Исабаев Слям Мұхамеджанұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Исабаев Слям Мұхамеджанұлы1937 жылдың 18 наурызы күні Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарым ауданының Мало-Красноярка селосында шаруа отбасында дүниеге келген.

1955 жылы Үлкен Нарым орта мектебін бітірген соң, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1960 жылы аяқтап, заңтанушы заңгер мамандығын алған.

Университетті бітіргеннен кейін екі жыл (1960-1962) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақ сот сараптама ғылыми-зерттеу институтында сарапшы-криминалист,

1962 жылдың қараша айынан 1994 жылдың қараша айына дейін Ішкі істер органдары жүйесінде еңбек етіп, қатардағы сарапшы-криминалисттен, әрі тергеушіден бастап, ҚР ІІМ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін жоғарылайды. Осы қызметіне, КСРО ІІМ басшылығымен ұсынылған, әрі Қазақ КСР басшылығымен Талдықорған облысы ІІБ бастығының орынбасары қызметіне тағайындалып, сонда 1985 жылға дейін қызмет атқарған.

1985 - 1990 жылдары Алматы облыстық ІІБ бастығы болып қызмет еткен. 1990 жылдың маусым айында бекіту тәртібімен Алматы қаласының ҚІІБ бастығы болып(әрі ҚР ІІМ министрінің орынбасары болдым) тағайындалады. Милиция генерал-майорының атағын Н.И.Рыжковтың қолы қойылған КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1988 жылдың қазан айында иеленеді.

1990 жылғы көктемде Қазақ КСР-нің 12 шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Сонда алғаш рет сайлау баламалы түрде өткізілді. Құқық мәселелері жөніндегі комитетте жұмыс істеген. Қазақстанның алғашқы Конституциясы мен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы заңнамалық актілері тап осы 12 шақырылымдағы Жоғарғы Кеңеспен қабылданған.

Әкесі – Мұхамеджан, ол 5 жаста болғанда 1942 жылы қайтыс болған, анасы Хайрузовка кеңшарында қайтыс болады.

1961 жылы отбасын құрған, әйелі – 1937 жылы туған Исабаева Роза Мәлікқызы, білімі бойынша педагог, әрі Үлкен Нарым мектебінің 1956 жылғы түлегі, қазірде – зейнеткер.

Исабаева Роза Мәлікқызы өзінің еңбек жолының көп бөлігін партиялық органдарға арнаған. 9 жыл бойы Алматы партия қалалық комитетінің нұсқаушысы, 3 жыл қатарынан  Әуезов партия аудандық комитетінің 2-ші хатшысы, 6 жыл – Алматы және Талдықорған партия обкомдарының нұсқаушысы, және тағы 3 жыл Қазақстан Компартиясының ОК нұсқаушысы болып еңбек етті, содан 1992 жылы зейнеткерлікке шықты.

Оның 1929 жылы туған Исабаев Байкен және 1923 жылы туған Исабаев Закария деген ағалары болған, олар Хайруз кеңшарында еңбектеніп, қазірде зейнеткерлікке шыққан. Қазір олар бақилық болды. Ал 1924 жылы туған ағасы Исабаев Жике 1945 жылдың 28 наурызы күні Польшаның Гданьск қаласындағы әскери госпитальде оқ жарақатынан қайтыс болған.

Екі қыз баласы бар. Үлкені, 1962 жылы туған – Исабаева Аида, экономика ғылымдарының кандидаты, зайыбы «Атакент» фирмасында жұмыс істейді. 1967 жылы туған екінші қызы – Жанат, дәрігер мамандығын алған, отбасын құрған, үш баласы бар.

ҚР Жоғарғы Кеңесінің 11 медалімен және Құрмет Грамотасымен наградталған.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту