Сабильянов Нұртай Салихұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

1962 жылы 1 маусымда Семей облысы Аякөз ауданы Шыңқожа ауылында дүниеге келді.

2007 жылғы шілде айынан «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы Саяси Кеңесі және Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі. Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданының құрметті азаматы. «2008 жылғы Білім меценаты».  Ұлттық Қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығының «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 2010 жылғы иегері.

1979 жылы Шыңқожа ауылындағы қазақ орта мектебін бітірді.

Еңбек жолын 1979 жылдың шілде айында Аякөз ауданының «Нарын» кеңшарындағы «Орбита» комсомол-жастар бригадасында бастады.

1980 жылғы қарашадан 1982 жылғы желтоқсанға дейін Ленинград қаласында Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметін өтеді, сонымен бірге Ленинград қаласындағы №192 кешкі орыс орта мектебін бітіріп, орта білім туралы екінші аттестат алды.

1983 жылғы қаңтар-қарашада «Нарын» кеңшарында құрылысшы болып жұмыс істеді.

1983 жылғы желтоқсан мен 1984 жылғы шілде аралығында Алматы халық шаруашылығы институтының дайындық бөлімінде оқыды.

1984 жылы тамызда Алматы халық шаруышылық институтының есеп-экономика факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 1988 жылы шілдеде осы аталған институттың толық курсын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты, оған экономист деген біліктілік берілді. 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінің кәсіпкерлік-құқықтық факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 1999 жылы осы аталған университеттің толық курсын «құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты, оған заңгер деген біліктілік берілді.

Ол 1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан.

1988 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта Алматы электротехникалық зауытында экономист болып істеді.

1990 жылдан – 2004 жылдың қараша айына дейін Алматы қаласындағы «Сарыарқа» акционерлік қоғамында (2004 жылдың мамыр айынан «Сарыарқа Алуан» ЖШС) жұмыс істеді. Алдымен бас бухгалтер, ал 1996 жылдан бастап осы қоғамның қаржы жөніндегі вице президенті – бас бухгалтер қызметінде істеді және басқарма мүшесі болды.

1994 жылғы қараша айынан Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының мүшесі.

Ол бес рет депутаттыққа кандидат болып, сайлауға қатысқан: 1994 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне, ал 1999, 2000, 2004, 2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне.

3 қараша 2004 жылдан 20 маусым 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылым депутаты, ШҚО №25 сайлау округі – Аягөз, Жарма, Үржар аудандары бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2 қыркүйек 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылым депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 8-желтоқсандағы Жарлығымен мемлекетке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Шапағат» медалімен марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «10 жыл Астана» (2008 ж.) мерекелік медальдарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен республикаға сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Құрмет» орденімен марапатталды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 2011 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен Парламентаралық Ассамблея және оның органдарының қызметіне белсене атсалысқаны, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер халықтарының арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Сабильянов Н.С. «Содружество» орденімен марапатталды.

Үйленген, Жұбайы – Оразбаева Нұрсәуле. 4 бала тәрбиелеп отыр.

Әкесі – Сабильянов Салих, 1920 ж.т.,  зейнеткер, Ұлы Отан Соғысының және еңбек ардагері, Ленинград блокадасына қатысқан. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында тұрады.

Анасы – Сабильянова Қасенхан (1930-2000), 9 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген.

Н.Сабильянов туралы жазылған кітаптар: «Намыс найзағайы» (1996 ж.), «Нұртай» (2001 ж.), «Шапағат» (2004 ж.), «Парыз» (2008 ж.), «Ел аманаты» (2008 ж.).

--285x395
0-285x395
6-285x191
13-285x191
18-285x428
dsc_9842-285x430

Пікірлер  

# нурлан 2016-01-28 10:29
Нуртай оте жаксы киси, ол озинен биринши баскаларды ойлайды, типти танымаса да. Ширкин барлык адам сондай болганда гой
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ека 2016-01-28 10:28
Нуртай камкоршы адам!!!Оян казак деп турады!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Дәулет 2016-01-28 10:28
Сабильянов Нұртай Салихұлы кез келген мактауға лайықты!!! Және де қоғамның мүддесі үшін атсалысып жүрген азамат! Менің ойымша мұндай кісілердің тілеуін тілеу керек!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Серик 2016-01-28 10:27
Нұртай аға елді ойлайтын азамат...!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Serik Makulzhanov 2016-01-28 10:27
Жасыныз ұзақ болсын...!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# zhan bulatovna 2016-01-28 10:26
Нуртай агамызга бугин комек сурап киргенмин оте сыпайы инабатты сабырлы мейримди жанашыр киси екенинкордим...мени танымасада комегин сол уакытта усынды.Оте ризамын.Узак омир тилейм сизге.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Изатуллаева Құттықыз 2016-01-28 10:26
Сәлеметсіз бе Нұртай аға. Қалай жағдайыныз? Сізбен хабарласып сөйлескім келеді. Жауап күтемін сізден.....
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мөлдір 2016-01-28 10:24
Нұртай аға сәлеметсіз бе? Мен Арқалық қаласынанмын. Бала кезімде Желтоқсан туралы терменізді тыңдап, қосылып айтатынмын. Орындаушы кім екнің білмеймін әйтеуір “Сөйлеп тұрған Нұртайын ,жаман балан беу дүние-ай” деген кейбір сөздері есімде қалыпты. Көп термешілерге ыңылдап айтып түсіндірсем ешкім естімедік дейді.Осы терме сіздің терменіз бе? Маған осы терме қажет. Студент жастармен Желтоқсанға арналған тәрбие сағатым бар еді. Ешбір сайттан таппадым. Сізден жауап күтемін
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту