Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. Бигелді атасының 101 жасап қайтқан қарындасы – Қадиша әжесі кішкентай Талғатты керемет жақсы көрді, бар мейірімін төге тәрбиеледі. Әкелері 1931-1932 жылдардағы ашаршылық қысыңқыраған уақыттарда еттірілік танытып, колхоздан жалға жер алып, тау жақтағы ай далада пияз, жүгері екті. Үй іші алты ай жаз бойы тайлы-тұяғымен түгелдей егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып үйді қарайтын, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Өстіп еңбекке, елгезектікке баулынды. Қара жұмысқа қаршадайдан қатып-пісіп шынықты. Ұшқыш болсам деген өрекпіген көңілмен Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түсіп, «У-2» деген ұшақпен ұшуды үйрендім» дейді аты аңызға айналған батыр. Қыран самғауының алғашқы ақ жолы атақты Фрунзе берген бір жапырақ қағаздың арқасында осылай ашылып еді. Ол кездерде қазақ баласына тым сирек бұйырған бақыт болатын бұл.  Әуелі Саратовтың арнайы барлаушылық ұшқыштар авиамектебіне оқуға жіберілді. Оны бітірген соң Чкаловтағы 3-ші бомбалаушы және 1-ші жойғыш авиациялық ұшқыштар мектептерінде аспан қыраны мамандығының қыры мен сырын тәптіштеп меңгерді. Одан соң ИЛ-2 шабылдаушы ұшағында ұшуға үйренуден өтті. Осының бәріне ұзын-ырғасы екі жарым жыл шамасында уақыт кетті. Тек содан кейін ғана, 1942 жылғы желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144-ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800-ші шабылдаушы авиаполкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы күндеріне дейінгі бүкіл от-жалынды бастан өткере кешіп өтті. Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады. Соғыс біткеннен кейін Талғат Жақыпбекұлы Әскери-әуе академиясында оқып, кеңес армиясындағы бөлімдер мен құрамалар командирі, штаб бастығы мәртебесін еншілеткен диплом алып шықты. Әскер қызметінде реактивті ұшақтарды игерумен шұғылданды. Бір жолғы сынақ ұшуы кезінде апатқа ұшырады, алты ай бойы ажалмен арпалысты. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болса да, бейбіт өмірден өз орнын табуға құлшынды. Фрунзеден лайықты жұмыс бере қоймағасын, онсыз да туған ел, туған жерге бүйрегі бүлкілдей бұрып аңсап жүрген Талғат ағамыз ордалы отбасымен қотарыла көшіп, Алматыға келген. Бейбіт өмірдің де ой-шұқыры соғыстағыдан көп болмаса аз емес қой. Ақыры, Кеңес Одағының Азаматтық авиация бас басқармасына жағдайын айтып хат жазуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Қазақстанның  Азаматтық авиация басқармасы бастығының орынбасары болуға Талғат Жақыпбекұлының келісімін сұраған сәлемхат та көп ұзатпай келіп қалды. Иә, әрине, келіседі! Бұл 1956 жыл болатын. Сөз басында айтқанымыздай, Бигелдиновтің маңдайына бұйырған ерекше тағдырдың екінші бір арналы тарауы, аса маңызды саласы осы тұста, туған елінің төрінде бастау алды. Азаматтық авиацияның Қазақстандағы жай-күйі мүлдем нашар еді. Тіптен, республика басшылары Мәскеуге бару үшін сағатына 200 шақырымдық ЛИ-12 ұшағымен әуелі Ташкентке жетеді. Ондағы әуежайда сағаттап сарыла күтіп, билет алып, содан кейін ғана ИЛ-18 ұшағымен Мәскеуге ұшады. Қайтарда тағы солай. Себебі, Алматыда ИЛ-18 ұшып-қонатын асфальтты, бетонды берік алаң жоқ. Бұл жағдайға намыстанбаса Бигелдинов бола ма! Батырлығына баспай тұра алмады. Басшыларға тынымсыз талап қойды. “Мынау сұмдық қой” деді Жұмабек Тәшеновке. Республиканың басқа басшыларына да мән-жайды баяндап, тиісті ұсыныспен шықты. Сөйтіп, көп ұзамай батырдың қамшылауымен, белсенді бастамасымен Үкімет республикада азаматтық авиацияны өркендетудің, оның негізін құрудың жоспарын әзірледі. Құдіреттің бұйрығымен осы тағдыршешті жоспарды жүзеге асырушы да еліміздің бас ұшқышы, бас қыраны Талғат Бигелдинов болғандығына қайран қалудың өзі де қисынға келмес. Оның басшылығымен һәм тікелей қатысуымен ауыр ұшақтарға арналған Алматы аэродромының, ондағы ұшатын және қонатын жолтабанның құрылысы қолға алынды. Жұмыс жоғары сапада, жедел қарқынмен жүргізілді. Жолтабан салу жөніндегі үкімет тапсырмасын мерзімінен бұрын табысты орындағаны үшін 1958 жылдың 18 қазанында Талғат Жақыпбекұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Батыр ағамызға Тәшенов сынды атпал тұлғаның қолынан алған осы бір грамота тым ыстық, Батыр Жұлдызынан кем санамайды. Осылайша Алматыдан Мәскеуге тікелей әуе жолын тартудың да бастауында Бигелдиновтің тұрғаны тегін емес, жазмышты нышан демеске лажымыз қайсы.Осыдан соң-ақ аэродромдар мен ұшып-қонатын жолтабандар салу бүкіл Қазақстан бойынша кең қанат жайды.  Талғат Жақыпбекұлы бұл іске асқан жігер-құлшыныспен, жанкештілікпен кіріскені сонша, осы орайда өзіне республика тас жолдар бас басқармасы бастығының орынбасары Леонид Гончаров сынды пікірлестер, әріптестер іздеп тапты, облыстар мен қалалардың басшыларын осы замандық әуежайлар мен ұшақтарды  қондырып-ұшыратын алаңдар салуға үгіттеді. Өзі жаңа мамандығын жете меңгеру үшін Мәскеудің инженерлік-құрылыс институтына сырттай түсіп, бітіріп алды. Ұшқыштығына қоса енді құрылысшы да болды. Аэродромдар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын жасаудағы, басқадай шаруаларын реттестірудегі Бигелдинов – Гончаров тандемі азаматтық авиациямызды дамытуда таңдай қағарлық толымды нәтижелерге қол жеткізді дей аламыз. Алматыдан соң Балқаштың әуежайын қолға алған. Одан соң Бигелдиновтің басшылығымен Ақмолада, Павлодарда және Гурьев пен Оралдан басқа барлық облыс орталықтарында сол уақыттардың талабына әбден сәйкесетін ұшу-қону алаңдары бар аэродромдар салынды. Қазақстан үшін бұл жағдайдың әрі экономикалық та, әрі әлеуметтік әрі моральдық-психологиялық та маңызы зорлығын айтып жатудың өзі артық. Сондықтан да Талғат Жақыпбекұлын 1963 жылдың 9 ақпанында марапаттаған өз Құрмет грамотасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы “республикада азаматтық аваицияны өркендетуге белсенді қатысқаны үшін” деп айрықша атап көрсеткен болатын. Бигелдинов тағы да Үкімет тапсырмасымен Лисаков кен байыту комбинатының құрылысына кірісті, одан соң Жамбыл суперфосфат комбинатын, Алматыдағы Республика сарайын, республикалық кітапхана ғимаратын салды. Осы жылдарда өзінің құрылысшылар ұжымымен барлық облыстарда автодромды автомектептер тұрғызды. Бүгінде Талғат Жақыпбекұлы тәуелсіз елінің өркендеріне қуанулы. Халық құрметіне бөленген. Елбасы да ілтипатынан әсте қалдырмайды. Егемен елінің де марапаттарынан кенде емес. “Отан”, І дәрежелі Даңқ ордендерімен мерейленуі соның айғағы. Ақтөбе Жоғары азаматтық авиация ұшқыштар институты мен Қарағанды  республикалық авиациялық училищесіне екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің есімі берілген. Бүгінде 89 жасқа аяқ басса да денсаулығы мықты, тың Талғат ағамыз табиғат аясында жиі болғанды ұнатады.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Даур 2016-01-26 16:20
Талғат атамызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# шынгыс 2016-01-26 16:19
Менде Талғат атамыз сяқты боғым келеді
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бексарыұлы М 2016-01-26 16:19
Мақтансақ міне тап осындай батыр тұлғаларымызбен мақтанғанымыз жөн. Жас өркен! Қазір сіздер осы заманның ұшақтарын басқаратын, оның штурманы болатындай не соны жасайтын конструктор мамандықтарын таңдап, соның жолын қусаңдар, сөйтіп нағыз ұшқыш болсаңдар, Қазақ елінің ертеңі берік болары анық!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Фатима 2016-01-26 16:19
сіздің өміріңіз өте қызықты екен.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Камшат Ахметжанқызы 2016-01-26 16:18
Осындай таза қазақтың батырлары барда ешкімнен кем емес екенімізді түсініп, арамызда жүрген ағалар мен батырлар ерлігін мақтан тұтып,айта жүрейік!Өткенін білмеген ұрпақ болашағын да болжай алмайды.Ендеше үлгілі аға ерлігі жүректеріңе намыс отын оятсын! Аға салған алып жолға шығушылар көбейсін!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мұхамед 2016-01-26 16:18
Талғат ағамыз батыр және де “Барыс”орденінің иегері және Кеңес Одағының 2 мәрте батыр Жарайсың Талғат АғА!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айдана 2016-01-26 16:18
Талгат атамзга узак гумр мол денсаулык тлеимыннн
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мурат 2016-01-26 16:17
Талгаттай казактын мандайына биткен атамызга кезиндеги ерлигине букил алемге малим, сол ушинде одан атак абыройды айамаган ал казир кимге болса соган берилип жаткан ” Халык какарманы” неге берилмейди, алде бул атакта сатыладыма екен
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Гулдана 2016-01-26 16:17
Неге кеше Улы Женис куни Талгат Бигелдиновты теледидардан корсетпеди? Неге ол кисимен кездесип, сухбат алмады? Ол кисинин каншама ерлиги бар, сондай азаматты калайша тири кунинде ерлигин багаламаска... Теледидардан корсететин шыгар деп умиттенген едим...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Аида Тилеккабилова 2016-01-26 16:16
Калай скачать етеди АтамызАтамызды мактан етемин
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Анар Алеудин 2016-01-26 16:16
Елімізде Талғат атамыз сияқты азаматтар көп болсын.Талғат атамыздың рухына бас йеміз
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту