Амангелді Үдербайұлы Иманов

ДерекнамаМақалаларСуреттер

(1873 – 1919)

Ол - халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі, Иман Дулатұлының немересі.

Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген.

Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсіп оқыды.

Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін жетік меңгерді.
Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дауға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдар аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды.
Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді.

2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті.
1916 жылдың тамыз-қыркүйек айларының аралығында А.Иманов басқарған партизан отрядтары жазалаушы отрядтарға қарсы бірнеше сәтті ұрыстар жүргізді.

1916 жылы 21 қазанда 4 мыңға жуық көтерілісшілер Татыр көлінің маңында казак жүздігімен және Торғай уезінің бастығының полиция отрядымен ұрыс жүргізді.

Бұл көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында ең ірі шайқастың бірі болатын.
Көтерілісшілердің арасында қалыптасқан үздіксіз байланыс болатын. Көтерілісшілерді қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін бірнеше ауылдарда , ұстаханалар құрылды. Ұстаханаларда қару-жарақтар, оқ-дәрілер дайындалып, қылыш, найза, айбалталар соғылды.
1916 жылы 25 қазанда А. Иманов басқарған 15 мыңға жуық көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды.

Торғай және Ырғыз уезіндегі жағдай күрт төмендеді. Торғаймен байланыс үзілді. Торғай тегіс қоршалды.
Қарашаның алғашқы жартысында Торғай уезіндегі көтеріліс бүкілхалықтық сипат алды.

6 қараша күні көтерілісшілер шабуылды бастап, қаланың жартысын басып алды. Бірақ та зеңбірекпен атқылаған соң, шегінуге мәжбүр болды. 

Қарашаның аяғына қарай көтерілістің негізгі тобы Торғайдан шегініп, Батпаққарада шоғырлануға мәжбүр болды.

Патша әскери бас штабының бұйрығы бойынша  Казан әскери аймақтық майдан шегінен алынған.

Бірнеше әскери бөлімдерден генерал Лаврентьевтің экспедициялық корпусын жасақтап, көтеріліс ауданына жіберілді.

Ұлт-азаттық көтеріліске қатысқаны үшін 3 мың адам жауапқа тартылып, оның 201 -і өлім жазасына, 162 –сі каторгаға айдалды. 

Соған қарамастан айбалтамен, құс мылтық пен және басқа қарулармен қаруланған көтерілісшілер жазалаушылардың негізгі күшін қыспаққа алып, Торғайды айналасына 100 шақырым радиуспен қоршап алды.
22-23 ақпанда Доғал - Үрпек жазығында көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы соңғы рет ұрыс салды.

27 ақпанда жазалаушы отряд Торғай қаласына қарай шегініп, Доғал-Үрпек Батпаққара мекенін көтерілісшілер қолына тастап шықты.
1917 жылдың 8 наурызынан бастап Уақытша Үкіметтің А Имановпен оның сарбаздары жөніндегі істі тоқтату қаулысына қарамастан жергілікті үкімет өкілдері Аманкелдіні тұтқындауды талап етті.
1917 жылдың шілдесінде билер соты А Имановты 10 жылға Сібірге айдауға кесті.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Толкын Сұлтанова 2016-01-26 12:54
Ия. Батыр атамыздың өмірбаянын қатесіз жазғандарыңызға алғыс айтамын. Себебі мен Аманкелдінің туған інісі Есентайдың шөбересімін. Біздің әулеттен ол кісі туралы әлі де жарияланбаған көп материалдар табуға болады. Мен Аманкелдінің екінші ұлы Шәріп атамыздың қолында Алматыда тұрдым. Әрине ол кісі 2000 жылы дүние салды. Бірақ жадымызда қалған дүниелер баршылық. Ал Аманкелдінің үлкен баласы Рамазаннын ұлы Батырлан Алматы қаласында тұрады. Техника қылымдарының кандидаты. Ал батырдың немере ағайыны Бахыт Иманов деген кісінің “Батыр баба” деген романы әлі толық басылып шығып, көпшілікке жарияланған жоқ. Ол кісіде Ғ.Мүсірепов сынды мықты жазушылармен бірге оқыған.Журналистиканы бітірген бірақ ауылда еңбек етіп шығармаларын жарыққа шығара алмай қалды. “Батыр баба” романы аяқталған. Бірақ төте жазумен жазылған соң біздің әріпке ауыстырып жазуға ешкімнің жүрегі дауаламай тұр. Оның үстіне уақыт тапшылығы да белгілі. Романның түпнүсқасы Аманкелді ауданында тұратын жазушының ұлдар Өміржан мен Мерейдің үйінде сақтаулы. Менің берген мәліметтеріме бейжай қарамайтын жандарға нақты деректер беруге болады.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мария Еспаева 2016-01-26 12:52
Амангельді Иманов атамыздын руы кім болған?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Камшат Абжанова 2016-01-26 12:51
Аманкелді батырдың руы Бегімбет. Менде Бегімбетпін. Батыр ауылында туып өскенмін. А.Иманов атындағы мұражайда ғылыми қызметкер болып қызмет жасаймын. атамыздан қалған, пайдаланған заттары бізге өте қажет.мұражайда сақталады. менің мекенг-жайыма хабарласуыларыңызды өтінем.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Роза 2016-01-26 12:47
Среди потомков батыра были ли Байимбет и Зибагуль.Может из близких родственники.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту