Әбділдин Серікболсын Әбділдаұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Әбділдин Серікболсын Әбділдаұлы 1937 жылы 25 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданының Қызылкесік ауылында туылған.
Әкесі - Әлімжан Әбділда (1902 ж.т.) ҰОС-да қаза тапқан.
Анасы - Әлімжанова Тілежан (1902-1982 ж.ж.) үй шаруасында болған.
Серікболсын Әбділдаұлы 1960 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының агрономия факультетін, ғалым аграном; 1966 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының аспирантурасын; 1977 жылы Мәскеу халық шаруашылығын басқару институтын оқып бітірген.
Экономика ғылымдарының докторы (1986 ж.). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның азық-түлік кешенін дамыту проблемалары».
Профессор.
Бірқатар монографиялардың авторы және кітаптардың соавторы: «Сельское хозяйство Казахстана в десятой пятилетке» (Алматы, 1977), «Пути развития агропромышленного кооперирования в Казахской ССР» (Алматы, 1977), «Щедрость земли: резервы сельскохозяйственного производства Казахстана» (Алматы, 1982), «Совершенствование планирования и хозяйственного механизма» (Алматы, 1982), «Расцвет земли казахстанской» (Алматы, 1982), «Ученые Казахстана сельскому хозяйству» (Алматы, 1983), «Агропромышленный комплекс Казахстана» (Алматы, 1985), «Развитие продовольственного комплекса Казахстана» (Алматы, 1985), «На главных направлениях» (Алматы,1985), «Комплексное освоение кормовых угодий» (1986), «Продовольственный комплекс Казахстана» (Алматы,1988).
Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген келесі оқулықтардың авторы: «Ауыл кәсіпкерінің бизнес-жоспары» (Алматы, 1997), «Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау» (Алматы, 1999), «Агробизнесті ұйымдастыру» (Алматы, 2001), «Ұжымдық басқару» (Алматы, 2008), «Қазіргі менеджмент» (Алматы, 2010). Саяси тақырапта жазылған кітаптары: «Становление парламентаризма в Казахстане» (Санкт-Петербург, 1993), «Қазақстан Парламенті» (қазақ және орыс тілдерінде, Алматы, 1993, 1994 ), «Уроки пережитого и размышления о будущем» (Алматы, 1997), «Қазақстанның көпғасырлық тарихының бір күні» (қазақ және орыс тілдерінде, Алматы, 2001), «Компартия от съезда к съезду» (Астана, 2004), «Земля целинного подвига» (Астана, 2004), «Демократиядан автократияға» (қазақ және орыс тілдерінде, Алматы, 2005). 200-ден астам ғылыми жұмыстар жазған.
1962-1991 ж.ж. КОКП мүшесі. 1981-1991 ж.ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі.
1993 жылдан бастап Қазақстанның Социалистік партиясының мүшесі. 1994 жылғы наурыз айынан бері «Республика» қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы. 1996-2010 ж.ж. аралығында Қазақстан Компартиясының ОК-нің бірінші хатшысы.
1998 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы атынан ҚР Президенттігіне үміткер. ҚР Орталық сайлау комиссиясында үміткер ретінде тіркелген. 1999 жылы 10 қаңтарда өткен президент сайлауында сайлаушылардың 857386 дауысын алып, төрт кандидаттың ішінде екінші орынды иеленді. 1999 жылдан бері Қазақстанның Демократиялық күштері форумының теңтөрағасы, 2001-2004 жж. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы президиумының мүшесі.
1960 жылдан Семей облысының Жарма ауданындағы «Скотовод» және Көкпекті ауданындағы «Үлгілі малшы» совхоздарының бас агрономы. 1963 жылдан Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының аспиранты. 1966 жылдан – Қазақ экономика және ауылшаруашылығын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1967 жылдан – Қаз ССР-інің Мемлекеттік жоспарлау комитетінде бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, алқа мүшесі. 1976 жылдан – Қаз ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары. 1982 жылдан – Қаз ССР-і ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары. 1985 жылдың шілде айынан бастап қараша айына дейін Республикалық Агроөнеркәсіп кешенін басқару жоғары мектебінің ректоры. 1985 жылдан – ҚазССР-інің Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары – министр. 1987 жылдан – КСРО министрлер кеңесі жанындағы ҚазССР-і министрлер кеңесінің тұрақты өкілі.
ҚазССР-і Жоғарғы кеңесінің 11-ші шақырылымының депутаты (1985-1999 жж.), Шымкент облысының №261 Ақсу сайлау округінен ҚазССР-інің халық депутаты. 1990 жылдан – ҚазССР-і Жоғарғы кеңесі төрағасының орынбасары. 1991-1994 жылдарда ҚР Жоғарғы кеңесінің төрағасы. 1995 жылдан – Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының ауылшаруашылығы өндірісін ұйымдастыру және жоспарлау кафедрасының профессоры. 1996 жылдан – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің агробизнесті ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі, «Агробизнес» ғылыми-консалтингтік орталық басшысы, аспиранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшісі.
1999-2004 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылымының депутаты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Қазақстанның демократиялық күштерінің үйлестіру кеңесі ұйымының бастамашыларының бірі (2004), осы ҚДКҮК-нің мүшесі, содан кейін «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысын құрушылардың бірі және осы қозғалыс президиумының мүшесі.
Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің, «Достастық» халықаралық орденінің, «Барыс», «Құрмет белгісі» ордендерінің, КСРО-ның 6 және Қазақстан Республикасының 4 медалдарының иегері. Қазақ ССР-інің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Хоббиі – ағаш ұсталығы және монтер, аңшылық пен балық аулау.
Әдебиетке қызығушылығы – М.Әуезов, В.Шекспир және т.б.
Отбасылы. Зайыбы – Лаура Есенгелдиева (1937 ж.т.), профессор, экономика ғылымдарының докторы. Қызы – Гауһар (1967 ж.т.), дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, философия докторы. Ұлы – Сырым (1968 ж.т.), инженер, экономика ғылымдарының докторы. Немерелері - Әсел, Адель, Шыңғыс.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту