Марғұлан Әлкей Хақанұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985) - қазақтың ғұлама  ғалымы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор. Туған жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы.

Өткен ғасырдың басыңда қазақ даласынан Ресей қалаларына барып, білім ала бастаған қазақ жастарының  бірі болып Ленинград қаласына барған Әлкей Хақанұлы 1925-31 жылдар арасында осыңдағы Шығыс институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөліміңде оқиды, бұларға қоса Өнер та-рихы институтында лекция тыңдайды. Осыңда оқып жүргенде ол КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтайдың халықтарының тарихын зерттеу экспедициясына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә.Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа алфавит комитетінде ғылыми қызметкер болады.

Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін жауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орыңдарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде "Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына" деген монографиялық еңбек жазады. "Хаңдар жарлығының тарихи-әлеуметтік мәні" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.

Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясы-ның тарих, археология және этнография институтының архео-логия секторының меңгерушісі болып тағайындалады.

Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғүлан еңді Орталық Қазақстаңды зерттеуге бет бұрады. Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, А.М.Оразбаевтармен бірігіп, "Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті" атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарады. Бұл кітаптың құңды-лығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиха-нов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.

Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің  меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығарысуға басшылық етеді.

Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энцикло-педиялық мақалалар жарық көрді.

Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Ең-бек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

 Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Темір 2016-01-27 15:43
Марғұлан - археолог. Филологияға қосқан үлесіайтарлықтай қомақты емес.”Ежелгі жыр-аңыздар”(1985)атты кітабын ғылыми зерттеуге жатқызу қиын. Қазақы тілмен мазмұн баяндай берген, ғылыми сілтеме, аргументациядан жұрдай. Оның филология, фольклористикаға қосқаны көп емес.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту