Мәншүк Мәметова

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын-сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады.  Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов  қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күшін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# adilok 2016-01-27 15:42
kalaisindar .menin atim adilzhan .zhasim 17de magan isa baisakobtin omir baianin taup bere alasindarma.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# kairgali 2016-01-27 15:41
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Эльмира Манкараева 2016-01-27 15:41
Мәншүк Мәметованың нақты туылған күні, айы, жылы керек еди
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Sultan 2016-01-27 15:41
Magan manwuk ote unadi
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# alimjan 2016-01-27 15:40
magan Мәншүк Мәметовa turali olen kerek ertenge tauip bere alasizba?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Асель 2016-01-27 15:40
керемет екен!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Оразалы Дәуірбек 2016-01-27 15:39
Совет үкіметінің кезінде талай КСРО батырларының аттарын оқытып еді мектепте.Енді егемен ел болғанда тек өз руымыздың батырларын ғана дәріптеп,өтірік батырлар ойлап табуға кіріскендейміз.Біздің Ақтөбеде Әлияға даңғыл аты берілген,ал Мәншүкке жәй бір қисық көше бұйырды.Себебі ол Оралдың тумасы.Ал Бауыржан атамыздың атында тіпті көше де жоқ.Ал Кеңес Нокин атында даңғыл бар.Ол кім?Оқушылар Төлеген Тоқтаров,Мәлік Ғабдуллин,Ақәділ Суханбаевтарды тіпті танымайды.Осындай келеңсіздіктерден кейін ҚАЗАҚтың болашағы бар екеніне көп күмәнданамын.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# bisenbaeva Zhansaya 2016-01-27 15:39
маган маншук маметованын омирбаяны жедел керек еди
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Шахиева Арухан 2016-01-27 15:39
Саламатсыздарма мен Арухан едім Мәншүк Мәметова жөнінде толық білдім сіздерге көп рахмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# зауреш 2016-01-27 15:38
өте керемет ұнады
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту