Сейітмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Сейітмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы

 1955 жылғы 2 қаңтарда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық елді мекенінде туылған

 Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық орта мектебін бітірген.

 Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтында 1971-1976 жылдары, Мәскеудегі Жоғары партия мектебінде 1988-1990 жылдары, Алматы қаласындағы Орта Азия университетінде 2000-2003 жылдары білім алған.

 1971 - 06.1976 – Қазақ химия-технология институтының студенті;

06.1976-03.1981  – Тұщықұдық совхозында құрылыс шебері, Тұщықұдық селосы;

03.1981-09.1981 –  Маңғыстау аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы; Шетпе кенті;

09.1981- 11.1983               –Маңғыстау аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы; Шетпе кенті;

11.1983-09.1985 –Маңғышлақ облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы; Шевченко қаласы;

09.1985-08.1988 – Қазақстан Компартиясы Бейнеу аудандық комитетінің хатшысы; Бейнеу кенті;

09.1988-07.1990 – Мәскеу Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы; Мәскеу қаласы;

08.1990-11.1991 – Қазақстан Компартиясы Маңғыстау облыстық комитетінің ұйымдық-партиялық және кадр бөлімінің жауапты ұйымдастырушысы; Шевченко қаласы;

11.1991-08.1992 – Мемлекеттік мүлік жөніндегі Маңғыстау аумақтық комитетінің аралас меншік бөлімінің бас инженері; Ақтау қаласы;

08.1992-09.1994 – Мемлекеттік мүлік жөніндегі Маңғыстау аумақтық комитетінің жекешелендіру жөніндегі бюросы директорының орынбасары; Ақтау қаласы;

09.1994-06.1995 – «Маркет» ұжымдық кәсіпорнының директорының орынбасары; Ақтау қаласы;

06.1995-11.1999 – Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитетінің маркетинг, талдау және ақпарат бөлімінің бастығы;

11.1999-30.03.03 – Маңғыстау облыстық коммуналдық меншік департаменті директорының орынбасары; Ақтау қаласы;

31.03.03-31.12.04 – Маңғыстау облыстық коммуналдық меншік департаментінің директоры; Ақтау қаласы;

05.01.05.-07.02.05 – Маңғыстау облыстық қаржы департаментінің директоры; Ақтау қаласы;

07.02.05-27.08.07. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары; Ақтау қаласы;

02.09.07 - осы кезге дейін – 4 сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; Астана қаласы;

 Мемлекеттік наградалары:

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалі-2001 ж.;

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі-2005ж.;

     «Астананың 10 жылдығы» медалі-2008ж.;

     «Құрмет» ордені -2008 ж..

ақпарат ҚР Парламенті Мәжілісінің сайтынан алынды

Content 2
1_1-285x190
2_1-285x429
3_1-285x190
4_1-285x190
6-285x399

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту