенде «ұятын қымтап, әбиірін жаппаған бұл кімге абырой әперер дейсің» деп түңіліп, басын шаппақ болғанда, қасындағы бәйбішесі: « бұл баланы өлтірме, қайта жақсы жерден таңдап, қыз әпер, тұқымы асыл туады, ұрпағынан батыр шығады» деп тоқтатады. Анасының айтқаны ақиқатқа айналып, Түкеден аты бүкіл Албанға ұран болған атақты батыр Райымбек туады. Кейбір зерттеушілер кешегі Кеңестік дәуірде Райымбекті Ұлы жүз елін Россияға қосуға елеулі үлес қосқан атасының ісін жалғастырушы тікелей мұрагері етіп көрсету үшін сол кездегі құжаттардың бәріне «Райымбек Хангелдіұлы» деп толтырылған дегенді айтады.
   Райымбек заманында ұйымдастыру қабілеті жоғары, сарбаздарын жеңіске жігерлендіре білген қазақтың білікті қолбасшысының бірі болған. Жан беріп, жан алысқан жаугершілікті заманда аяқ астынан күтпеген қиындықтар пайда болып, қалың қол тығырыққа тіреліп, не істеу керектігін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің қиналмай жол тауып, әскерді аман алып шыққан талай ерліктері ел есінде сақталып қалған. Солардың бірі қамалып келіп қалған қалмақ қолынан ығысып барып, жауынгерлері буырқанып тасып жатқан Ілеге тіреліп, не істерін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің көзсіз ерлікке барып, әскерін өзеннен аман өткізуі. Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе біріктіре отырып, атамекенді жаудан тазартудағы ерліктері – ұрпаққа үлгі боларлықтай. Ол талай рет шағын топпен жау шебіне баырп, тосыннан тиісіп, қарсы жақты ойран-топан етіп отырған. Оның ерекше көзге түсіп, ерен батырлығын танытқан «Ойрантөбе шайқасы» сондай шабуылдарының бірі ғана.
   «Ақтабан шұбырынды» кезінде жау қолын бөгеп, босқан елдің қырғынға ұшырамай, аман құтылып кетуіне мүмкіндік жасаудан басталған батырдың ерлік жолы Жетісу жері азат етіліп, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуған жеңіс жолына үзіліссіз келіп жалғасады. Ол осы кездердің бәрінде аттан түспей, қарулас серіктерімен бірге талай шайқастарды бастан өткізеді.
   Райымбек батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар көп. Солардың бәрінде Райымбекті «Әулие» деп атайды. Тасып жатқан дариядан әскерін аман өткізуі, сусыз жерден су шығаруы, болашақты болжаған көріпкелдік іс-әрекеттері оның ел есінде осы атағымен сақталуына мүмкіндік берген болса керек.
   Мүйізді Өтеген батыр бірде Райымбекке: «сен өлгенде шудың астында қаласың» деген екен. Сол сөз шындыққа шығып, батырдың мазары бұл күнде бұрынғы Ұлы Жібек жолының бойындағы, қазіргі Алматының ең шулы көшесінің жиегінде тұр.

 Дереккөз: М.   Жолдасбекұлы  , Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 159

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Азиза 2016-01-28 12:08
маган оте унады брак маган Богенбай батырдын омир баяны
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ерлік 2016-01-28 12:08
Бул жерде шындық тарихи дата жок, бул бурмаланып жазылган нагыз аныз.Шындыгына келсек Ұлы жуздін Суан елінен шыккын Ханкелді батыр мен Райымбек батырдын бір-біріне ешкандай катысы жок.Аныз жазгыштар Райымбекті Ханкелдінін баласы ғып келді,де енді Түкенін улы қылды.Ал ҚСЭ актарсаныз Анна Ионновага 1731 жылы Кіші жүз казақтары орыстардын бодандыгына кіреді, сол жылы Орта жүзде кабылдананады екі жылдан кеиін Ұлы жүздін атыннан Кодар би, Төле би, Сатай батыр, Бөлек батыр,Ханкелді батырлар акылдаса отырып Анна Ионноваға хат жазылды делінген. Хатты Петербургке Ханкелді жеткізді дейді, ал бір жерде Аралбай жеткізді дейді. Бул тарихи дата Мұны Есенберлинде, Әбіш Кекілбаевта пайдаланган кітаптарында. Ал коз жугіртсек ҚСЭ- да Ханкелдінін туган жылы белгісіз деп келіп коршауга алып Райымбектін атасы деп бір пысык тарихты бурмалап жібергені көзге анык корініп тур. Содан барып аңыз бұркырады. Жогарыдагы Сатай, Бөлек, Ханкелді Аралбайлар Суаннан тарайтын атанын балалары. Казір аныз жазгыштар Сатай мен Бөлекті Шапыраштыга апарып кіргізіпті, калай кынжылмайсын.Хангелдінін урпактары Куғын-сүргінге ұшырап оспей калган. Сол Ханкелдінің жетінші ұрпағы Олжас Омарұлын Есенберлин Олжабайдын жетінші ұрпағы деп бұрып жіберген.Ханкелдінін алтыншы ұрпагы қазактын тұнғыш генералы Сабыр Рақымов онын бабалары жер аударылып іздеушісі болмагандықтан Өзібектер пайдаланды.Қазақта іздеушісі болмаса батырды акынды озіне тартатындар айтпасада түсінікті.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ардак 2016-01-28 12:07
Жоғарыда өз пікірін жазған Ерлік мырзаға жазып отырмын, бұл жазылған аңыз емес, нағыз шындық! Хангелді батыр Суан елінен емес Албан елінен шыққан, ол Райымбектің атасы!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Кайрат 2016-01-28 12:07
Жетiм калган 11жасар Райымбек, 60-тан аскан Карасай батырдын жорыктан кайтып келе жатканын бiлiп, Iле бойында камыс ортейдi. Карасай адамдарын жiберiп Райымбектi тауып алады да, сынау ушiн молалар арасынан отын терiп келуге жiбередi. Ак жамылган екi нокер мола iшiнен шыгып, Райымбектi коркытпак болады, кiшкентай Райымбек екеуiн камшымен сабап: «Сендермен айналысатын уакытым жок, Карасайдын карны ашты, отын терiп апаруым керек» -деп, екеуiн камшымен сабап молага кайта айдап кiргiзедi.
Содан Карасай Райымбектi касына ертiп осiредi… Райымбек аулие, корiпкел кiсi болады. Олерiнде: «Мен олгенде туйе устiне артып, батыска карай айдап жiберiндер, туйе шоккен жерге койындар»-деп, айтканы бойынша албаннын жерi Нарынколда олген Райымбек, туйе шоккен шапыраштынын жерi Алматыда жерленген. Бул ангiменi мен 1980 жылдары, бiр албаннын аксакалынан естiгем. Сонда Райымбек Карасайдан 50 жастай кіші, ал Кабанбайдан 40 жас улкен.
Кейiнгi кезде Райымбек пен Карасайдын арасын 100 жылдан асырып, бiр-бiрiн кормеген гып, ал Ханкелді батыр Райымбекке, озiнiн баласындай Кабанбайдан бата суратып койган кулкiлi ангiменi кiм, не ушiн шыгарган?!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту