Жұматов Ғаббас Жұматұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Жұматов Ғаббас Жұматұлы -  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор. Алматы қалалық Ардагерлер Кеңесінің мүшесі, отставкадағы полковник.
Ол 1918 жылы Павлодар облысының Баянауыл өлкесінде туған.
Ғаббас Жұматұлы Ұлы Отан соғысы басталғанда КСРО батыс шекарасында Батыр Брест Қамалының гарнизонында әскери борышын өтіп жүрген болатын.
Танкке қарсы атқыштар артиллериясының полкындағы кадрлық әскери қызметін өтей жүріп, Батыстық, 3-ші, 2-ші Украиндық майдандарында болып Мәскеуді қорғауға қатысты.
Ғ. Жұматов Украинадағы Корсунь-Шевченков ауданындағы немістің ірі әскери бөлімін қоршауға алу және жою, Ясско-Кишинёв  операцияларының бел ортасында болды.
Қарпат қыраттарындағы, Трансильваниядағы, Румыниядағы, Югославиядағы (Солтүстік Дунай), Венгриядағы соғыс іс-қимылдарына қатысып, Австрияда соғысты аяқтады. Майданда әртүрлі жарақат алды.
Сегіз орден, отыз медальмен - Мәскеуді  қорғағаны үшін, Будапештті азат еткені үшін, Венгр Халықтық Республикасының Алтын гүлшоқ және т.б. көптеген елдердің медальдарымен марапатталған.
Белоруссия, Украина, Қазақстан президенттерінің және Мәскеу қаласы мэрінің медальдарымен марапатталып, Қызыл әскердің Жоғары бас қолбасшысынан әскери наградаларға тең бағаланатын сегіз алғыс хат алған.
Жұматов Ғ.Ж. - Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери шеруге (1941 жылдың 7 қарашасы) қатысқан cанаулы қазақтардың бірі.
Оның соғыстан кейінгі бар өмірі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетімен (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) тығыз байланысты.
Университеттің тарих факультетін  үздік бітіргеннен кейін аспирантураға түседі. Кандидаттық диссертациясын табысты қорғап, университетте педагогикалық жұмысқа қалдырылады. Онда ол ХХ ғасырдың саяси тарихы кафедрасында 40 жылдан аса қызмет атқарып, үлкен абырой-беделге ие болды.
Жұматов Ғ.Ж. педагог және ғалым ретінде ірі ғылыми-зерттеу жұмыстар атқарды.
Қоғамдық жұмыстағы белсенді қызметі үшін ол көп жылдар бойы соғыс ардагерлерлерінің Жалпыодақтық комитетінің (Мәскеу қ.) және ардагерлер комитетінің Алматы қалалық секциясының құрмет грамоталары мен дипломдарына лайық деп табылды. 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  Құрмет  грамотасымен марапатталды.
Ғаббас Жұматұлы 10 жылдан аса уақыт соғыс ардагерлерінің Алматы қалалық идеологиялық комиссиясын басқарды. Соғыс ардагерлері істері бойынша республиканың Орталық Кеңесінің мүшесі болды. 1984 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еңбек және соғыс ардагерлері қоғамдастығының тұрақты төрағасы.
Жуырда (2010 ж. 2 сәуір) ректордың бұйрығымен «әль-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуына қосқан айрықша үлесі» үшін алтын медалімен марапатталды.
2000 жылдың мамыр айында Жеңістің 55 жылдығына арналған салтанатты отырыста ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Ғаббас Жұматұлына алғыс жариялады. «Жұматов Ғ.Ж. - еліміздің керемет патриоты және құрметті азаматы», -  деп жылы лебіз білдіріп, жанына амандық-саулық тіледі.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту