Ағыбай батыр

ДерекнамаМақалаларСуреттер

(1802 -1885)

Ол - қазақ халқының батыры, атақты қолбасшы.

1802 жылы Ұлытау өңірінде дүниеге келген.

1885 жылы Балқаш көлінің жағасындағы Тасарал қамалында дүниеден озған.

Ағыбай батыр - Кенесары хан бастаған Ресей империясының отаршылығына қарсы көтеріліс жүргізген қолбасшылардың бірі.

Ол жорықта жолы болғыштығы, ерлік жеңістері үшін "Ақжолтай батыр" атанған. Сарбаздары Абылай хан есімімен қатар, Ағыбай батыр есімін де ұранға айналдырған.

Он үш жасынан бастап қолына қару алып, жауға шапқан.

Ағыбай батыр бастаған сарбаздар 1826 - 1849 жылдары Ресей империясының әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берген.

Ресей империясының Қазақ жеріндегі тірек орталықтарына айналған Қарқаралы, Ақтау, Ақмола, Екате­рина бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Көкшетау, Қызылжар шайқастарында тас-талқан етіп жеңген.

Ағыбай батыр Кенесары хан шейіт болғаннан кейін де, Ресей империясының өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолының құрамында соғыс жүргізген.

Кейіннен Ресей үкіметінің қамалдарына сарбаздарын ертіп өзбетінше шабуыл жасаған. Өмірінің соңғы кезеңінде егіншілікпен, аңшылықпен айналысқан.

Дүниеден қайтқан соң, Ресей үкіметі оның мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кешеніне жерлеуге рұқсат етпей, ол Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерге жерленген.

( Материал : «Қазақ хандығы», «Қазақстан балалар энциклопедиясынан» алынды. Алматы 2006ж).

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту