Өзтүрік Мұстафа

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Мұстафа Өзтүрік (1954 – 1995 жж.) Қазақстанда таэквондо федерациясының негізін қалаушы, спортың сайыпқыран саңылығы.

Тәуелсісіздіктің бастауында азаттықтың алғашқы қарлығашындай болған азамат ата жұртына жиі келіп, жастарға шығыс жекпе-жегі – таэквондо спортын үйреніп, әр қазақтың жүрегіне жол тапқанын көзіміз көрді.

Тоқсаныншы жылдардың басында қазақ топырағына алғаш табаны тиген Мұстафа бір топ шәкірттерімен спорт сайысында өнерін көрсетсе, қазір республикада таэквондо жекпе-жегімен жиырма мыңға тарта жас шұғылданады. Бүгінде әр аймақ, облыстарда таэквондо мектептері ашылған. Өрімдей қазақтың қыз-жігіттері Мұстафаны пір тұтады.

Елімізде алғаш таэквондо спортының негізін қалаған, қара белбеуден 7-ші иегері Мұстафа Өзтүрікке Алматының іргесіндегі Талғар ауданында еңселі ескерткіш қойылды. Күздің осы бір соңғы тәуліктері шуағын шашып, ерекше құлпырып тұрады. Алланың шапағаты төгілгендей. Бесағаш ауылы салтанатқа бөленді. Алматыдан, іргелес елді мекендерден ағылғын адам көп болды.

Мұстафаның ізбасар шәкірттері ескерткіш алдында спорттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетіп жатты. Әрбір шалт қимылдарынан соң «Мұстафа, Мұстафа!» деп ұрандайды. Бұл қазақ таэквондошыларының жазылмас ұранына айналғандай.

Салтанатты жиынды Мұстафаның досы, көзі тірісінде Мұстафаның қайталанбас асыл қасиеттерін көрген спорт журналисі Несіп Жүнісбай ашып, сол бір шуақты күндерден аз-кем естеліктер айтты.

Мұстафа Өзтүріктің рухына бағышталып, Құран оқылды. Содан кейін Мұстафаның ер тұлғалы ескерткіші ашылды. Көгілдір лентаны Мұстафаның ұлы Нәзірбек пен ескерткішті тұрғызуға демеушілік көрсеткен азамат Қайыр Мейірбеков киды.

Мұстафа жөнінде естелік айтып, сөз алған сенатор, республика таэквондошылары федерациясы басшыларының бірі Шамсат Исабеков жылда қараша айында таэквондодан Қазақстан жастарының чемпионатын өткізу бұдан былай дәстүрге айналатынын хабарлады.

Ескерткіш алдында Бесағаш ауылының әкімі Торын Мегазұлы Өзтүрікті жұртшылық ерекше құрметпен еске алатынын хабарлап, осындағы Спорт сарайы бұдан былай Мұстафа есімімен аталатындығын тілге тиек етті.

Қамшының сабындай аз ғана ғұмырында Мұстафа білім іздеп Тайваньға барған, сонда жүріп таэквондо спортының қыр-сырын жетік меңгерген, тіпті оның кезінде киноға да түскен сәттері болған. Соның бәрінде туған елге, қазақ топырағына деген сүйіспеншілігі шексіз еді. Бұған Мұстафаның: «Шетте жүріп, батыр болам десеңіз, еліңді сүй» - деп, әрдайым айтып отыратыны дәлел.

Ескерткіштің ашылу салтанатында Мұстафаның анасы Рәзия апай, туыстары Мансұр Тәйжі, Шәріп Найман шетте жүріп, тар жол тайғақ кешуді бастан өткерген Мұстафаның Қазақстанға деген сүйіспеншілігі туралы әңгімеледі.

Мұстафаның достары оның Қазақстанда болған аз ғана жылдарында ел аралап, халық құрметіне бөленген кездері жайында қызықты естеліктер айтты. Ол әрбір елді мекенге барғанда спорт залдарын көргісі келетінін еске салып отыратын. Өзін ерекше құрметтеген халқын жүйелі сөзімен, киелі ісімен ерекше баурап алатын.

Сүйегі Ыстамбұлда жатса да рухы Қазақстанды шарлап жүрген Мұстафаның есімі әр қазақтың жүрегіне қонақтап қалған. Әр аймақта Мұстафа Өзтүрік атындағы спорт мектебі бар, таэквондоға тәнті жастар көп. Мұстафаға ұқсағысы келген қазақтың қыз-жігіттері қаулап өсіп келеді.

Жас мүсінші Бауыржан Жуасбаев Мұстафаның бейнесін сомдады.

Дереккөз: М. Солтангазина, Б. Шәкиев, Ф. Лекерова. Тарихи тұлғалар. – Алматы: Алматыкітап. – 2009. - 372 б.

Content 3

Пікірлер  

# Рауан Окас 2016-01-28 09:18
Сайт толған қате! Абай болыңыздаршы! Казак рудын баннеринде алып тастаныздаршы! уят екен! казак деген озге мемлекет емес пе?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Құл-Керім ЕЛЕМЕС 2016-01-28 09:18
Жаны Жаннатта болғыр бауырымыз ұлтжанды-ақ азамат еді. Еске алғандарыңыз өте орнынды болған. Оның аз жасауы тағдыры. Бірақ көпке өнегелі өмір сүрді, шүкір! Ұрпағы да ұлтжанды болғай, Аллаһ соны нәсіп етсін оларға. Қадір тұтар ағам деп, кезінде өлең арнаған едім. Соның бір шумағы былай:
Халқым, әлі алдыңда бөгет тұр сан...
Өзің өз ғой, кетпейді ол өзекке ұрсаң.
Қасиетің емес ол, қасіретің,
Қандасыңа қанжарды кезеп тұрсаң!
Әрине күллі қазақтың бауырымыздың өліміне еш қатысы жоқ. Оны қазалаған қанішердің бірі. Дегенмен бейшара Қазақ - Атамызға, әдіріссіз ауырдың бәрін айтамыз. Жақсысын сүйіп, жаманына күйетін сол - ата - Қазақ.
Қазақ іші қасиетсіздіктен, бауырсыздықтан, бастысы имансыздықтан аман болсын да!
Бауырдың отбасына Аллаһтан амандық, ізгілік бойсын. Әмин!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Кеңес Алма 2016-01-28 09:17
Рас-ақ бұндай азаматтар біртуар тұлғалар ғой. Сондықтан құрмет тұтуымыз керек! Ол біздің мақтианышымыз!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бисенов Серікали 2016-01-28 09:17
Мұстафа Өзтүрік, адамның адамы, азаматтың азаматы еді...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту