Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 22.05.12 01:14Жиренше шешен
- http://electro-manual.ru/ Бытовая техника — техника, используемая в быту. Предназначается ради облегчения домашних...
- 21.05.12 17:24Жиренше шешен
- buy keflex - keflex buy online , http://www.formspring.me/ScottieWestland/q/322127389251351256#810 keflex buy online
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , xanax online Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Яхия Әубәкірұлы Әубәкіров

Яхия Аубәкірұлы Әубәкіров 1925 жылы 18 тамызда Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Ол Қарағанды облысының Ақбауыр ауылында орта білім алып, соғыс жылдары жеті жылдық ауыл мектебінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 1944-1946 жылдары кеңес әскерінің құрамында әкімшілік қызметтің қатардағы жауынгері болып қызмет атқарады.
1949 жылы ол М.Горький атындағы Омск мемлекеттік университетін жақсы бітіріп, С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) экономика факультетіне аспирантураға түседі. Осы кезден бастап өмірдегі және кәсіби жұмыстағы өзгерістерге қарамастан, болашақ академик Я.Ә.Әубәкіровтің ғылыми және педагогикалық қызметі Қазақстанның ең ірі оқу орнымен байланысты. Дәл осы ҚазҰУ-де еңбек еткен жылдары талапты әрі білімге құштар жас маман өзінің оқытушылық және ғылым саласындағы жетістіктеріне қарай алғашқы қадамдарын жасап, адамдармен араласу мен ынтымақтастық арқасында көп тәжірибе жинақтайды. Я.Әубәкіровтің ұстаздық қызметі мен ғылыми зерттеулері Қазақстандағы экономика ғылымдарының қалыптасу кезеңінде оның дамуына негіз болды.
ҚазҰУ-нің саяси экономия кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы кезеңдерінен өтіп, Я.Ә.Әубәкіров 1960 жылы осы кафедраның доценті атағына ие болды. Дәл осы 50-60 жылдары Яхия Әубәкірұлының педагогтік таланты танылып, шыңдала түсті. Ол Қазақстандағы экономика ғылымының дамуы мен жоғары білікті кадрларды даярлауға көп күш жігерін жұмсады. Доценттік қызметке әбден лайық бола отырып, Я.Ә.Әубәкіров экономикалық ғылымның теориясы мен тарихын зерттеуге жүйелі түрде әрі бұрынғыдан да үлкен қаркынмен кіріседі.
Ол әсіресе, ауыл шаруашылығының теориясы мен практикасын зерттеу саласында нәтижелі еңбек етті. Ұлы отан соғысы аяқталғаннан кейін Кеңес елі ауыл шаруашылығын дамытудың әлемдік тәжірибесінде сол мерзімге дейін болып көрмеген істермен айналысып, тың және тыңайған жерлерді қарқынды түрде игеруге кеңінен жол ашыла бастаған кезеңде кең далалы Қазақстан сондай істердің жүзеге асатын бірегей үлгісі болып табылды.
Қазақстандағы шаруашылық үдерістері көп жағдайда трансформацияға ұшыратқан және қайта құрған мұндай теңдесі жоқ эксперимент барынша мұқият зерттеуді қажетсінді. Я.Ә.Әубәкіровтің экономикалық теорияның осы саласындағы тәжірибесі мен білімі мол, сондықтан ол ешбір күмәнсіз іс жүзінде тікелей қолданылды.
60-шы жылдары экономика ғылымының Қазақстандық мектебі өте жылдам қарқынмен қалыптасып дами бастағаны мәлім. Академик С.Б.Баишев, ҚазССР–ға корр. мүшесі Г.Ч.Чуланов, профессорлар С.А.Нейштадт, И.М.Бровер, Ф.А.Жеребятьев, Т.Ш.Шаукенбаев, Т.Т.Төлебаев, М.Е.Бутин, В.Н.Пуриц, Г.Ш.Надиров, Д.Қ.Қабдиев, В.Г.Мордовин және т.б сияқты мықты ғалымдармен, оқытушылармен, Республикадағы экономика ғылымының негізін қалаушы ардагерлер мен қатар жұмыс істей жүріп, Я.Ә.Әубәкіровта экономикалық теорияны дамытуға өзінің елеулі үлесін қосты.
Дегенмен оның отандық экономика ғылымын дамытуға қосқан үлесі осы аталғандармен ғана шектелмейді. Келешегінен үміт күттіретін жас ғалым – педагог ретінде ол сол жылдары ҚазҰУ-дегі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру саласында да көп жұмыстар атқарды. Мәселен, Я.Ә.Әубәкіров бірнеше жыл бойы экономика ғылымдары бойынша кандидаттық диссертация қорғайтын мамандандырылған кеңес хатшысының міндетін атқарып, аспиранттар мен ізденушілердің кандидаттық ғылыми дәрежесін алып, кәсіби тұрғыдан өсу барысында алқалы топтың алдында өз көз қарастарын қорғай білуіне көмектерін аямады.
Я.Ә.Әубәкіров өзінің аграрлық мәселелерге арналған саяси экономикалық зерттеулер саласындағы ізденістерін кеңейтіп әрі тереңдете отырып «Социалистік ауыл шаруашылығындағы экономикалық заңдарды пайдаланудың мәселелері» атты тақырыпқа жазылған докторлық диссертациясын қорғауға шығарды. Диссертация 1972 жылдың наурызында ҚазССР Ғылым Академиясының экономика институтында сәтті қорғалады. Сол жылдардың желтоқсанында КСРО жоғарғы және арнаулы орта білім беру министрлігінің жанындағы Жоғары аттестациялау комиссиясы Президумының шешімімен Я.Ә.Әубакіровке экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
Оның мейрімділігі және айрықша дамыған әділет сезімі, өмірдегі көргендігі студенттер қауымымен профессорлар, оқытушылар құрамының оған деген шынайы сүйіспеншілігі мен терең құрметін туғызды. Оның қажырлы еңбегі мен ғылыми-педагогтік жұмысқа шын берілгендігінің арқасында көптеген студенттер ғылымға келіп практикалық экономика мен шаруашылық қызметті ұйымдастырудың әртүрлі аспектілерін меңгереді.
Я.Ә.Әубәкіров ұйымдастыру жұмыстары мен ғылыми педагогикалық қызметін ұштастыра отырып, қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми еңбектер мен оқулықтарды, оқу құралдарын дайындауға да белсене қатысты. Осы жылдары оның жазған экономика ғылымының теориялық мәселелері және аграрлық экономиканың қазіргі мәселелеріне арналған бірнеше монографиялық жұмыстар жарық көрді.
Ол көптеген ұжымдық еңбектерді даярлап шығаруға қатысты. Оған көптеген белгілі мамандарды қабілетті студенттерді, аспиранттарды, ізденушілер мен зерттеушілерді тартып отырды. Профессор Я.Ә.Әубәкіровтің ғылыми-методикалық еңбегінің өзіндік ерекшелігі – оның зерттеулерінің өзектілігі мен ғылыми жаңалығында, теория мен практиканың бірлігінде Қазақстандағы толық, нақты экономикалық даму мәселелерін, атап айтқанда Республика ауыл шаруашылығының мәселелерін талдап жинақтауда. Бұл ерекшеліктердің барлығы оның тынымсыз шығармашылық еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Я.Ә.Әубәкіровтің ғылыми зерттеушілік және ұйымдастырушылық еңбегінің нәтижесі Қазақстанның ғылыми ортасында танымал болды. 1975 жылы ол ҚазССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, 1989 жылы толық мүшесі болып сайланды.
Я.Ә.Әубәкіров қоғамдық қызметі мен еңбек жолындағы еңбегі мемлекеттік марапаттауға ие болды. 1970 жылы Қазақстан жоғары оқу орындары қызметкерлерінің ішінен бірінші оған «ҚазССР Жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері» деген құрметті атақ берілді. Ол КСРО медальдарымен, КСРО жоғары мектебінің үздігі белгісімен және ҚР президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен, Қазақ КССР Жоғарғы кеңесінің құрмет грамоталарымен, КСРО жоғарғы білім беру министрлігінің құрмет қағазымен марапатталды.
Ғылым саласындағы және оның жетістіктерін таратудағы еңбегі үшін Я.Ә.Әубәкіровтің аты Бүкіл Одақтық «Білім» Қоғамының алтын кітабына жазылды.
Академик Я.Ә.Әубәкіровті көптеген аймақтарда, бұрынғы Одақтың Республикаларында, алыс және жақын шетелдерде жақсы біледі. Ол үнемі ғылыми конференцияларға қатысып, дәріс оқыды, докторлық және кандидаттық диссертацияларға ресми оппонент болды.
Я.Ә.Әубәкіровтің ғылыми және педагогикалық қызметінің көп бөлігін оның ғылыми ұйымдастырушылық еңбегімен ұштастырады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының қабілетті ұйымдастырушысы және жетекшісі ретінде ол бірнеше жыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі мамандандырылған Кеңестің төрағасы болды.
Университеттің өміріндегі, Алматы қаласы және Республика өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласа отырып, Яхия Әубәкірұлы көп жылдар бойы Республикалық «Білім» Қоғамының экономика секциясының төрағасы болып істеді.
Академик Я.Ә.Әубәкіров өтпелі кезең экономикасының мәселелерінің, нарықтық қатынастардың қалыптасуын қарастыра отырып, әрқашан өзіндік пікірін білдіріп отырды. Нарықтық қатынастарды ерекше етіп көрсетпей, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған нарыққа өту механизмінің қызметі мен оның қалыптасуын мадақтамай, ол әрқашан өтпелі кезең экономикасында мемлекеттік тұрғыдан реттеп отырудың қажеттігін атап көрсетті.
Я.Ә.Әубәкіровтің Мемлекет иелігінен алумен экономиканың аграрлық саласын жекешелендіруге байланысты ұсыныстарының көпшілігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғылыми еңбектері жинағында басылды.
Я.Ә.Әубәкіров жас мамандарды дайындауға көп күш жұмсады. Оның шәкірттері – бұрынғы философия-экономика факультетіне қарайтын өзі басқарған саяси экономия кафедрасының, кейіннен 1991 жылы құрылған экономика және әлеуметтану факультетінің (қазір экономика және құқықтану институті) түлектері. Олар біздің Республикамызда және Шет елдерде қызмет етуде. Аспиранттары мен ізденушілеріне ғылыми жетекшілік жасаған жылдарында ол 40-тан аса ғылым кандидаттар мен докторларын дайындап шығарды. Олар Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде еңбек етуде.
Я.Ә.Әубәкіров беделді ғалым – экономист ретінде біздің елімізге ғана емес, сонымен қатар шет елдерге де танымал. Оның ғылыми байланыстарының географиясына, Шет елдердің ғылыми және білім беру орталықтарында жасаған баяндамалары мен жарияланымдарына тоқталсақ, алыс Шет елдердің өзінде: Германия, Чехия, Словакия, Венгрия, Болгария, Англия сияқты елдерді қамтиды. Сондай-ақ, ғылыми форумдарға қатысушы мүше және лектор ретінде ол АҚШ-та, Мексикада және т.б. елдерде болған.
Мысалы 1974 жылы Я.Ә.Әубәкіров Будапештте өткен экономистердің IV Халық аралық конгресіне қатысқан. 1982 жылы ол Болгария мен Германияның қалаларындағы университеттерде лекция оқиды. Ал 1989 жылы Мехико қаласындағы Халық Университетінде және Мексика Штатындағы басқа үлкен Университеттерде баяндамалар жасады. 1992 жылы Кентукки Штатындағы Университетте (АҚШ) Қазақстан Республикасының өзекті мәселесіне, оның халықаралық экономикалық ынтымақтастықтарының болашағына арналған баяндама жасады. 1994 жылы ҚазМУ-дың ректоры, проф. К.Н.Нәрібаев бастап барған делегацияның құрамында ол Англияға барды. Онда ол Ұлыбритания Университеттерінің бірқатар жұмыстарымен танысты. Қазақстан экономисттерінің ТМД елдеріндегі әріптестерімен жасап отырған байланысын қолдай отырып, Академик Я.Ә.Әубәкіров соңғы жылдарда Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Ташкент, Бішкек, Қарағанды және т.б. қалаларда өткен аймақтық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты.
Я.Ә.Әубәкіровтің еңбектері егемендік, саяси және экономикалық тәуелсіздік алған жас Республикамызға пайдалы болатынына күмәнсіз. Академик Я.Ә.Әубәкіровтің еңбектері жаңа оқулықтар жазу үшін де маңызды. Оның жетекшілік етуімен соңғы жылдары экономикалық теория бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін қазақ тілінде 3 оқулық дайындалып, басылып шықты. Ол жоғары оқу орындары арасындағы оқытушылардың жыл сайын өткізілетін ғылыми-методикалық конференциясына белсенді түрде қатысып, мерзімдік басылымдарда ой-пікірлерін білдіріп отырды.
Я.Ә.Әубәкіров қазіргі Қазақстандық экономика ғылымының қалыптасуы үшін қажырлы еңбек етті. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы жанындағы докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі мамандандырылған Кеңестің мүшесі, ҚР ЖАК-ында экономика ғылымдары бойынша сараптау комиссиясының төрағасы, ҚазМУ-дің Ғылыми Кеңесінің төрағасы, «ҚазМУ хабаршысы журналының экономикалық ғылымдар сериясында» редакциялық алқа мүшесі болды. Бұрыңғыша еңбектері Қазақстандағы экономикалық теорияның қалыптасуына негіз болатын жас ұрпақты қолдай отырып, докторанттармен аспиранттарға ақыл-кеңес береді.
25 жыл бойы Я.Ә.Әубәкіров Қазақстан Республикасындағы жетекші экономикалық теория кафедрасын басқарды. Оның жарты ғасырдан аса өмірі және қызметі еліміздің жетекші жоғары оқу орнының, Қазақстандағы жоғары экономикалық білім берудің дамуымен байланысты. Үлкен құрметке, сыйға бөленген Я.Ә.Әубәкіров тек үлкен өмірлік тәжірибеге ғана бай емес, сонымен қатар барлық өмір жолын шығармашылық еңбекке, қиын да маңызды міндет-Қазақстандағы экономика ғылымы мен практикасының маңызын құрайтын бірнеше мамандар тобын дайындап, тәрбиелеуге арнаған адамның адамгершілік қасиеттері өте зор.
Академик Я.Ә.Әубәкіров терең және жан-жақты зерттеу жұмысының ізденісіне бейімделген талантты ғалым. Мұның бәрі оның монографияларынан, оқулықтары мен теориялық-методикалық жинақтарынан көрінеді. Ғылыми және ұйымдастырушылық қабілетке ие бола отырып ірі ғалым-педагог ретінде өзінің жаңалыққа құштарлығымен қасындағыларға қуаныш сыйлады. Яхия Әубәкірұлының мол гумманизмі, мейірімділігі мен қарапайымдылығы, әрқашан тыңдап, көмектесуге дайын екендігі нағыз адамның ары мен ұятының эталоны және үлгісі бола алады.