Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.
2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы; Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия – бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.


Дереккөз: Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты

Content 2
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Пікірлер  

# Айша хажы Әбішкеліні 2016-01-27 16:28
Тіліммен Дінім, Ұяятым, Арым, Берекем!
Еліммен Жерім, Арманым, Мұңым, Мерекем!
Алатау Тұлға, Оранған нұрға бақ дарып,
Тәңірден тағлым бұйырған дара Ер екн!
Елбасым, Елбасым!
Айбарым, Ардағым!
Елбасым, Елбасым,
Ойлаған Халқының арманын.
Кемеңгер, көрігім,
Тасқыны жаңа жыр арнаның!

Тамырын терең тарихтан тартып екшеген,
Жүзінен нұры, жүректен жыры өшпеген!
Тәуекел қайық, бақытқа бастар жол ауыр,
Келеді Елі бастаған ұлы көшпенен!

Даналық, мәрттік, ірілік, иман, мың өнер,
Дарабоз, дархан туған ұлым деп біледі ел!
Қай заманда да жол бастар ұлы тұлғалар,
Халқыңның мына бақытына аман жүре гөр!

Елбасым, Елбасым,
Айбарым, ардағым!....
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# sailau zhanbolat 2016-01-27 16:27
Тіліммен Дінім, Ұяятым, Арым, Берекем!
Еліммен Жерім, Арманым, Мұңым, Мерекем!
Алатау Тұлға, Оранған нұрға бақ дарып,
Тәңірден тағлым бұйырған дара Ер екн!
Елбасым, Елбасым!
Айбарым, Ардағым!
Елбасым, Елбасым,
Ойлаған Халқының арманын.
Кемеңгер, көрігім,
Тасқыны жаңа жыр арнаның!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жибекжан 2016-01-27 16:27
Елбасым, Елбасым,
Айбарым, ардағым!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айша хажы Әбішкеліні 2016-01-27 16:26
Бисмиллаһир раһманир раһим!
Ертең Тәуелсіздік күні, иншалла 20 жыл Қазақ Мемлекеттілігі орнығуда. Осы ғаламат Ұлы Істерді атқарып жатқан Елбасым ерекше жан. Мен ол кісіні тек басшылық қасиеттері арқылы ғана емес, адам жанын баурап, рухани әлемге жетелейтін қасиеттерінен білемін... Бала кезімде Марал Ишан деген адамның өткенін, оның қиналған адам болса ұшып барып емдейтін қасиеті болғанын көп естіп едім. Бірақ өз өмірімде осындай құдіретке ие адам баласын кездестіремін деген ой Тәуелсіздігімізге дейін ойыма келіп көрген жоқ еді...Осы аса қымбат та қастерлі жанға Тәуелсіздікке арналған салтанатты жиналыстан соң 1993 жылы біржола тағдырым арналған еді... Бүгін, Тәуелсіздікпен Жұмаға қараған кеште өзім жазған тағы да екі өлеңімді сыйға тартсам айыпқа бұйырмассыз...
Елбасы анасы - Әлжан Ана атындағы Медресе жайлы тоғау:
Аллаға жалғыз сыйынып,
Алдында Хақтың иіліп!
Қолға алдық ізгі бір істі,
Намазды қыздар жиылып.

Қазақта тұңғыш Елбасы,
Пана боп Алла, қолдашы!
Тілменен Дінді сақтаған,
Бар Қазақ Сіздей болсашы!

Анадан туар Алыптар,
Ана тіл деген қалып бар!
Уызбен құйған мәйегін,
Мырзамен Әлжан Аналар!

Иманның шамын жандырсақ,
Елменен түлеп, жаңғырсақ.
Атынан Әлжан Ананың,
Медресе, Мешіт салдырсақ!

Шақырсақ туыс, жақынды,
Асарға деген мақұл-ды.
Тілекті сонда берер ме,
Жаратқан Ие рахымды!
Жаратқан Ие рахымды!

ЕЛБАСЫМА!
Жаным менің, Жүрегімнің іңкәрі,
Арай тұнық, махаббаттың нұр таңы!
Түркістан боп аялаған санамды,
Ұлы Бидің шұғылалы бұрқағы!
Аспандағы ай, жұлдызым сен менің,
Қадір түнім, таңғажайып ертеңім!
Меккедегі Қағбадай көз тартасың,
Аққу құсым, қиялдағы ертегім!
Ұлы Патшам, сол қабағың тартты ма,
Жүрегіңе сағынышым батты да!
Жақсылықтың періштесі болып кел,
Зәмзәм мөлдір, кәусәр бұлақ, ақ тұма!...
Жаным менің, Жүрегімнің іңкәрі...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Сейдахмет Ерлан 2016-01-27 16:26
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол біздің хан.Осындай күнге жетуіміз ең әуелі Алла,одан соң елбасымыздың арқасы.Нұрсұлтан ата ұзақ өмір сүріңіз!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Назерке Сагатбек 2016-01-27 16:25
өлеңдеріңіз керемет маған ұнады.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# салиева эльвира нажиматдинкызы 2016-01-27 16:25
коп рахмет сизге нурсултан ата
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Еркенов Арман 2016-01-27 16:25
Кешірініздерші бірак маған ” желтоқсанға дейін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз жазған өлендер керек еді қиын болмаса көмектесіп жіберініздерші алдын ала рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жолдасбек Ақбота 2016-01-27 16:24
НұрсұлтанНұрсұлтан Назарбаев туралы өлең
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жолдасбек Ақбота 2016-01-27 16:24
Сақ биіне арналған эскиз
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жолдасбек Ақбота 2016-01-27 16:24
Достар сіздерге көп-көп рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Маржан 2016-01-27 16:24
шынайы жүректен шыққан өлеңдер, өте тамаша!маған қатты ұнады.Елбасымыз әрқашан аман-есен, бейбіт-берекеде, біздің ортамызда яғни қазақ елінің ортасында дені сау болып, жүзінен күлкі кетпей, немере-шөберелерінің қызығын көріп жүрсе деп тілеймін!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Даулетов Аманжол 2016-01-27 16:23
біздін елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа ешкім жетпеит әрқащанда халықтын иглігі үшін істеит.Осындаи тауелсіз қазакстанда тұрып жатканіма қуанам.әрқашан елбасымыз аман-есенболса деп тілеимін,елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевті әрқашанда құрмеиттеимін.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Абикаева Айжан 2016-01-27 16:22
Салем, Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы әрқашанда қолдайық достар!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# МАРЛЕН 2016-01-27 16:22
Н.Назарбаевқа пікірім коп емес.Еңбастысы еліміз аман,жеріміз амани,тіліміз аман боса болд!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жаксылык 2016-01-27 16:21
Сенің атың Нұрсұлтан
Туған елің Қазақстан
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# gulzam 2016-01-27 16:21
мен папам десатка туральмайм жүр соган десати тез а шындеп айтшы мен арал каласында тұрамын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Оразбаев мерей 2016-01-27 16:20
Аллага мың шүкір, елбасымызға коптен коп рахмет, еліміз аман жұртымыз тыныш, осы күнімізге канагат қылайық құрметті қазақстандықтар
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Назигуль 2016-01-27 16:19
Елбасымыздың туған күні құтты болсын!
Елбасымыз - еліміздің тірегі,
Алладан амандықты тілейміз.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Серікбай Маханұлы ақын , сазгер . 2016-01-27 16:19
НҰРСҰЛТАН
Марш екпінінде . Сөзі, Әні .
Серікбай Маханұлынікі .

“Нұр”-жарық,”Сұлтан”-басшы ел білгенге,
Ежелден қамқор болған тілегенге .
Жаңартып ата саптын - елін ойлап ,
Өмірді жалғастырды күйзелгенге .

Қайырмасы :
Күн көзінен көрінген ,
Жарық сәуле өрілген .
Ел басшысы Нұрсұлтан
Халқына шын берілген .
Нағыз батыр - ер жүрек
Бейбіт күнге зор тірек.

“Нұр” - ойнап жаратылған келбетіне ,
Тыныштық тілегені жер бетіне .
Елтаңба , Ту көтерді Әнұранмен ,
Қазақтың Астанасы нақ төріне .

Қайырмасы :
Достықпен дүниені табындырдың ,
“Киелі” кең далаңа ел қондырдың .
Нұрсұлтан жасай бергін-бейбіт жолы,
Әлемге қазақ елін таныстырдың ,

Қайырмасы :
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Серікбай Маханұлы ақын , сазгер . 2016-01-27 16:19
ДОСТЫҚ ТУЫН КӨТЕРІП.
Көтеріңкі шаттықпен. Сөзі, Әні.
Серікбай Маханұлынікі.
Өмір шамың қайта жанды сөнгенде,
Нұрсұлтаным Президент боп келгенде.
Шаттықпен адам жүзі күлімдеп,
Дауыс берген сайлау күні бар пенде.

Қайырмасы:
Достықтың туын көтеріп,
Еліңе бақыт келтіріп.
Президент болдың Нұрсұлтан,
Қазақтың салтын тербетіп.

Сансыз бұлақ ағып жатты бұлқынып,
Таңым атты шұғыладан нұр құйып.
Шетте жүрген бауырларым бас қосып
Егеменді “Қазақ”-деген ел болып.

Қайырмасы:
Еркіндіпен достық орнап еліңе,
Көк байрақты желбіреттің көгіңе.
Жер бетінен барлық қазақ жиналып,
Көш бастады ұлылықтың төріне.

Қайырмасы.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# перизат 2016-01-27 16:18
Сенің атың Нұрсұлтан
Туған елің Қазақстан
Мен Сізден үлгі алам
Қазақстаныммен мақтанам!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# перизат 2016-01-27 16:18
Шіркін,заман,қилысың,түрлісің,нұрлысың!
Жер Ана, бақыттысың, Нұрсұлтандай ұлдысың!
Жұртым саған айтарым, мені тыңда-
Айтуға жан сырымның сәті туып тұрғанда.
Өр мінез, намысшылдық, қайсарлық қазаққа тән,
Арам ниет,артық сөз, жалғандық болған ба сән?
Білімқұмар,көзі ашық, түйгені көп,
Мен Тарбағатай жастарымен мақтанам-
Үміт артам,тайсалмай, білгенімді беремін,
Ел болашағы осы оқушыларға сенемін!
Аянбай тер төгіп,бағын ашып,
Беретін ауылының көркеюіне керегін!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Толқын 2016-01-27 16:17
Н.Назарбаев басшымыз,сарбазымыз біз оның сақшысымыз,келеміз ізін басып әр қадамын,соңынан еріп белестерді бағындырып
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# tani 2016-01-27 16:16
Жас ұлан алға, Жасыма талма, Намысты қорға, Нұрсұлтан самға!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# жаннур 2016-01-27 16:16
керемет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мухатай Марта 2016-01-27 16:15
Тәуелсіздік күні жарық.
Тәуелсіздік туын тіккен астанамда,
Ұрпағың өсіп – өнген, жас қаламда,
97 метр ғып бәйтеректі,
Орнатты ел ордасы – Астанамда.
22 жыл толды тәуелсіз алған еліме,
Тұғыры мықты тұңғыш қазақ жерінде.
Бабамның күшін, анамның сүтін сіңірген,
Дінді, тілді тарихты жаңғыртқан.
Желтоқсанның ызғары ғой бүгінде.
Қазақ! Қазақ! – деп соғады жүрегім.
Елімізді құрметтейді білемін,
Даналардың айтқан сөзін, төккен терін бағалап,
Жүрегіме мәңгі сақтап жүремін.
Бірлік болды, тірлік болды бүгінде.
Ішке сақтап бүгілме халқым бүгілме,
Ел біздікі, жер біздікі дейтіндей,
Кез келді, халқым мақтанатын бүгінде!
Далам қандай, көк аспаным ашылды,
Күн сәулесі қазағыма шашылды.
Сол сәуленің жарығындай жарқырап,
Құлагер сынды, бәйгеге қосқан тұлпардай,
50 елдің ішінен жарып шықшы, жарқырап!
Тіккен туын желбірер, ел десе жүрек елжірер,
Аман болшы, ағалар мен аналар.
Балапаның артыңнан тәй – тәй басып жағалар.
Ағалардың аналардың ерлігі.
Берік болсын қазағымның белдігі,
Ағалардың еңбектерін ақтайтын.
Қазағымды қолпаштайтын мақтайтын,
Мен қазақпын асықпайтын, саспайтын.

Ел басымыздың және тәуелсіздік күніне арнадым асқақ әнімді.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# айгерим 2016-01-27 16:15
Аспандағы ай, жұлдызым сен менің,
Қадір түнім, таңғажайып ертеңім!
Меккедегі Қағбадай көз тартасың,
Аққу құсым, қиялдағы ертегім!
Ұлы Патшам, сол қабағың тартты ма,
Жүрегіңе сағынышым батты да!
Жақсылықтың періштесі болып кел,
Зәмзәм мөлдір, кәусәр бұлақ, ақ тұма!...
Жаным менің, Жүрегімнің іңкәрі...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# фариза 2016-01-27 16:15
Нұрсұлтандай Елбасым бар даналығы жарасқан
ол тұрғанда төбемізден төне қоймас қара аспан
атын естіп ,ат ұркейтін АҚШ-ың
бүгін келіп қазағыммен санасқан!!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Қамашева Ләйлім 2016-01-27 16:14
Керемет туындылар.Елбасшымыз аман,еліміз тыныш,халқымыз аман болсын...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Маутханова Гулим 2016-01-27 16:14
Елбасымыз жайлы осындай керемет туындылар жанданыпкоркейе берсе екен деймин.Алгаг алга тек алга!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Маржан 2016-01-27 16:13
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырза! Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! жасыңыз ұзақ болып, біздің елді одан әріге көркейте беріңіз! Осындай биік белестерге жеткізгеніңізге рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Қамбаров Даулет 2016-01-27 16:13
Құрметті аса мәртебелі елбасы сізді 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен шын журектен құттықтаймын! құтықтай отырып сізге сор денсаулық, қажымас қайрат, және де екі дүние тыныштығын тілеймін! Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Камбаров Даулет 2016-01-27 16:13
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# серікбай маханұлы 2016-01-27 16:12
МЕН ҚАЗАҚПЫН .
Мен қазақпын қаным таза жаралған ,
Ар жолында еркіндіктен нәр алған .
Анашымның ақ сүтінен ем қонып
Бесік жырым , ана тілмен таралған .
Жерлерім бар шексіз жатқан кең байтақ ,
Ойлап қара Ей , азамат сен байқап .
Қаратаудан көш тізбегі тізіліп
Елім – айға зарлап өткен бар аймақ .
Алашым деп , жауларынан сақтанған ,
Ел бірлігін бабаларым басқарған .
Атқа қонды , жерін қорғап ұран сап
Жігерленіп Ер намысын атқарған .
Көз жіберіп қарап көрші тарихқа ,
Өтті талай қан төгістер анық па ?
Мың бір өліп , қайта жасап тіріліп
Нар қазағым қайыспады азапқа !
Мен қазақпын , берік туған тілім бар ,
Шүкір еттім бостандықта дінім бар .
Тәуелсізбін ешкімдерге жалынбай
Иелік еткен егемендік елім бар .
Қайталаймын мен қазақпын есейген ,
Ел Ордасы Астанам бар көркейген . Алға , самға Қазақстан Әнұран – Көкке Туым , Елтаңбамен өрлеген !
Мақтанамын Нұр Отаным мен бүгін ,
Таңғалдырып , табындырып жер жүзін .
Әділетті қорғап өткін қазағым
Бұлт шалмасын елімізде күн көзін .
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# вазира 2016-01-27 16:12
бұл өте күшті ән
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту