Баймырзаұлы Балуан Шолақ

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет) Көкшетау облысы, Еңбекші ауданында 1864 жылы дүниеге келген.
     Баймырзаұлы Балуан Шолақ қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты — Нұрмағанбет. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
     Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып — анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. 14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құғында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
     Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.
     Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.
Бір өлеңінде: Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, Оң колым отка күйіп болдым олақ, — дейді, сөйтіп Шолақ атанып кетеді. Ал "Балуан" деген сөз Шолақтың күшіне байланысты халықтың өзі қосқаны. Балуан Шолақ Біржан бастаған әнші-ақыңдар дәстүрін ұстап, әннің әуенін де, сөзін де қатар шығарған жөне оны өзі орындаған. Ол өзінің бір өлеңінде:
                                                  Бұл күнде отыз бесте менің жасым,
                                                  Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын.
                                                  Кешегі сентябрьдің базарында,
                                                  Көтердім елу бір пұт кірдің тасын, — дейді. Бұл өн халық арасына "Сентябрь" деген атпен тарайды. Ән көңілді, алапат күш иесінің аузынан шыққанын бірден байқауға болады.
     Балуан Шолақтың өмірінде үлкен орын алған адамның бірі —Ғалия. Шолақ пен Ғалияның аты қосарлана аталады. ...Үш жүзге атым шыққан алуан Шолақ, Денеме тегіс біткен күш пенен бақ. Көргенде сұлу әйел есім қалмас, Жігіттің бойындағы күнәм сол-ақ, — деп өзі өлеңге қосқандай, Ғалияның орны ерекше екенін танимыз. Оған арнап бірнеше өлендер шығарған. Елдің көп болатын жері Ақмолада Ғалия қымыз сататын әйелдің қолында жүргенде Шолақпен кездеседі. Екеуі бір-бірін қанша ұнатқанмен, Ғалияны алып кетуге Балуан Шолақ дайын емес еді. Оның үстіне, өтірік жалаға тап болған әнші түрмеге түседі. Балуан Шолақ Ғалияны сағынып бірнеше әндер шығарады.
Ол халық арасына тез тарайды.
                                                  Айым да — сен,
                                                  Ғалия, күнім де — сен,
                                                  Оң қабағым тартады күлімдесең.
                                                  Менің көңілім Ғалия дуалансын,
                                                  Ауған түйе секілді бейімдесең.
                                                  Қара өткелде Ғалия сен емес пе ең,
                                                  Бүл Арканың шортаны мен емес пе ем.
                                                  Сүмбіл шаш, құралай көз,Ғалияжан.
                                                  Ынтығымды құрытқан сен емес пе ең? — деп түрлендіре түседі. Ән шұбатылмай, динамикалық жағдайда айтылады. Ән басталғанан-ақ ыстық сезім ынтығы сезіледі, ғашықтық оты іште лаулап жатканын анық дәлелдей түседі. Қайырмасын тыңдағанда, Балуан Шолаққа еркелеп, назданып отырған сұлу Ғалия бейнесі көз алдымызға келеді. Түрмеде отырған кезінде Ғалиядан хабар ала алмай қатты қиналады. Сүйген адамынан күдер үзбейді.
Мысалы:
                                                 Мынау дүние, қай дүние, күлкі дүние,
                                                 Таудан қашқан сыландай түлкі дүние.
                                                 Сексен сұлу сылаңдап жүрседағы,
                                                 Ғалияның алмаймын кірпігіне, — деп, үздіккен ақын Ғалияның басқа салған тағдырға көніп, басқа адамға тұрмысқа шыққанын естігенде қатты налып, ұмыта алмай тағы да өлең жолдарын арнайды.
     «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.
     Белгілі музыка зерттеушісі А. В. Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.
     Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Бакдаулет 2016-01-26 16:12
Улкен алғыс айтамын . Рахмет тағы да
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жайнар 2016-01-26 16:12
Рахмет сиздерге.Озиме керек материалды таптып....
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Кундыз 2016-01-26 16:12
Галия туралы дерек китапта коп емес мында биршама дерек бар екен,рахмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айдана 2016-01-26 16:11
салеметсиздерме!Балуан Шолак Жамбыл обл,Шу ауданы,Актобе (казирги Балуан Шолак)ауылында дуниеге келеген!неге дурыс информация бермейсиздер!?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Серикжан 2016-01-26 16:11
Балуан шолак казирги акмола облысы макин ауданынында дуниеге келген ол жер макинка каласынан жалтыр станциясына баратын жол бойында биздин аргы атамыз казангап билмейтин бир жагдай кай жылдары кай атамыз кокше жерине келген соны билсениздер жазсаниздар
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Көкше 2016-01-26 16:09
Мұндағы: “Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, оң қолым отқа күйіп болдым олақ” қате, дұрысы: “Атандым Нұрмағамбет - Балуан Шолақ, оң қолым үсіп кетіп болдым молақ”. Қасқырға жасаған мұз шұңқырда қасқырды өлтіріп, қайта шығу үшін қабырға мұзын бәкісімен опырамын деп бір-екі саусағын үсітіп алған.”Оң қолым” деп айтқаны ғана, әйтпесе жалғыз қолмен күресе ала ма? “Молақ” - “кемтар” деген сөз. “Олақ” деу мүлде басқа мағына береді ғой.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Аяжан 2016-01-26 16:09
Маган керек материалды таптым... Сабакка ушин керек... Улкен рахмет сизге! Сабакка 2 коймайды)) =)
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Сердалы 2016-01-26 16:09
Үлкен рахмет???????????
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Акнура 2016-01-26 16:08
коп коп рахмеееет)))магам комектестиниздер!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# САЛТАНАТ 2016-01-26 16:08
Рахметик жаксы болдыгойй
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ****nIssE a BiKa**** 2016-01-26 16:07
саламатсыздарма!!!Рахмет берілген дайын ақпарат үшін))))Сабағымда пайдасы тиер)))
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# AiGERima 2016-01-26 16:07
Галия туралы баска китаптар деректерде баскаша жазылган!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# erkeBulan 2016-01-26 16:07
kizik rahmet magan kerek derekter bar eken!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# жұмат әнесұлы 2016-01-26 16:06
Мен сайттарда жарияланған Балуан Шолақ туралы материалдардың барлығын қарап шықтым. Оларда Балуанның өмірінің соңғы кезі айтылмаған екен. Б.Шолақ кей мақалаларда көрсетілгендей 16-жылы емес, 19-жылы қайтыс болған болуы керек. Өзнің ауылдастарына жайылымдықтан қысым көрсеткен казактардың 80 өгізін тартып алып, оларды базарға өткізіп жіберген. Бұл туралы өз өлеңінде айтылған.Содан уездік өкіметтен қысым көріп, біраз уақыт ата қаныс жерінде,Қаратау мен Жетісу жерінде паналаған. Бұл 15-17- жылдар болуы керек. Жетісу жері Балуан Шолақты керемет құрметпен қарсы алып,қошеметтеген.Ол кезде жас Кенен Балуан Шолақтың әнін палуанның өзінен үйренген деседі. Балуан Шолақ осы Жетісуда жүріп, фото суретке түскен тәрізді. Сайттарда, баспасөзде беріліп жүрген сурет, сол фотосуретке қарап салынған деген пікірдемін. Жұмат.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# жұмат әнесұлы 2016-01-26 16:06
Тағы бір айта кетейін дегенім-Балуан Шолақ 17-жылдары өзінің туған жеріне қайтып келеді. Патша өкіметі құлаған, енді одан қайыр болмайтын болғасын, кек ұстаған казактар, Балуан Шолақты аңдып жүріп, винтовкамен атады.Оқ іштен тиген екен. Құдай берген қайраттың арқасында Балуан сол оқпен шамалы уақыт жүрген екен... Жұмат.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# жұмат әнесұлы 2016-01-26 16:05
бІРІНШІ СҰРАҚ- ЖОҒАРЫДАҒЫ ДЕРЕКНАМАНЫҢ АВТОРЫ КІМ. Екінші сұрақ-Балуан Шолақ туралы белгілі повесть пен естеліктерде жазылған оның өмірінің соңғы кезеңі туралы деректерді айтуға неге кедергі туғызып отырсыздар. Жұмат
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# адик 2016-01-26 16:04
балуан шолак туралы деректер коп екен.рахмет сіздерге
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Толганай 2016-01-26 16:04
Балуан шолак туралы жаксы жазылган асиресе Галя туралы китапта Галя туралы коп жазылмаган бирак Балуан шолак Кокшетауда дуние келмеген Жамбыл облысы Хан тауынын ониринде дуние келген акеси Баймырза Кокшетауга кошип барып сол жакта калып кояды
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# баян исмагулова 2016-01-26 16:03
балуан щолактын шыгармалары жазылмаган екен.....шыгармалары керек еди...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Акберген Куралай 2016-01-26 16:03
Саламатсыздарма ! Рахмет берилген дайын акпарат ушин сабагымда пайдасы тиди )
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# МаРиКеЙ 2016-01-26 16:01
Егер жоғарыда берілген Балуан Шолақтың мақаласымен келіспесеңіз өз мақалаңызды ғаламторға жолдау қиын ба? маған ол туралы ғаламтордан алған жеңілірек болар еді.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# еркнбек курашулы 2016-01-26 16:00
салеметсиздерме маган балуан шолақ повесі керек еді толық нұсқасы тауып бересіздерме
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Аружан 2016-01-26 15:59
1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының бойында дүниеге келіп, 1919 жылы қайтыс болған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Aruka 2016-01-26 15:59
Қазақ қаласы ежелден батырларға бай болған. Оған батырлардың ерліктерін баян еткен халықтың аңыз-әңгімелері дәлел. Халықты өзінің қара күшімен ғана емес, композиторлығымен де тәнті еткен Балуан Шолақ еліміздің мақтанышы, халқымыздың жарқын өкілі.
Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер-ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан болған.
Балуан Шолақтың шын аты – Нұрмағамбет Баймырзаұлы. Жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты халық «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. 1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында дүниеге келіп, 1919 жылы қайтыс болған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген.
Нұрмағамбеттің әкесі Баймырза балалары жас кезінде Көкшетау жаққа көшіп барған.Ол ағаштан бұйымдар жасап, соларды базарды сатумен табыс тапқан шебер болған. Баймырзаның еңбекқорлығы оның баласына өтеді. Бірақ Нұрмағамбет еңбекқорлықпен қоса, үлкен қара күшімен ерекшеленген.
1879 жылы Баймырза Үйсін ауылының тұрғындарымен бірге жыл сайын жазда Шортан өзенінің жағасында өтетін жәрмеңкеге дайындалады. Тері, жүн тиелген арба аулада дайын тұрады. Бірақ жолға шығатын күні Баймырза сырқаттанып қалады. Ол базарға ересек ұлы Төлеубайды жібермек болады, бірақ ол ауылына оралып үлгермейді де, сөйтіп қалаға жас Нұрмағамбет баратын болады.
Бойы орташа, бірақ кең иықты он бес жасар бозбала сырт киімі болмағандықтан әкесінің тонын киеді. Ол базарға туысы Мұқашпен бірге жіберіледі және оның қолына үйге қажетті тұрмыстық заттар алу үшін біррубль ұстатылады.
Таудың етегінде өтіп жатқан қанды базар Нұрмағамбетті таң қалдырады. Барлық жерде қызған сауда, айқайлаған делдалдар. Кенеттен Нұрмағамбеттің назарын айнала тұрған бір топ адам аударады. Қызық көргісі келген ол сол топқа жақындайды. Сөйтсе, онда бір пысық адам адамдарды шақырып, өзі ертіп келген балуанмен күресуге шақырып жатыр екен. Бәске бір рубль тігілуі керек, ол ақшаны жеңген адам алатын болады. Әрине, оңай табысқа батқысы келгендер жеткілікті, бірақ балуанды жеңген ешкім болмайды.
Нұрмағамбет өз күшін сынап көрмек болады. Әлгі орыс балуан алғашында оны баласынып назар да салмайды. Бірақ тым белсенді бозбаланы бір қорқытып алғысы келген әлгі балуанның «келсең, кел» деген сөзінен кейін ол алға ұмтылады. Бірақ үстіне киген тонның етегіне аяғы шалынып, балуанның тура алдына барып құлайды. Туысы Мұқаш әлгі үйдегілер берген рублдіорыс балуанның қолына ұстатқаннан басқа амалы қалмайды, және Нұрмағамбетті бір сыбап алады.
Түнде Нұрмағамбет дөңбекшіп ұйықтай алмайды. Ол орыс балуанын жеңе алатынын дәлелдегісі келеді. Таңертең тұра салып, Нұрмағамбет алаңға, әлгі балуанға тартады. Бозбаланы мұқатқысы келген балуан бәске бір теңге емес, сегіз теңге тігуді ұсынады. Ол кезде мұндай ақшаға сегіз қой алуға болатын. Мұқаштың айқайына құлақ аспаған Нұрмағамбет шапанын шешеді, күресуге бел буады. Бұл жолы балуандың алдына жүгіріп барады да, белінен ұстап, жерге алып ұрады. Мұндай қызықты көрген көрермендер шапанның үстіне ақша тастай бастайды. Теңгелерді жинап алған соң ол, кешегі ұтылған бір теңгені Мұқашқа қайтарады, сегіз теңгені санап алып, туыстарына сыйлықтар сатып алады. Ал қалған ақшаны ол кедей-кепшіктерге үлестіріп береді. Сол жылы базарға келген халықтың арқасында Балуан Шолақтың ерлігі алысқа тарайды.

Он төрт жасында күреске түскен Балуан Шолақ бірақ күреспен кәсіби айналыспайды. Ол салдық құрып, төңірегіне өнерлі жастарды жинаған. Көкшетау қаласында өткен бір үлкен жиында 51 пұт (830 кг тарта) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 жылы 35 жасында орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырған.
1913 жылы ата-бабасының туып өскен, кіндік қаны тамған Шу өңіріне келген. Осы сапарында Қордай даласында қой бағып жүрген Кенен Әзірбаев оның көптеген әндерін үйренсе, өлкеміздің кейін танымал ақындары болған Жақсыбай Жантөбетов, Бармақ Мықанбайұлы, Сәрсен Жылысбаев, Сауытбек Ұсаұлы және басқа да өнерлі азаматтар онымен бірге ел аралаған. Шу ауданының Шоқпар стансасында тұрған Сәрсен Жылысбаев «Балуан Шолақ» дастанын жазып, онда өзі сыйласып өткен тұлғаның өмір тарихын жырға қосты.
Балуан Шолақ Шу өңірінде болған сапарында көтерген салмағы 1050 кг. тартатын тас бүгінде аудандық тарихи өлкетану мұражайының алдына қойылған. Сондай-ақ, Далақайнар өңіріндегі өзі аршыған тұнба әлі күнге дейін «Балуан Шолақ бұлағы» аталып келеді.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Nazerke 2016-01-26 15:56
Аружан сен мәліметтерді көшіріп алғансын ғой.Ол сайтқа бізде кіріп көрдік.Сондықтан біз білмейтін мәлімет жазыңдарсай.Білмейтіндер біліп жүретін болады.Бұл менің өз ойым
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Nazerke 2016-01-26 15:56
қыздар,балдар Балуан Шолақтың тылған жерін Қазақ әдебиетінің Шын кітабынан көрсеңдерболады.Онда барлығы дұрыс жазылған.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Арайлым 2016-01-26 15:55
Маған сәбит мұқановтың балуан шолақ повесінен үзінді керек еді қалай тапсам болады?гуглдан іздесем Каронмен күрес шығып тұр маған одан басқасы керек еді жол көрсетіп жіберсеңіздер тез арада
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту