Рахимов Сабыр Омарұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі, генерал-майор Рахимов Сабыр Омарұлы 1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт тауының етегіндегі Көкібел ауылында туған. Сабырдың жеті-сегіз жасар кезінде әкесі Омарқұл Ташкент қаласы маңындағы Пақтапұл деген жерге қоныс аударады. Шешесі Ташкент маңайындағы Жүнісабадта тұратын диқанның қызы Бахарайым деген кісі екен. Сабырдың балалық шағы төңкеріс алдындағы империялық Ресейдің және оның отарланған шеткі аудандарының көптеген балалары сияқты кедейшілікте өтті. Әкесі Омар 1907 жылы қайтыс болған соң сауаты жоқ анасы Бахарайым туған ағасы, диірменші Рақымның қолына қызы мен баласын ертіп барады. 1915 жылы қызы қайтыс болады. Сабыр мектепке барған кезде нағашысының балалары қатарында «Рахимов» болып жазылып кетеді. 13 жасар Сабыр жергілікті байдың малын бағып күн көреді. 1917 жылы шешеші Бахарайым да қайтыс болады да, ол балалар үйіне қабылданады. Директоры татар азаматы Ш.Хасанов еді. Осы жерде оның қызы Әминамен кездеседі. Өмірбаяндық құжаттарда Сабыр әйелін Магра деп атапты. Жұбайы – Рахимова Магра.

Сабыр 1922 жылы Бакудегі әскери мектепке қабылданып, оны үздік бітіреді. 1925 жылы атақты қолбасшы М.С.Фрунзе курсант Сабырдың үстіндегі өнеріне қатты риза болып, оған аттың қолдан жасалған мүсінін сыйлайды.

Сабыр Рахимов әскери мектептен соң атты әскер взводының эскадрон командирі болып Қарақұмдағы басмашыларға қарсы күресте үлкен ерлік көрсетеді. Осыған байланысты ол 1927 жылы «Қызыл Ту» орденімен, 1930 жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. 1932-33 жылдары С.Рахимов партия жұмысын ұйымдастырушы, 1933 жылыдан бастап әскери қызметте болған. С.Рахимов 1937 жылы жалалы да болып, репресия жылдары он тоғыз ай түрмеде отырған. Ол ақыры ақталып шыққан.

1942 жылы Рахимов дивизия командирі міндетін атқарушысы болып тағайындалды. Сондағы бір әскери құжат былай дейді: «Рахимов басқарған дивизия шайқастарында 4000 фашисттің көзі жойылып, 100-і тұтқынға түсті, 4 ұшақ құлатылды».

1942 жылы 22 тамызда подполковник дәрежесін алған Рахимов 1943 жылы 19 наурызда генерал-майор Мәскеудегі Бас Штаб Академиясына оқуға шақырылды. Міне сол кездегі С.Рахимовқа берілген мінездемелер: 12-ші Армия бас қолбасшысы генерал-майор А.Гречко: «Инабатты, ұстамды, тактикалық білімді, тәртіпті офицер. Шабуыл кезінде дивизия бөлімін дұрыс басқарады» десе, 56-шы Армияның бас қолбасшысы  генерал-майор Рыжков: «Шешімді, ізденгіш, ойшыл командир. Рахимовтың қайсарлығы мен жүректілігі оның қарамағындағыларға үлгі бола алады»,-деп бағалапты.

Кейін өмірінің соңына дейін 37-ші атқыштар дивизиясының командирі болып, 2-ші Белорус майданында соғысады. Дивизия майданының басқа бөлімдерімен бірге отырып, 25 шақырым алға жылжиды. Жаудың Польшадағы негізгі трек пункттері – Дзядлова, Млава, Плоньск, Пултуск қалалары мен Цеханов-Модлин теміржолы жаудан тазартылды. 16 күннің ішінде 215 шақырымға созылған Польшаның 124 елді мекені жаудан азат етілді.

1945 жылы наурызда Староград қаласы маңында жаумен қиян-кесті шайқас болады. Міне, осы шайқаста генерал-майор С.Рахимов қайтыс болады. Генералдың қалай қаза тапқаны жөнінде көптеген мәліметтермен қатар, А.Құралов сол шақта окопта генералмен бірге болған Т.Қауынбаевтың естелігінен келтіреді. Өз естелігінде Т.Қауынбаев былай дейді: «Сабыр ағаның қазасын әркім әр түрлі болжайды». «Құрышкомдив» кітабын жазған Зинченко ол кісінің бір бүйіріне снаряд жарықшасы тиіп, содан қайтыс болды дейді. Түркістан әскери округінің «Фрунзавец» газетінде жарияланған «Өмірдің өртті өткелі» суреттемесінде Андреев генералды фашист мергенің оғынан қаза тапты деседі. Ал, менің есімде қалғаны, Данциг /Гданск/ қаласына жасап жатқан шақ. Дивизия саяси бөлімінің бастығы полковник Смирнов , артиллерия құрамасының қолбасшысы полковник Руденко, байланыс қызметінің бастығы подполковник Голованьды қасына ерткен Сабыр аға Омарұлы 1945 жылы 25 наурызда 109-шы полк шабуылдап жатқан шепке келді. Бір жағы жауынгерлерді жігерлендіріп, екіншіден ұрыс даласымен байқап қайтпақшы болды.

... Бірге отырып дәм тату жайындағы ұсынысқа алғыс айтқан Сабыр аға бақылау пунктін ауыстыру жайын еске салады да, қасындағы серіктерімен бүйірлеу бағытқа беттейді. Шақырымға жетер-жетпес жерге келіп, жайғаса берген кезде заңылдай да жарқырай ұшқан миномет генералдар отырған жерге бұрқ ете қалды. Жан ұшыра жүгірген біз қызылала қан болған комондирге жеттік. Кейін білгеніміздей, Смирнов, Головань тіл тартпай көз жұмыпты да, Рудненконың оң аяқ саусақтары түгелдей қырқылып түсіпті.

Ал Сабыр аға көзін басып, қиналып жатыр екен.

- Сабыр аға, не болды? – деп тіл қаттым.

- Тоғанбаймысың? Не болғанын қайдам, әйтеуір мына көзім суырып алып барады. 

Ол кісінің айтқаны осы болды. Жалма-жан аяулы ағаның жараланған көзін танып, медсанбаққа хабарладық. Сол бетте далалық госпиталға апарылған Сабыр аға тілге келмей соңғы сапарға аттанды. 30 наурыз күні Рахимов және оның мйдандас достары Белоруссияда Гродно қаласында жерленді. Соғыс біткен соң, 1945 жылдың мамыр айында Сабыр ағаның мейіті Ташкентке әкелінді. Рахимовпен қоштасу, қайғылы митингі 25 мамырда болды. Денесі Ташкенттегі Бауырластар мазаратына жерленген.

Бүгінде заман лебі өзгерді. Ташкентте ұлттық батыр ретінде дәріптеліп келінген Сабыр ағаның ескерткіші басқа орынға көшірілді.

Сабыр Рахимовқа 1965 жылы 6 мамырда КСРО Жоғары Кеңесі Президумының Қаулысымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.                 

1991 жылы батырдың туған жері Қазығұрт ауданы, Көкібел ауылындағы орта мектепке Сабыр Рахимов есімі берілді. 1997 жылы 11 маусымда осы мектептің директоры С.Рахимов өмірін зерделеуші А.Құраловтың бастамасымен С.Рахимовқа ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды.

2002 жылы Түркістан қаласында «Коммунизм» мектебіне Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор С.Рахимов есімі берілді.

2012 жылы мамыр айының 8 жұлдызында С.Рахимов атындағы жалпы орта мектепте С.Рахимовтың 110 жылдығын тойлап өтті. Осы мерекеде мектепке С.Рахимовтың бюсті орнатылды. 

Content 2
skanirovanie0001-285x202
skanirovanie0002-285x198
skanirovanie0006-285x213
skanirovanie0007-285x213

Пікірлер  

# Ерлік 2016-01-28 09:42
Кұрметті қаум!Бұл жерде Сабыр Рахымовтың өмір баяны аңыздан алынып отыр.Шындығына келсек Сабыр атамыз 1912 жылы дүниеге келген.Бұл жерде жасын он жас үлкейтіп көрсетілген, бұл саясатың астары ма деп ойлаймын. Бакудегі мұрагатын ақтарсақ онда 1932-1933 жылдары оқығанын көрсетіп тұр.1927 жылы “қызыл ту” орден алмаған 1937 жылы алған.Сабыр атамыз 1920 жылдары Алаш арыстарымен қатар болмаған. 1930 жылдары әскери қызметке келген.Казғұрттың Кокбілінде тумаған, оны дәлелдейтін құжат бар ма екен.Сталиндік қудалауға ұшыраған Қорабай бабамыз онтүстіке бір ауыл болып қоныс аударған,ол жерде тағыда қудалауға ұшырап Өзібекстанға өтіп,Корабай бабамыз дүниеден өтіп немересі Сабыр өзібектердің отбасында қалып кояды.1930 жылдары әскерге алынып 1932 жылы Бакуге жіберіледі.Мен Сабыр атамыздың үйде сақталған суреті арқылы танып таптым.Сабырдың көзін корген марқұм Құралай Натулаеваға козінің тірісінде маған қол хатын қалдырып кетті.Сабыр атамыздың көзін көрген майдандас серігі,Бұл күнде көзі тірі Кеңес одағының батыры Қауымбаев Тоғанбай қарияныңда сенім тапсырған. Кезінде Сабырдың іздеушісі болмаған соң, Оңтүстіктегі ағайындар еншелеп тарихқа қйанат жасап отырғанын айтқым келеді.Брақ қанша жерден әулие тұтып шаң жуытпай төбесіне көтерсе де,әрбір адам қарапайым пенде екенін ұмытпауы тиіс. Ал әр пенденің тамыр тартар тегі,жаман да болса ағайн бауыры бар. Егер де Сабыр менің атам дегендер болса дәлел-дерегімен келсін менің есігім ашық. Тарихтың ерте,кеші жоқ деп ойлаймын. Сабыр Рахымовты жоқтаушы,іздеуші немере інісі Ерлік Омаров Муканұлы.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту