Әубәкіров Тоқтар

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.

1962-1965 жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды.

1965 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен РСФСР-дың Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласындағы ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищеге жол тартқан. Бұдан кейінгі өсу, ержету кезінде зеңгір аспанда «МиГ»ұшағымен мінсіз ұшу, жаппай тұрмай жаттығу, тәжірибе жинақтау міндеті едәуір уақытын алған.

Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген (1969 ж). 1969-1975 жж. Кеңес Одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары.  1976 жылы А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросына қызметке қабылданып, ғұмырының ең қиын сәттерін бастан кешірді. Бұл тұста Тоқтар үшін өмір мен өлім ылғи қатар беттесіп отырыпты.

Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін (1976 ж.), Мәскеу авиация институтын бітірген (1979 ж.). Мәскеудегі А.И. Микоян атындағы Тәжірибелік-конcтрукторлық  бюроның ұшқыш-сынақшысы. Т. Әубәкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.

1991 жылы 2-ші сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Әубәкіров 1991 жылдың 10 қазанында Жерге оралды.

Т.Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

Ол 1992-1993 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-ші орынбасары. 1993-1994 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технолгия министрінің орынбасары, 1994-1995 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздіқ комитетінің төрағасы болды.

Тоқтар Әубәкіров 45 жасында ғарышкер атанды. Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін беріліп еді. А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросының бір құжатында бұрынғы Одақтың 26 сынақшы-ұшқышы болғандардың ішіне Қазақстаннан жалғыз Тоқтар Әубәкіров қана ілігіпті. Солардың 9-і сынақ кезінде апатқа ұшырап, қаза тапқан. Ал, қалғандары батыр атағына ие болған. Тоқтар солардың бірі болыпты.

Content 2
toktar2-150x180
tooktw800_mh600_s-285x214
toqtar_awbakirov_mazhilis-200x260

Пікірлер  

# Еділжан 2016-01-26 15:19
Ашық аспанда қалықтаған ғарышкер ағамызды өнеге тұтамын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мирамбекова Орынгул 2016-01-26 15:17
сіздерге көп-көп рахмет айтамын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Эльжана 2016-01-26 15:17
сіздерге көп-көп рахмет айтамын. Т. Әубәкіров ағамыз туралы көп білдім. smile
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# меткичуак 2016-01-26 15:16
Тоқтар Әубәкіров мен сізге өте өте өте қатты рахмет айтамын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Серікбай Маханұлы ақын - сазгер 2016-01-26 15:16
ҚУАНҒЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ .
(Тоқтар Әубәкіровке)

Қуаныштан тербетіліп жүрегің ,
Көк жүзінің сұңқары боп түледің .
Кетті даңқың Қазақстан әлемге
Ғарышпенен тілдескенде түлегің .

Ұшқыр қанат «Союз ТМ – 13 қыйырға ,
Самғап ұшты мереке боп быйылға .
Мақтанайық ғарышкерім Тоқтарға
Аттанғанда алыс сапар қыйынға .

Алау күндер , қара түндер өзгерді ,
Жұлдыз ағып , көк аспаным тербелді .
Ардақ тұтып – мақтана бер ұлыңды
Қазақ елін танытатын «ер келді» .

Қазақпын деп тұңғыш ұлың ғарышқа ,
Теңдік алып , зырлап ұшты алысқа .
Қуаныңдар ер атанды Тоқтарың
Бейбітшілік туын қадап Марсқа .

Қазақ елім қандай бақыт таңдарың ,
Орындалды неше жылғы арманың .
Биисмиллаһи жар бола көр құдайым
Ата – баба әруағы - қолдағың .

Бабаларым аңсап еді бұл күнді ,
Бір өзіңнен аулақ еткей сұқ тілді .
Сапарыңнан аман – есен оралдың
Туған жердің топырағы сілкінді .

Дос болады сен арқылы бар әлем ,
Байқоңырдан жердің жүзі ал сәлем.
Қарқаралы – туған жерің жыр елі
Тоқтар болып шырқалады ән сенен .

Серікбай Маханұлы ақын - сазгер.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Санжар 2016-01-26 15:15
Көп-көп рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Гульжан 2016-01-26 15:12
коптен-коп рахмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# БАЛТЕРЕК 2016-01-26 15:12
ТОҚТАР АҒА СІЗ ӨТЕ БАТЫР,БАТЫЛ ЖАНСЫЗ.СІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМ.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ақсу 2016-01-26 15:11
Тоқтар ағамызға рахмет.Қазақтың үлгі тұтар батыры.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айгүл 2016-01-26 15:10
Біз сізді мақтан тұтамыз. Біздің елімізде сіз сияқты азаматтар көп бола берсін!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бекболатова Нуржамал 2016-01-26 15:10
Ардақты Тоқтар Ағамыздың барын мақтан тұтамыз. Сізге Алла зор денсаулық берсін! Ешқашан ауырмаңыз!!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# cерікбай маханұлы ақын--сазгер 2016-01-26 15:08
ЖАН ҰЯ БАҚЫТЫ .
Сөзі , әні .
Көтеріңкі , жігермен . Серікбай Маханұлыныкі .

Ана жан көктем күннің шаттығысың ,
Гүл сезім жүрегімнің бақытысың .
Ежелгі жан ұяның бастауларын
Өмірге жалғастырған уақытысың .

Қайырмасы :
Баланың , дананың тілегі ,
Ана деп соғады жүрегі .
Жан ұя бақытын орнатқан
Өшпейтін өмірдің тірегі
Бір өзің Анажан , анажан .

Бейнеңнен Күн көзіндей нәр аламын ,
Күн санап өскен сайын зер саламын .
Бетіңе түскен әжім еңбегіңнен
Мен қалай ақ сүтіңнен ақталамын .

Қайырмасы :
Жайнаған кең даладан гүл жинадым ,
Асылын табалмадым шын қиналдым .
Іздедім бұл әлемнің нұр жарығын
Сондықтан теңеу етіп ән силадым .

Қайырмасы :
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# саламат 2016-01-26 15:07
Қазақтын туын жербіреткен қазақтын кара домалақ баласы. Б.Момышұлынан бата алган ер жүрек батыр, һаһарман.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бабек 2016-01-26 15:06
Тоқтар Әубәкіров Сонда халық қаһарманы атағын әуеге ең бірінші ұшқан қазақ болғаны үшін алдыма? немесе??? жауап беріндерши еш қай жерде жазылмаған???
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту