Рахманбердиев Орынбай

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Рахманбердиев Орынбай 1943 жылы 20-шы қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында, колхоз еңбекшісінің отбасында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1964 жылы Жамбыл технологиялық институтын инженер-технолог мамандығы бойынша, ал, 1983 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін тамамдаған, саясаттанушы.

Институтты бітіргеннен кейін өзінің еңбек жолын Одақтық астық қабылдау кәсіпорнында зертхана меңгерушісі болып бастаған. 1966 жылдан бастап Шаян астық қабылдау кәсіпорны директорының орынбасары болып еңбек еткен.

1969 жылдан бері партиялық, кеңестік және кәсіподақтық жұмыстарды атқарып келеді. Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ кеңесінің техникалық нұсқаушысы болған. 1973 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің аппаратына ауыстырылып, ұйымдастыру-партия жұмыстары бөлімінің нұсқаушысы, сонан соң бөлім бастығының орынбасары болып еңбек еткен.

1980 жылдан бастап Түркістан қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, ал 1985 жылдан Шардара аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған.

1988-1990 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық астық өнімдері басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген.

1990-1999 жылдарда алдымен Ленгір астық өнімдері комбинатының директоры, сонан соң комбинат акционерлік қоғам болып қайта құрылуына байланысты «Ақмаржан» АҚ-ның президенті болып еңбек етуін жалғастырды.

1999 жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2002 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің тұрақты мүшесі ретінде, Қазақстан Республикасының әртүрлі халықаралық келісімдерге қосылуы жөніндегі, сондай-ақ, оларды бекіту жөніндегі заң жобаларына жетекшілік етті.

«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының мүшесі. Сонымен қатар, Қазақстан халықтары ассамблеясының, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенаралық ынтымақтастық комитетінің, Белорусь Республикасы Парламентімен, Бельгия Корольдігінің Парламентімен, Канаданың Сенатымен және Қытай Халық Республикасының халық өкілдерінің Бүкілқытайлық Мәжілісімен ынтымақтастық тобының мүшелері.

«Парасат» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, «В.И.Лениннің 100-жылдығы», «Тыңға -50 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 10 жыл» және «Қазақстан Республикасы Парламентіне – 10 жыл» медальдарымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жанұялы. Үш баласы және 7 немересі бар.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# аманжол 2016-01-28 09:41
еңбек жөнінде
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту