Көшім хан

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Көшім хан - Сібір хандығының соңғы билеушісі. Туған жылы белгісіз, шамамен 1598 жылы қайтыс болған. Шайбани өулетінен шыққан Бухара ханы Мұртазаның баласы. Көшім 1563 жылы Ядигер (Жәдігер) Тайбұғыны өлтіріп, Сібір хандығының астанасы Искерді басып алған. Ертіс, Тобыл өзендері бойында көшіп жүрген түркі тілдес тайпаларды біріктірген ол Сібірдің ұсақ билеушілерін өзіне бағындырып, хандықтың шекарасын Орал тауына дейін жеткізді. Оның жасақтары Сібірге көз алартқан орыс көпестері Строгановтардың иеліктеріне жорықтар жасады.

1582 - 1585 жылдары Көшім Сібір хандығына қарақшылық шапқыншылықтар жасау үшін Строгановтарға жалданған казак-орыс атама­ны Ермакпен соғысты. 1582 жылғы қазанда Көшім астанасын тастап оңтүстікке шегінуге мәжбүр болды. 1585 жылы Көшім сарбаздары Ермак

жасағына күтпеген жерден шабуыл жасап, түгел жойып жіберді. Көшімнің Ермакпен және одан кейін келген орыс әскербасыларымен соғысы он жеті жылға созылды. Көшімге орыс патшасы грамоталар жіберіп, Мәскеуге қызметке шақырған. Көшім 1597 жылы Тара әскербасыларына хат жазып, казактар тартып алған мал-мүліктерді қайтаруды, Ертіс бойына мал жаюға рұқсат беруді өтінді. Тара әскербасы А.Воейков 1598 жылы 20 тамызда Көшім ауылына тұтқиылдан шабуыл жасады. Көшім Ноғай ордасына қашып, сонда өлтіріледі. Көшімнің баласы Әли Ертіс, Есіл, Тобыл өзені бойын жайлаған керей, уақ, арғын, қыпшақ тайпаларының басын біріктіріп, күресті жалғастырды. Бірақ, көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, аталған тайпалар Қазақ хандығы қү-рамына енді. Кейбір рулар Ресей мемлекетіне бодан болғандықтарын мойындады.

Дереккөзі:Қазақ хандығы(II бөлім).-Алматы:"Аруна" баспасы, 2006.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту