Күлтегін

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Күлтегін (684-731 жж.) – Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы.

Құтлұғ қағанның кенже баласы. Ол 7 жасында жетім қалып, 16 жасында қару-жарақ асынып, ел мүддесі үшін өмірінің соңына дейін күресті. Ағасы Білге қаған және Тоныкөкпен бірге Күлтегін 712-713 жылдары түріктердің әскерін Соғды мемлекетіне бастап келіп, оның билеушісі Гуректі жақтап, араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслиммен соғысқан. Одан жеңіліс тауып, кері шегінеді. 712 жылы Алтайды мекендеген қарлұқтар мен түркілердің бір бөлігі бұларға қарсы шығады. Шегіну кезінде Күлтегін үлкен жасақпен кейін қалып, негізгі күшті қорғап қалды. 714 жылы Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп, қарлұқтар мен олардың одақтастарына соққы берді. 715 жылы Күлтегін азаларды Қаракөл өзені төңірегінде ойсырата жеңді. Қытай жазбаларына сүйенсек, 715-716 жылдары Шығыс Түрік қағандығы ішкі дағдарыс жағдайында болған. 716 жылы бүлікшілер хан ордасын басып алмақ болғанда, Күлтегін қорғанысты ұйымдастырып, оларға тойтарыс берген.

716 жылы бүлік шығарушылардың бірі иер-байырқу халқы шабуылынан Қапаған қаза табады. Оның таққа иегер баласын Күлтегін өлтіреді де, билікке ағасы Білге қағанды отырғызады. Күлтегін қағандықтың сол қол шады және бас қолбасшысы болып тағайындалады. Олар дана Тоныкөкті ел басқару ісіне қайта шақырады. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты. 718 жылы қас жауы табғаштар шабуылын тоқтатты. Қағандық шамамен 721-722 жылдары Қытайға, 722-723 жылдары татабыға жорықтар жасаған. Өздерін толығымен іргелес мемлекеттерге мойындатқаннан кейін көрші елдермен саяси қатынастарын жақсартты. Ішкі-сыртқы саясатқа Күлтегін тікелей араласып отырған. 723-733 жылдар аралығында мемлекет ешбір елмен соғыспай, халық бейбіт өмір сүрді. Күлтегін қой жылы ақпан айының 27-күні 47 жасында дүние салады. Оның құрметіне жазылған Күлтегін жазуы тек түркі халықтарының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес мұрасы болып табылады.

Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 шақырым жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының жанына орнатылған (8 ғ.). Ескерткіштің биіктігі – 3,15 м, ені – 1,34 м, қалыңдығы – 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап жырлауға арналған қаһармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (VІІІ ғ.).

Ж. Әскербекқызы

Дереккөз: Алаштың ардағы. Астана: Зерде, 2008. – 40-41 бб.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Абдигалимов Н.Р. 2016-01-27 10:20
“Күлтегін” жайлы мәлімет көп, ал “Тоныкөк” пен “Білге қаған” жайында қайдан білуге болады. Рахмет.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Идрисова Аяулы 2016-01-27 10:19
“Күлтегін” жайлы мәлімет көп, ал “Тоныкөк” пен “Білге қаған” жайында қайдан білуге болады. Рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Амир 2016-01-27 10:19
Күлтегін-шын аты Жапалақ,тарихи аты Шигу-Хутуху.
Орхон-Енесей жазуы 7ғ. емес,13 ғасырда жазылған.(әдейі бұрмалап жазған) Тілі өзіміздің қазақ тілінде.Тоныкөк-Толе-хан қатыны Сара Көктан-бике.Авторы да белгілі.О.Сулейменов айтқандай,атақты тарихшылар да қателеседі,бірақ әркімнің қолынан оны мойындау келмейді.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Амир 2016-01-27 10:18
Капаған-хан(Қапан-астанасы болған, және Қапан билеушісі дегенді білдіреді), селджук ұрпақтарының ханы. Сыр бойынан *монголдардың екпінімен қазіргі Ирак-Иран жеріне ауып кеткен.(О.Е.-Тоныкөк жазуы)О.Е: жазуында
Білге-қаған деген жазу жоқ,*білге(й) қані* деген қарапайым сөз бар.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Амир 2016-01-27 10:18
Бәрі,тастағы қытай жазуынан 732жыл деген сөзден алданған.Қытай жазуы 732ж.жазылғаны хақ! Бір-ақ, түркі жазуы 1218-1221 жылдары дайын қытай жазуы бар тасқа жазудан басталған.Тасбақа мүсіне тек қытайдың-
мәңгілік,мызғымас ел белгісі.Түркі әлемінде тасбақа кездеспейді.Жазу мағынасын түсінбеу,орыс тарихшыларының түркі тілін жетік білмегеннен бұрмаланған.Жапзу авторы-Шыңғысханның шешесі.(аты Марал болуы керек). “Кағандар ізімен немесе Орхон-Енесей жазуының құпиясы” атты кітапты оқыңдар.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жасмин 2016-01-27 10:18
Помогите пожалуйста “Култегин жазуынын” композициялык жоспарын жаз “Култегин Улкен жазу” и “Култегин Киши жазу”
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Амир 2016-01-27 10:17
Шигу-Хутуху(Жапалақ) -кытайша; Шигу-Жапалак дегенді білдіреді,ал Хутуху- пожирающий своих родителей, Жетімек жегенді білдіреді. Жапалақты асырап алғаны Орхон-Енесей жазуында және “Сокровенное сказание Монголовта анық жазылған. Сондықтан Орхон-енесей жазуын ғалымдарымыз Назар аударғаны хақ!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Амир 2016-01-27 10:17
Білге қаған ескерткіші аталмыш ескерткіште таңғұт мемлекетін жаулауы анық жазылған. Ал таңғұт мемлекеті
10ғасырдан 1227жылы Шыңғысхан әскері жойып жіберген.Таңғұт мемлекетінде 1-1,5млн.адам болған. Ол адамдарды Төлехан өз иелік халқына қосқаны тарихтан белгілі. Қазіргі монголдар дегеніміз -түркілер және таңғұттар ұрпағы.Былайша айтқанда “Әкесі бір шешесі бөлек ағайындылар. Бірақ дін әсерінен жауға айналған. Ал оған дейін монголичя жерінде қазіргі монголдардің еш ізә де жоқ, тек 13-15 ғасырдан кейінгі іздері бар, ол да мардымсыз.Оны монгол тарихшылары жақсы біледі, бірақ оны мойындамайды. Өйткені Шыңғысхан шығу тегі айңақ болып қалады.
Монголдардың атамызды Пір тұтқаны жақсы, ал қазақ тарихшыларының неге Шыңғысханды мойындағысы келмейтіні түсініксіз.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Amir 2016-01-27 10:17
“Күлтегін”, “Білге” тастарын және “Тоныкөк”пен басқа тастарды салыстырыңдар! бірінші екі тас,оюланған айдахар мүсіні бар,тегістелген(отшлифован)қытай жазуы бар.Ал қытай жазуы өте жоғары дәрежелі тас қашаушыны керек етеді.Қытай иероглифін тасқа жазып көріңдер!
Ал түркі жазуы қарапайым қашаушының ісі(НЕ умелой рукой). Неге бір уақытта жазылса неге екі түрлі жазылған.Басқа тастар неге тегістелмеген,неге мүсіндер жоқ? Ол түркі жазуы кейін қытай жазуы үстінен жазығанын көрсетеді!!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Amir 2016-01-27 10:17
Тоныкөк-ол батыр да,басшы да емес, ол Шыңғысхан келіні Сара Көктан-бике,Құбылай шешесі,ол Орхон-Енесей жазында анық жазылған.
Сабыр Қайырханов, Қаржаубай сынды тарихшыларымыз С .Маловтвң аудармасынан “алыстай” алмай отырған жандар.С.Маловты сын көзбен қарайтын уақыттың келгенін мойындау керек. Өз тарихымызды жөндеу керек, оны біз болмасақ ешкім жөндемейді,біздің “мәңгүрт” болғанымыз “Бәріне” қолайлы болып тұр.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Амир 2016-01-27 10:16
Жасмин.Күлтегін “кіші жазуы”,”үлкен жазуы” дегеніміз, бір тастың ,”кіші жазу” бүйіріне,ал “үлкен жазу” бетіне және екінші жақ бүйіріне жазылған. Неге оны екіге бөлгені белгісіз. Тағы тас қырына жазылған жазу бар, оны бөліп қосып жіберген.
“Білге” жазуы тағы бар, сол жазуда “Үлкен құпия бар” сондықтан оны насихаттамайды. Онда жазыдың жазылу уақыты көрсетілген(Таңғұт мемлекетін жаудауы).
Сондықтан болар оны ешкім білмейді, тюркологтардан басқа.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Amir 2016-01-27 10:16
Тарихтағы “Кьюе-Деле”(Кьюе-Целе),Магилян сынды тарихтағы бабаларымызды ешкім жоққа шығармайды, бірақ
13 ғасыр кейіпкелерімен ұштастыру ол тарихқа “қиянат”.
Орхон-Енесей жазуындағы Жоғшы(Жошы),Шағатшы(Шағатай)
Төлеш(Төле-хан)Берке, Құбықлай(Құбылай),Желме,Төрхан(Шыңғысхан),Күшлікха н,Қадырхан(Қайырхан), Иналхан(Иналч), Жапалақ-Күлтегін(Шигу-Хутуху) сынды бабаларымызды оқи отырып,орыстар оқымады десек -ол “МӘҢГҮРТтігіміз!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Amir 2016-01-27 10:16
«Ұлы Ана» бақыты.
(Орхон-Енесей жазуы желісімен )
Күн арайланып көтеріле, әлемді жайма шуақ сәулесімен нұрландырған шақта, *шеберлер қолдарына қашауларын алып, өз істеріне кірісіп кеткенді. Бұл төбе жазығының пішіні, шығысынан аққан өзеннен өте, тау жоталары оңтүстіктен және солтүстігінен қоршаған, үшбұрыш тәрізді, ұшы шығыстағы тауға бағытталғанды. Топырағы құмды тастақты, шөбі шүйгін болып келіп батысқа қарай, алыстаған сайын дала топырағына айналып , шөбі сиректей беретін ерекше, әдейі таңдалған қолайлы жер.
Бір кісідей жұмысқа белсене кіріскен шеберлер, *бітікшілер – тас қашау шеберлері еді. *Бітікшілер1 негізінен әр түрлі бодан2 өкілдері болатын, қолдарынан іс келетін ұста, ағаш шеберлерінен құралған, қалалық тұрғындар еді. Іс қимылдарынан әр *бітікшінің өз ісін, өз тапсырмасын бұлжытпай орындауға тырысып бағуда екені байқалады. Осы шеберлердің басшысы *табғаш мүсіншісі, түркі *алғыашар3 мыңбасының, бойына және дене бітіміне қарап қойған лақап есімі Ши-бұт аталмыш, табғаш шебері болатын. Ол өз *император*ының тапсырмасымен осы түркі жұртына келген шебер, осы істеліп жатқан іс-шараны басқарушы. Түркі боданының көптеген қызықты мінездеріне, тұрмыс салтына, нанымына да әлдеқашан үйренісіп қалған болатын және өз ісіне ұқыптылықпен қарайтын. Қолындағы қағазына3 қарап, *Бітік тас4 ,бетіне түсіп жатқан таңбаларды асықпай тексеруде.
Осы көріністі байыппен бақылап тұрған топтың ішіндегі, өзінің сымбатты қажымаған қайратты келбетімен ерекшеленіп тұрған әйел кісі, мен мұндап тұрғандай әсер қалдырады. Қыр мұрынды, ат жақты, әжім түскен жүзіне қарамай, керемет сұлулығын жоғалтпаған карт кісі еді. Бас киімін, айбат көрсетіп тұрған қаз бейнесі бар, асыл тастармен безендірілген, «Алтын Тәж»8 , бұл кісінің хандар әулетінен екенін көрсетіп тұрғандай еді. Бұл кісі- «Үлкен Ана» деп, халық атап кеткен анамыз, өз есімі- Марал болатын. Сол жағында, қолындағы қағаз парақтарына қайта-қайта қарап тастағы жазуларды оқып тұрған кіші немере келіні- Көктан-бике еді.
«-Тәңіртегі,Тәңірідей болмас,Төрхан, білгей қані....»- деген бірінші жолдаға жазуы бар сөздерді оқи бастап, «Үлкен ана» еріксіз өткен өмірін еске ала бастады.
Анамыз дүниеге төрт ұл, бір қыз баланы алып келді, соның үлкені –Темірші, жастайынан өжет, қайтпас, ел бастайтын Ер болып жаратылды, екінші баласы- Қайсар, ол да өз атына сай қанша қиыншылықа төзе де, жеңе де білетінін көрсетті, үшінші баласы-Қошан, палуан денелі, мығым боп жаратылды, төртінші баласы- Атжеген, батыл да, шыдамды, таң атысы-күн батысы ат жалынан түспеген, Ер болып, ең кенжесі,қызы – Темілін, ер мінезді қайтпас сұлу жан болып өсті. Осы қиын да қатал заманда, көп қиыншылықты бастарынан өткізіп, талай ажалдан аман өтті. Ұлкен ұлының ел бастап, хан боларына, «Үлкен анамыз», бір сәт шүбәланған еместі, басқаша ойлауға ана жүрегі дауаламайтын да. Ақырында ұлкен ұлы, інілерінің қолдауымен, балаларының қолпаштауының арқасында Хан атанып, Түркі елін басын біріктіріп, Төрхан болды, төрткіл дүние, Төрхан алдында бас иді.
Ана жүрегі, шаттануға, баласының Төрхан атанғанына мақтануға да, масайрауға да болар еді, бірақ небір ойлар мазалай берді, мазалай берді...
Хан қаһарының, қанша кісінің ажалы екенін ойлағанда, ана жүрегі «қан жылады».
Хан өткен жерде, жаулап алынған жерде, қан суша жүгірді*, Ханның ноян-мыңбасылары, кісілерді қойша қырды. Хан оны, тәртіп орнату деп түсіндірді. Асырап алған баласы- Жапалақ6- Ханның ең кіші інісі де, Хан, тапсырмасын құлшына орындаушы жаужүрек болып өсті. Кіші баласы, асырап алған шақта, былдырлаған сөзіне күліп, ағаларының қойған, Жапалақ есімін, хан інісіне лайық емес деп, өзіне Күлтегін есімін таңдап, өзін қытайлықтарға інім деп таныстырғанына да келісіп, сөз алысқан еді. Міне сол кіші баласы қанша адамдарды, бұйрығын орындамағандары үшін, керіп бөлшектеуге бұрық беріп, қанша жанды құрбандыққа шалды. Немересі Шағатшы, салқын қанды ағасы Жоғшыдай емес, аяушылықты білмейтін, көздегені үшін, жау қанын суша ағызатынын бүкіл халық білетін.
Ол оқиға да ана жүрегін ауыртты, соның бәрін ойлана келіп, қағазға түсіріп, содан кейін тасқа жазып қалдыруды ойға алған еді. Ол тасты, болашақ ұрпақтарына аманат болсын, ескерту болсын деп, «Мәңгі тас» деп атады. Кіші келіндері Ілінкүнге және Көктан-бикеге қағазға жырып жазуды, ал Шибұтқа тасқа түсіру міндеттелді.
« ...Күлтегін жоқ ерісер құп алтшы ер тегіс, інім Күлтегін «кергік»5 болды, Өзім суқаным көрер көзім-көрмезтіг, білер-білгім-білместік болты, өзім суқаным өд Тәңірі жасар кіші оғлы құп алғалы, Төреміз...әне суқаным көзде жас келісер етеді, көңілде ашығыт келісер жанары, суқаным катығды суқаным кешеді....»I - бұл сөздерді осы баларына арнап, баларын ойлануға, сабырлылыққа шақыру құралы деп түсінді. Көп ойланды, көп «толғанды», бүкіл өмірі көз алдынан зымырап өтіп жатты. Келіндері бір елі қалмай айтылған сөздерді жырып жазумен болды, тек ақылына көркі сай Ілінкүн келінінің ден-саулығы сыр бере бастағаны қатты қобалжытты.Ілінкүн найман ханы,Таянханның немересі еді, ал Көктан –бике, Ван-хан атанған керейіт ханының інісінің қызы. Бұл ханшайымдар жазу үлгісінің өзі, олардың найман және керей руларынан екенін аңғартқандай болатынын жақсылыққа жорыды. Бүкіл Түркі ұлтысының бір Ордаға жиналғаны, Тәңірінің жарылқағаны емес пе, тағы да тастағы жазудағы сөздерді оқи бастады: « ...Еріміз сасық субыңа, жұмсақ ағысыңа ара тұрып қан-өш Төрхан боданы,Ұлтығ, Төрхан боданы ұғылыскің біржай, ащұғый жас төгілетін ..және құныжын тасыр....»II , осының бәрі өткен шақ,алакөздік жойылды, Тәңірі жарылқадқын.
Төрт тасқа жазу жыру7 көзделген еді, екеуі тас дайын, боғзы замандағы қытай жазуы бар, үш беті жазусыз тегіс болатын, оны мақұлдап, қалған екі тас дайындау Шибұттың өзіне жүктелді.
«Мәңгі тасқа», Тәңірі жар болсын, немерелері мен балалары құрған «Алты хандық»-«Қазағынымсыр»: Жоғшы(Жошы), Шағатшы(Шағатай), Үгедей, Төлеш(Төле), Күлтегін, Желме аттары жазылу көзделді. Бар өмірі көз алдында, бірін қалдырмай осы тастарға жырсам дейді, бірақ бар ойын тасқа түсіру мүмкін емесін біледі, сондықтан көптеген жазудан осы келіннің қолындағы қағаздардағы жыруды тасқа түсіру дұрыс деп шешті. Қалғандарын осы тастардағы қуыстарға тығып, жасырсам ба, немесе салынып жатқан қала іргесіне мәңгілікке қалап жібесем бе, деп ойлап тұр еді, келіні «Кіші ана» атанған Бөртенің даусы ойын бөліп жіберді.
«-...Түрік білге қані! Еліңе бата еттім мен, білге Тонқоқ!..»III- деп оқып тұрған Бөртеге, қарап:
- Әрине, мен бақытты жанмын, «Кіші ана» енді, бәрін сен басқарасың!, Мен бақытты жанмын, жасарымды жасадым, Түркі ұлты үшін «Түн ұдымадым ,күндіз олырмадым «қызыл қаным төкті, қара терім жүгірді, ашық күш бертім»,»IV, тыңдаңдар:
- .... Түрік білге қані! Еліңе бата еттім мен
Бітікшілер1-тас қашаушылар,қытай казақтары көне жазуды оқи алатындарды атайды.
бодан2- халық
алғыашар3- қашар, қамал бұзуға жергілікті халықты күшпен жинаған жасақ.
Бітік тас4-жазуға арналған тас тақтайша.
«кергік»5- адамды керіп бөлшектеу
Жапалақ6-тарихи аты Шигу-Хутуху(қытайша: Шигу-Жапалақ, Хутуху- ата-анасын жалмаушы)
жыру7-ағашқа (қағазға)немесе тасқа жырып,ойып жазу.
«Алтын Тәж»8- Білге каған аталған ескерткіш маңынан 2001ж.табылған «алтын Тәж», Монғолия музейінде сақтаулы.
«.....»I- Орхон-Енесей ескерткіші, Күлтегін жазуындағы 50 -51 жол.
«.....»II-Орхон-Енесей ескерткіші, Күлтегін жазуындағы 7-6-жол.
«.....»III- Орхон-Енесей ескерткіші, Тоныкөк жазуының 58 жолы.
«.....»IV-Орхон-Енесей ескерткіші, Тоныкөк жазуының 52 жолы.
Тонқоқ- Сара Көктанбике Қыбылайхан анасы..
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Аружан 2016-01-27 10:11
Култегиннин ата анасы , туыскандары , достары туралы малимет керек . Рахмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Амир 2016-01-27 10:11
Күлтегін-Жапалак-Шигу-Хутуху-бәрі бір кейіпкер. Ол асырап алған төрт баланың біреуі.Оны Орхон жазуынан оқыңдар.
Ал, Борахул(қол бөрісі)-ол Құртқа-”қасқыр күшігі”
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Әмір 2016-01-27 10:11
“АлтанТобчи”-қазақша Алтын Топтама! Ол қазақ тілінде жазылған! 197 параграфта Бух-Дарма-ол қазақтың Бұтхармасы, ХараТунь-ол қазақтың Қаратүні Қызылжардағы,
Урянхай-ол қазақтың Уранхайы-сол сияқты аталар Қазақ жері мен Алтай атулары!!!
Тарихшылар соны неге зерттемеске!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Әмір 2016-01-27 10:10
“.......Күлтегін (684-731 жж.) – Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы.......”-ол қате зерттелген тарих екені айдан анық!!!Әйел адамды Ер адаммен ажыратуға болады ғой!!!!
Таза ұят екен, маған Батырларың қатын сияқты екен дегенде “жерге кіріп” кете жаздағаным бар. Содан кейін, Ол сендердың тюркологтарың қатынды еркектен ажырата алмағаннан болған деген жауабыма: “Сонда сендер боқ берсе де жей бересіңдер ме?” дегенде төбелес бастауға тура келді.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту