Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

22.05.12 01:14Жиренше шешен
http://electro-manual.ru/ Бытовая техника — техника, используемая в быту. Предназначается ради облегчения домашних...
21.05.12 17:24Жиренше шешен
buy keflex - keflex buy online , http://www.formspring.me/ScottieWestland/q/322127389251351256#810 keflex buy online
21.05.12 12:13Жиренше шешен
Maryland The Medicine Shoppe , xanax online  Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Қопабаев Өмірәлі Қажыбайұлы

Әбілқайыр хан

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Қабышұлы Ғаббас

Мұқанов Сәбит

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Осман Асылы Әлиқызы

Шаханов Мұхтар

Бөкей хан

Рымбаева Роза

Мақатаев Мұқағали

Байтоқанова Алтынай

Римова Бекен

Жұбан Молдағалиев

Жұбан Молдағалиев

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысының Сайқұдық деген жерінде туған.

Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1940 жылдан 1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. "Жас алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттері мен "Жұлдыз" журналы редакцияларында жұмыс істейді. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көреді. Адуынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылады. Жұбан Молдағалиев өзінің атақты "Мен - қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын.

Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтың 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады. Ж. Молдағалиев туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды.

"Алматы тау өзені" өлеңінде: ...Тау текедей бір ұсталмай Тастан-тасқа атылды. Темір тиген хрустальдай Шытынайды, уатылады, — деген жолдарда ақын толқындардың шатынауын естіртеді, өзен ағысының күштілігі көз алдымызға келеді. Өлеңнің әсерлілігі, өлең ерекшелігі келесі шумақта бір-бірімен байланыста жымдаса түседі. ...Тау бұйырса, сыз бұйырса, Желе жортар желі даяр, Кұз құласа, мұз құйылса, Сең-сең тасы, селі даяр... — деп, ақын тау өзенінің жан-жақты тағы бір қыр-сырын аша түседі. "Қазақ тілі" өлеңінде алдымен халқымыздың көне дәуірден бергі тарихына үңіле келіп: ...Жерленген әсем қалалар, Мүжілген, шөккен Таулар да Шұбарлап түзді. Алалап Шеру сап өткен жаулар да... Жау тисе сырттан өріске, Салыпты бүлік бәрі іште, Пана да түскен бөліске, Ана да түскен бөліске... — деген жолдарда ауыр тауқымет, жау ойраны, азап тартып бәрін көтерген, басынан кешірген ана мен жер, іштегі бүлік, бөліске түскен мал мен жай тағдырына үңілдіре түседі. Осындай қиын кезеңді басынан өткізген бүкіл халық тағдырына ортақтаса түсеміз; келесі шумақтар оқырманды өзіне тарта түседі... ...Бүтіндік, бірлік Ерсі боп, Жақында мал-жан енші боп. Тіліміз ғана тұрьш та Емші боп әрі елші боп. Сол ғана қалған бөлінбей Бөліске түсер кезде ондай Сол ғана қалған бөлінбей— Жүректей, Күндей, Ождандай ... — деп, жау ойранында бөліске түспей, қадір-қасиетін сақтап қалған тіліміз ғана болғанына еріксіз куанасың.

Ана тілінің құдіретін танытуда ақынның ең алдымен қиын асуларды суреттеуінде үлкен мән жатқанын байқауға болады. Қандай қиыншылықта да тілдің сақталуы өз оқушысын ойландырмай қоймайды. "Бокс заңы бойынша" өлеңінде ақын алдымен оқырман назарын бокс заңына аударып, өмірдегі кездесетін күншілдікті, нағыз талантты көре алмаушылықты сынап, әшкерелейді. Жекпе-жек — заңы бокстың Бірге — жүз қарсы тұру жоқ. Желкеден періп оқыста, Кіндіктен төмен ұру жоқ... .... Тұрмыста, әттең, қарсы жақ Бетпе-бет келе бермейді — деп өкініш білдіре отырып: Жүгінсін бокс заңына, Ар-ұят деген сотты ұқсын,- деген жолдар арқылы адамдыққа, адамгершілікке үндейді. Өлең көпшіліктің көкейіндегісін тап басуымен әсерлі.

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.

Ақын "Мен қазақ әйеліне қайран қалам" деген белгілі өлеңінде, тарихтың тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді. Қай өлеңінде болмасын, даланың табиғатын да ол адамдық сезіммен қабылдайды. Оны қимас адамы — анаға балайды: ...Мен үшін қазақ жерінің Жаманы мен жаты жоқ. Мен үшін қазақ жерінің Анадан өзге аты жоқ. Ақын табиғатты қорғау, сақтай білуге үндеген көптеген өлеңдер жазды. Мәселен: ...Табиғат — аңға да ана, маған да ана, Қорғаныш бола білсе — далам дана, — деп, табиғатты анаға теңеуінде үлкен ой жатқанын көреміз.

"Жалғыз ағаш" атты өлеңінде: Әрине, ел көшсе де, жұрт қалады, Жол салты жолаушыны құтқарады. Көмулі тал түбінде торсық қымыз, Шөл емі — бірер дорба кұрт қалады, — деп суреттейді. Мұнда барынша анық, түсінікті, барынша қарапайым жолдардағы шөл, құлазыған даланы мекен етіп өскендер, сол далада жол көшкендер бұл суретті айнымай таниды. Ақын мұнда дала үшін жалғыз ағаштың көрікті екендігін аша түседі. Сондай-ақ салт-дәстүр бойынша жолаушыға деп жанашыр, сезімтал қазақ халкының ағаш түбіне сақтаған сусын, ас-дәмі оның адамгершілік, адам сүйгіштік қасиетін асқақтата түседі.

Осыдан келіп, жалпы қазақтың жомарттығы, қонақжайлылығы біртіндеп толыға түседі. Ақын "біз жомарт, дарқан елміз" деп құр айғайлап айтпай, нәзік суреттейді. Өзіндік үнін танытады. Ал "Жер — глобус" өлеңінде айрықша ештеңе жоқ сияқты көрінгенімен, лирикалық кейіпкердің бала кезінде мұғалімнен жердің глобус сияқты екенін, оны сақтау керектігін естігеніне шегініс жасай отырып, оны даралай түседі: Жер емес, мұғалімнің басы маған, Бір қызық глобус боп елестейтін... — деген өзіндік ой-түйіндерімен көзге түседі. Өлең соңында кейіпкер есейеді, өзіндік көзқарасын саралай бар халықтарға тіл қатқан ақын үнін, даусын тыңдағандай боламыз. — Жер — өмір. Адам сонда бағын сынар, Алыссаң, жерді қорғап алысыңдар. Адамдар, глобусқа сақ болыңдар! Адамдар, таласпаңдар, табысыңдар! — деп, ақын кейіпкері жеке өмірін бар халықтар тағдырымен шебер ұштастыра білген. Бүкіл адамзатты бірлікке, тыныштыққа шақырады, оқушысына ой тастайды. Мұнда тұтастай бір кесек образды, суретті жеткізуге арналғаны анық байқалады.

"Ғашық көзбен" атты лирикалық кітабы үшін Ж.Молдағалиевқа Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді. Поэзиядағы ең негізгі қасиет — сөз тығыздығы, ой қалыңдығы, сыйымдылығы, айқындылығы болса, мұнда ақын шеберлігі біртіндеп таныла түседі. Ақын өлеңдерінде жалтыраған сөз қатары емес, әр сөз өзіндік мағына арқылы көрінеді: Ризамыз бүгінге, біз кешеге, Бір ғұмырды таныттық бірнешеге, Не тілесе туған ел — сол болдық біз. Бірде семсер, бірде орақ, бірде шеге. Осы шумақта бейбітшілік егінін, жемісін егу, "шеге" арқылы құрылыстағы еңбекті дәріптеу — бәрі үйлесе келіп, туған елге деген ақын сүйіспеншілігін таныта түседі.

"Тірілерге тіл қату монологы" жаралы жауынгердің өлім алдындағы жан сырын жеткізуге арналған. Соғыстың, арпалыстың, азаптың ортасында от оранып жатқан жауынгердің тіршілікке, жарық дүниеге құштарлығы оқушыны бей-жай қалдырмайды. Ажалмен арпалысқан жанға шипа болған, тыныс берген, асыл сезімді, махаббатты паш етеді. Бұл пенделік емес, адамзаттық асыл сезім, үзілген өмір қосқан сезім екенін айқындай түседі. Көптеген лирикалық өлеңдер жазған ақынның эпикалық талантының да жоғары екенін көреміз. Ол жазған поэмалар стильдік, жанрлық үлгілері жағынан әр түрлі және қазақтың эпикалық поэзиясын биікке көтеріп, жаңа сапамен байытқан туындылар болды.

Алғашқы поэмаларында — "Нұрлы жол", "Қызыл галстук", "Қиял қанатында" — ақын жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, еңбекке баулудың проблемаларын көтерді. Балалардың келешегі үшін, олардың болашағы әрқашан күн тәртібінен түспейтіні кімді болса да толғантар мәселе екенін ақын айқын, дәл суреттей отырып, жастарға үлкен сеніммен қарайды. Заман, дәуір шындығын шебер суреттеуде ақын жеткен табыстар аз емес. "Жыр туралы жыр" (1956) поэмасында ол эпикалық талантын көрсетуде жаңа қырынан таныла түседі. Мұса Жәлел өмірі қатты толқытқан ақын ерліктің сыры мен өмір шындығы жайлы сыр толғай білді. Батырдың бейнесін жан-жақты ашуда сезімталдығы, сыршылдығы адам ерлігі мен елге, жерге деген сүйіспеншілігімен астаса жырланады. Мұса Жәлел жырының рухын биікке көтеріп, асқақтата түседі.

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде табыстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен, Құрсағыма сыйдырам даланы мен. Пәк сәбимін бесікте уілдеген Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, — деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді. Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады. ...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым, Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым. Сансыз басты диюдай сан тіріліп, "Мен — қазақпын" дегенді айта тұрдым, — деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрьш" өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың ән-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді: ....Күй емес пе, ботасыз нар идірген? Ән емес пе, аққудай жар ілдірген? Жыр емес пе жүрекке жел бітірген? Олар барда қалайша тарылды іргем? — деп, қазақ халқының ән-күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Поэманың келесі бір шумағында ақын: Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді, Текке қанын төккен жоқ Аманкелді. Кең далаңда керіліп, атыңды атап, Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді... — деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті сақтауға үндейді. Елі үшін құрбан болған Әлия, Мәншүк, Төлегендерді жырына қосып, олардың ерлігін, олар бастаған жол, халық бақытының түп қазығы болғанын суреттей отырып, олардың ісін жалғастырушы бүгінгі ұрпақ екенін мақтан ете жырлайды. Мерейі өскен бүгінгі бақытты халқымыздың қуанышы жыр боп төгіледі. Бүгінгі таңда еліміз егемендік алып, осы азаттық жолындағы "мың өліп, мың тірілген" кездерді еске алғанда ақын арманы поэма шумақтарынан анық байқалады. Ұлы аманат етейік еркіндікті, Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті, Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең. "Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын: Мен — казақпын қаныммен, сүйегіммен. Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен, — ... Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып. Қазақстан гербі де, жалауы да, — деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдей түседі. Ақын өз жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады. Мен — казақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске — Айта бергім келеді, айта бергім, — деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезіліп, ақындық даңқын көтере түседі.

Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді.

Ж. Молдағалиевтің поэмалары бүкіл одақ көлеміндегі үздік еңбектердің қатарында бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық мінезі, сипаты терең ашылып бейнеленді

Пікірлер

.05.05.11 16:54

Көп рахмет

.05.02.12 17:32

Рахмет!

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: