Сайт туралы

Ең алдымен Аллаға сыйынып, одан кейін Елбасымыз басымдық беріп отырған тіл саясаты негізге алынып, сонымен бірге бүгінгі өскелең қазақ жастары мен келешек ұрпақтың мүддесі ескеріліп өмірге әкелінген және тек мемлекеттік тілде ақпарат тарататын «Ardaktylar.kz» Өнегелі өмір» ұлттық сайты.

Осы сайт арқылы болашақ ұрпақтың жүректеріне отанға, ұлтына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатуға септігін тигізер деген ниетпен, өмірден өткен тарихи тұлғаларымызды (қазақтың хандары, сұлтандары, билері, батырлары, ағартушылары, жазушылары, күйшілері және т.б.) қоса алғанда, Қазақстанның саяси өміріне, экономикасына, өнері мен мәдениетіне, білімі мен ғылымына, әскери ісінде, спортына және тағы басқа да салаларына еңбегі сіңген қайраткерлеріміздің, өнегелі, озық ойлы жандардың (олардың арасында бақилық болғандарының да) өмірі мен қызмет тарихына негізделген ақпараттық қор құруды мақсат етіп алдық. Оның тағы бір өзіндік мәні бар, егер, өткендер туралы сөз саптасақ – олардың аруағы алдындағы қарызды өтеуіміз, замандас туралы айтсақ – оның нұрын тасыту болып табылмақ.

Сайт жұмыс істеуді бастағанына аз ғана уақыт болғанына қарамастан, еліміздің бірқатар белгілі ғалымдарының, кәсіби саясаткерлердің, сондай-ақ, білім беру, өнер, мәдениет және т.б. салаларда еңбек сіңірген, ел құрметтеп, ардақ тұтатын қайраткерлеріміздің қолдауларын тауып, бастамасы көңіл қуантарлық деуге негіз болуда.

Материалдық базаны жан-жақты тереңдетіп, көлемін кеңейту бағытында әлі де тыңғылықты жұмыстар атқарылатын болады.

Сеніміңізге рахмет!