Есенғазиев Орынғали Есенғазыұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Мен, Есенғазиев Орынғали Есенғазыұлы, 1922 жылы  10 желтоқсанда  Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келдім. Коммунистік партия қатарына 1943 жылы қабылдандым (Лениндік Комсомолға 1939 жылдан мүшемін). 1939 жылы жетіжылдықты бітірген соң, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы Қапланбек кентіндегі Ауылшаруашылығ техникуміне оқуға түстім.

Ұлы Отан соғысы басталғанда 1941 жылы Сарыағаш аудандық әскери коммисариаты мені әскери училищеге жіберді, атап айтқанда – Новосибирск облысының Ачинск қ. орналасқан жоғары Командалық құрамның Сумский артиллериялық училищесі, бұны  1943 жылы лейтенант әскери лауазымы бойынша аяқтадым және Мәскеу жанындағы майданға немесе Калинин майданына жіберді, неміс-фашистік Германияның басқыншыларына қарсы Ржев қаласы маңында шайқасқа түстім. 1943 жылдың ақпанынан соғыс біткенге шейін Ұлы Отан соғысы майдандарының негізгі әскерлерінде болдым, Смолнеск облысын, Белоруссиядағы Великие Луки қаласын, Витебск қаласы маңын азат ету шайқастарына қатысып, ауыр жарақат алдым,  қазіргі таңда елу жылдан астам уақыт бойы снарядтың бір жарқыншағы менің денемде әлі орын алып отыр, екі контузия алдым.

Взводты басқардым, 19-шы танкілік РГК Корпусының бронетанкілік әскерлер құрамында  артиллериялық дивизионның батареясын басқардым,  бұнда Балтық жаны майданының І – ІІ – құрамында 1944 ж. қазаны мен 1945 ж. басында  Балтық жағалауы республикалары – Латвия, Литва елдерін азат етуге қатыстым.  Соғысты Будапешт қаласының түбінде аяқтадым. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, біздікілер Бухарест қаласында, Румыния, Әскерлердің Оңтүстік топтарында болды.

1946  жылдың соңында КСРО Үкіметінің шешімі бойынша мені және басқа да ауыл шаруашылығ мамандарын Қызыл Армия қатарынан босатты және халық шаруашылығына еңбек етуге жолдама берді.

1947 жылдың басында Алматы қаласына келдім. Соғыс біткен соң елде қылмыстық жағдай, бандитизм көбейді, қылмыстық істер  ушыға түсті, осыған байланысты Алматы қалалық Коммунистік партия комитетінің шешімі бойынша маған Республикамыздың ІІМ органдарына, Бандитизммен күрес бөліміне (ОББ), жедел өкілетті лауазымына қызмет етуге жолдама берді, бірнеше айлардан соң Алматы қ. КСРО ІІМ мектебіне жіберді. Бұны бітірген соң мені негізгі құрамдағы курсанттар  курсының бастығы міндетіне қалдырды. 1949 жылы жоғарыда аталған КСРО ІІМ мектебін КСРО МҚМ (Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі) жүйесіне өткізді де, сол сәттен бастап маған мемлекеттік қауіпсіздік капитаны арнайы әскери  атағы беріліп, мен Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің қызметкері болдым. Содан соң 1951 жылдың соңында мені Көкшетау облысы бойынша МҚМБ жұмысқа Көкшетау қаласына жіберді, мұнда жедел-басқару құрамында кадрлар бөлімінің бастығы болып істедім. 1954 жылдың наурызында МҚМ қайта құру себепті Көкшетау облысының МҚМБ кадрлар бөлімінің бастығы болып ауыстырылыдым.

1954 жылдың соңында сол кездегі Көкшетау облыстық коммунистік партия комитетінің шешімі бойынша мені ауылшаруашылығы саласындағы маман ретінде Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстарына жіберді.

Кеңшардың партком хатшысынан босаған бетте Көкшетау облысы Рузаевка ауданы Володарский атындағы кеңшарды ұйымдастыру және құрылысын салу жұмыстарымен айналыстым,  ол кезде партком хатшысы лауазымы  Қазақстанның Компартиясы ОК номенкулатурасы болып табылатын, бір жылдан соң 1955 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Компартиясы Көкшетау обкомының  кеңшарлар істері бойынша инспекторы болып жұмысқа ауыстым, бұнда 1957 жылдың мамыр айына дейін қызмет атқардым.

1957 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарына қызметке ауыстым. Мұнда басшылық қызметтер атқарып, Көкшетау, Атырау, Алматы облыстарының  ІІД ОБХСС бастығы, кейіннен Алматы қаласы ІІД ОБХСС Ленин аудандық Ішкі істер департаментінің бастығы болып қызметтер атқардым. 1978 ж. милиция полковнигі шеніменен құрметті демалысқа шықтым.

Зейнеткерлікке шыққан соң, Қазақ КСР Дайындық министрлігінде Кадрларды басқару басқармасының бастығы, Алматы қаласындағы «Ардагер» шипажайының директоры, Соғыс, еңбек және қарулы кұштер ардагерлерін  қолдау қорының директоры, 1997 жылдан қазіргі таңға дейін «Ынтымақ» Жабық акционерлік қоғамының президенті болып қызмет атқарамын.

Білімім жоғары – заңгер, құқықтанушы. 1965 жылы КСРО ІІМ Жоғары милиция мектебін бітіргем. ІІМ еңбегі сіңірген қызметкері, РФ Бүкілресейлік ардагерлер кеңесінің мүшесімін.

Бірнеше рет облыстық, аудандық, қалалық атқару комитеттерінің депутаты болып сайланғам. Отан соғысының І – ІІ дәреджелі, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және т.б. 25 медальдармен, КСРО ІІМ және ҚР ІІМ бірнеше Құрмет грамоталарымен наградталған.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту