Рақышев Хамит Қошанұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Рақышев Хамит Қошанұлы
1949 жылы 23 ақпанда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылында дүниеге келді. Алматы құрылыс техникумын, Кеңес сауда институтын, Ресей басқару академиясын бітірді, техник-құрылысшы, экономист, саясаттанушы.


Еңбек жолын жәй жұмыстан бастады, мастер, аға инженер, аға прораб, Абай атындағы азық өндірісі бас директорының орынбасары (1971-1981), Ленинск совхозрабколхозында – төраға орынбасары, Алматы облысының Ұзынағаш аулындағы Жамбыл аудандық тұтынушылар одағында – басқарма төрағасы (1981-86), Жезқазған облыстық тұтынушылар одағында – басқарма төрағасы (1986-88), Жезқазған облыстық атқару комитетінде – төраға орынбасары (1988-90) сияқты қызметтерде болды. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіндегі демалыс үйінің бастығы (1990), ҚР Президент Аппаратымен Министрлер Кабинетінің сауда және қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі (1990-93), ҚР Президентінің жанындағы Негізгі бақылау инспекциясының мемлекеттік инспекторы (1993). Ал 1993 жылдан бастап – Қазақстанның Сауда–өнеркәсіптік палатасының төрағасы болып қызмет атқарды. 2007 жылдың 6 сәуірінде дүниеден озды.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту